Зертханалық жұмыс №1,2
Тақырыбы– «Картамен жұмыс істеу»
Сағат саны 4
Мазмұны: Картамен жұмыс істеу тәсілдерімен танысу
Шартты белгілермен танысу масштабтарын талдау ұзындықтарды өлшеу нүктелердің тік бұрыштық және географиялық координаталарын анықтау
Егер нүкте горизонтальдың үстінде орналасса онда нүктенің биіктік мәні горизонтальдың биіктік мәніне тең, ал нүкте екі горизонтальдың арасында орналасса онда нүктенің биіктік мәнін табу үшін, горизонтальдардың пландағы немесе картадағы ара қашықтығын өлшейді, i=h/d формуланы пайдаланып еңістікті есептейді, h = ixа формуланы
Масштаб 1:1000 горизонтальдар 1 метр сайын сызылған.
Горизонтальдардың тік жазықтықтағы ара қашықтықтарын өлшеуге арналған масштаб.
а – еңістіктің бұрышын өлшеуге, б – еңістікті өлшеуге арналған.
Қолданып, керек өсімшені есептейді.
жазылған : a - нүкте мен , нүктеге жақын төменгі горизонтальдың ара қашықтығы;
d – горизонтальдардың пландағы немесе картадағы ара қашықтығы;
h - горизонтальдардың тік жазықтықтағы ара қашықтығы;
h - керек өсімше;
Нүктенің биіктік мәні, нүктеден төмен орналасқан горизонтальдың биіктік мәніне осы есептелген өсімшені қосқанға тең.
Сур. 4.8. Горизонтальдарды пайдаланып нүктелердің биіктік мәнін есептеуге арналған сүлбе,
горизонтальдар әрбір 2,5м сайын сызылған (а........г).
Мысалы: суреттегі К(сур.4.8.а) нүктенің биіктік мәнін есептеп табу үшін, осы нүктеге жақын орналасқан екі гоизонтальдың пландағы ара қашықтығын d-ны өлшейміз, осы екі горизонтальдың тік жазықтықтағы ара қашықтығын, 2,5м-ді шыққан мәнге бөліп еңістікті, i-ді табамыз. Шыққан i-ді a-ға көбейтіп керек h - ті табамыз. Н = Н + ixa ; i = 2,5/d;
Егерде нүкте биіктік мәндері бірдей горизонтальдардың аралығында, ойпаң жерде орналасқан болса нүктенің биіктік мәнін шамалап есептейді (сур.4.8,б), (сур.27,в,г), нүктелердің орналасқан орындары көрсетілген. Суреттегі К нүктенің биіктік мәні 138,8м; 128,8м; –ге тең. Қазан шұңқырдың ішінде 126,2м; – ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |