Мектептің 2-даму жоспарымен танысу және талдау
Мұғалімдер арасында даму жоспары-2 таныстырылды. Мұғалімдер өз пікірлерін білдіре отырып талқылады. Жоспарды мақұлдап, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуіне келісім беріліп, бекітуге ұсынылды.
Персоналдарға арналған сауалнама қорытындысы Сауалнама барысында төмендегі әлсіз жақтар көрініс алды: -Мұғалім өзінің сыныптағы тәжірибесіне талдау жүргізуге уақыт арнайды;
-Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз мектеп жоспарында көрініс табады;
-Біз жоспарымызды бірігіп талдаймыз және өзгертеміз;
-Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесінде өзгеріс енгізер алдында оқушылар мен ата-аналардың пікірлерін ескеру;
-Мектептің дамыту жоспарына сыртқы ұйымдар мен жекелеген тәуелсіз тұлғалар тартылады
Қорытынды: Мектептегі оқыту сапасын, оқыту мен оқу шеңберіндегі өзгерістерді енгізер алдында оқушылар мен мұғалімдердің пікіріне құлақ түріп, мектептегі оқу сапасын талқыға салу керек. Мектеп басшылығы қызметкерлерін кәсіби дамытуды жүзеге асыруда алдыға мақсат қойып күрделі тапсырмаларды орындауда тәжірибелі қызметкерлерді, көшбасшыларды ортаға тарту керек.
ОҚУШЫЛАР САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Сынып туралы Әлсіз тұстары “Әзілді түсінеді” -22,5%
“Сіздің сезімдеріңізді көңіл-
күйіңізді түсінеді”-23,6%
Әлсіз тұстары “Оқыту әдістері жақсы” -10,4%
“Оқушылар бәсекеге қабілетті” 17,6%
Басымдыққа ие болған: “Мұғалім тұрақты және барлық уақытта бірдей ережеге сүйенеді” -68,8%
“Мұғалім әділ және барлық оқушыға бірдей қарайды”-54,4%
“Мұғалім сіздерге не істеу керектігін айтады” – 51,2%
Түйін: Әр мұғалім оқушылардың пікіріне мән беріп, ойын еркін айтуына көңіл бөлу керек. Оқытудың әдіс-тәсілдерін орынды қолдана отырып, бәсекеге қабілетті оқушыны дамыту жолында жұмыстану керек.
•Педагог қызметкерлер тұрақты және сапалық көрсеткіші жоғары;
• Оқу-тәрбие жұмысы жүйелі жолға қойылған;
• Мектепте жоғарғы тәртіп стандарты орнаған.
•Оқушылардың өз ойларын еркін ортаға салуын қамтамасыз ету;
• Мектептің оқу-тәрбие жоспарына оқушы мен мұғалімдердің пікіріне мән беру;
•Мұғалімдердің бірлесе жұмыс жасауына ықпал ету.
•Мектептегі оқыту мен оқу үдерісін сапасын көтеруге бағытталған қадамдар мен мақсаттарды жүзеге асыру.
•Оқушылардың үздік нәтижеге қол жеткізіп жағдайларын жақсарту үшін бірлесе жұмыс істеу арқылы мектеп қоғамдастығын құру.
Мықты жақтары: Әлсіз жақтары: Сауалнама нәтижесінде анықталған негізгі мәселелер Мектептің дамыту жоспарының басымдықтарын анықтау, тиімді қадамдар жасау, анықталған мектеп қажеттілігіне байланысты оқу үдерісін өзгертудің бағыттарын белгілеу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру. Ата-аналарды мектеп өміріне тарту арқылы, ата-аналар мен мектеп қызметкерлерінің бірлесу нәтижесінде жүргізілетін жұмысты жандандыру. Сауалнаманы тұжырымдай келе мектептегі тәжірибені жүргізуге өзекті мәселе етіп “кері байланыс беру арқылы бірлескен оқуды ұйымдастыру” тақырыбын таңдадым. Мүмкіндіктер Қорытынды