Азимут пен румбаның байланысы :.
Ширектер.
|
Азимут, градус(бұршыштық)
|
r (румба), градус;
|
I (СШ)
|
0........90
|
А
|
II (ОҢШ)
|
90.......180
|
180 - А
|
III (ОҢБ)
|
180 ..... 270
|
А - 180
|
IV (СБ)
|
270 ..... 360
|
360 - А
|
Тік бұрышты координаттар жүйесінде, сызықтардың бағытын абцисса Х - өсінің бағытымен байланыстырады. Х - өсінің солтүстік бағытынан бізге керек бағытқа дейінгі, сағат тілінің жылжитын бағытымен өлшенетін бұрышты, «дирекциялық бұрыш» – деп атайды. Дирекциялық бұрыш азимут тәрізді нөл градустан 360 градусқа дейін өзгереді.
Керек бағыттың дирекциялық бұрышын өлшемейді, есептеп табады . Дирекциялық бұрышты α. әрпімен белгілейді.
Егер керек бағыттың шынайы азимуты анықталған болса, суретте көрсетілген, шынайы азимут пен дирекциялық бұрыштың арасындағы байланысты пайдаланып (сур2.3. көрсетілген), суреттегі меридиандардың жақындауы g, шынайы азимут пен абцисса өсінің арасындағы М нүктедегі бұрыш, сызықтың М нүктесінің меридианы осы нүктеден өтетін абцисса өсіне паралель, дирекциялық бұрышты есептеп табуға болады:
α = А - g; Азимуттарға ұқсас дирекциялық бұрыштарды да бағыттың тура және кері дирекциялық бұрышы - деп айтады. МN сызықтың кері дирекциялық бұрышы:
α = α + 180 градус .
Сур. 2.2. Румбалар. Сур. 2.3. Бағыттың дирекциялық бұрышы мен
шынайы азимутының арасындағы байланыс.
Дирекциялық бұрыштардың румбаларын, шынайы азимуттың румбалары сыяқты есептейді, атайды. Бұрыштарды абцисса өсінің солтүстік, немесе оңтүстік бағытынан бастап есептейді.
Жіпке байлап іліп қойған магниттің тілінің бағытын магниттік меридиан - деп атайды.
Магниттік меридианның солтүстік бағыты мен бізге керек бағыттың арасындағы бұрыш-
ты магниттік азимут - деп атайды. Магниттік азимут сағат тілінің жылжитын бағытымен
өлшенеді нөл градустан 360 градусқа дейін өзгереді. Магниттік румбалардың магнттік ази-
мутпен байланысы шынайы азимуттың румбалармен байланысымен бірдей. Магниттік
полюс географиялық полюспен беттеспейтін болғандықтан, берілген нүктеден шыққан
бағыттың магниттік меридианы осы бағыттың шынайы меридианымен беттеспейді осы
екі меридианның арасындағы бұрышты магнит тілінің «ауытқу бұрышы» – деп атайды δ әрпімен белгілейді.
Магнит тілінің солтүстік ұшының шынайы меридианның бағытынан ауытқуын магнит тілінің шығысқа немесе батысқа ауытқуы - деп екі түрге бөледі. Шығысқа ауытқыған бұрыштың алдына +(оң) таңба, батысқа ауытқыған бұрыштың алдына -(теріс) таңба қояды (сур.2.4,а). Шынайы азимут пен магниттік азимуттың арасындағы байланысты мына формуламен көрсетеді А = А + δ. Осы формуланы қолданған кезде ауытқу бүрышының таңбасын ұмытпау керек. Егер ауытқу бұрышы δ және меридиандардың жақындасу γ, бұрыштары белгілі болса, МN бағыттың өлшенген А магниттік азимутын пайдаланып МN бағыттың α дирекциялық бұрышын есептеп табуға болады (сур.2.4,б) :
α = А + ( δ - γ);
жазылған: δ - γ магнит тілінің ауытқу бұрышы, меридиандардың жақындасу бұрышта-
ры ( бұл мәндерді топографиялық планды немесе картаны бағыттауға пайдаланады).
Жердің бетінің нүктелерің үстіне ілінген магнит тілінің ауытқулары әр нүктеде әртүрлі болады. Ауытқу бұрышының Ресей аумағындағы мөлшері 0 ... ± 15 градус арасында.
Сур. 2.4. Бұрыштардың арасындағы байланыстар.
а – магнитті азимут пен шынайы азимуттың, б – магнитті азимут пен дирекциялық бұрыштың.
Магнит тілінің ауытқуы тұрақсыз, тілдің: күнделік, жылдық, ғасырлық ауытқулары -
деп үш түрге бөледі. Ең жиі өзгеретін , күнделік ауытқу, 15 минутқа (градустық минут) дейін өзгереді. Магнит тілінің ауытқуы тұрақсыз болғандықтан, бағытты дәл көрсетпейді, сондықтан орындалатын геодезиялық жұмысқа талап жоғары болмаса аумақты буссольдің көмегімен бағыттайды.
Зертханалық жұмыс №5,6
Сағат саны 4
Тақырыбы – Картамен жұмыс істеу
Мазмұны: Картамен жұмыс істеу тәсілдерімен танысу Рельефті жер бедерін оқу биіктік тер мен өзара биіктік терді горизонтальдардың көмегімен өлшеу түзулердің еністігін /ылдыйлығын/ есептеу Ұзына бойлық қимасын профилін сызу Алаңдарды өлшеу
Достарыңызбен бөлісу: |