Зертханалық жұмыс №1,2 Тақырыбы


Картаға немесе планға еңістігі белгілі сызық сызу



бет2/5
Дата04.10.2024
өлшемі4,87 Mb.
#205644
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Картаға немесе планға еңістігі белгілі сызық сызу .
А және В нүктелердің арасын еңістігі 0,09м-ден аспайтын жолмен қосу керек.Топырақты үю немесе жерді қазу жұмыстарының көлемі аз болуы міндетті(Сур.4.9.). Жұмысты горизонтальдардың тік жазықтықтағы ара қашықтығының масштабын пайдаланып орындауға болады. Өлшеуіштің (циркульдің) екі ұшын масштабтағы 0,09 аралығымен беттестіріп, картаға немесе планға (суретте көрсетілгендей) 1......7 нүктелерін саламыз, егер инелердің ұшының арасы гоизонтальдарға жетпесе, екі горизонтальдың арасын ең қысқа түзумен қосамыз (горизонтальдарға тік сызықпен). Пайда болған нүктелерді түзу сызықпен қосып жолдың жобасын аламыз.
Егер горизонтальдардың тік жазықтықтағы ара қашықтығының масштабы болмаса, қолдағы планның немесе картаның масштабын анықтаймыз. Жолдың басының биіктік мәні мен жолға жақын горизонтальдың биіктік мәнінің айырмашылығын есептейміз, мына формулаға салып d = h : i; планға немесе картаға сызылу керек ұзындықты есептейміз. Шыққан мөлшерді масштабқа бөліп өлшеуіштің инелерінің аралығын табамыз. Өлшеуіштің инелерінің аралығын осы аралыққа теңестіреміз. Өлшеуіштің бір инесін жолдың басына түйреп екінші инесін жақын горизонтальдың үстіне түйрейміз. Планда немесе картада горизонтальдардың неше метр сайын сызылғандығын анықтап, жазылған формуланы қолданып өлшеуіштің инелерінің аралығынның қандай мөлшерге тең болу керектігін есеп-

Сур4.9. Еңістігі белгілі сызықты картаға немесе планға сызу сүлбесі.

тейміз.Өлшеуіштің инелерінің ұштарын шыққан аралыққа теңестіріп горизонтальдағы иненің тірелген жеріне өлшеуіштің бір инесін тіреп, екінші инесін келесі горизонталдың үстіне түйрейміз(өлшеуішпен қадамдаймыз), осы ретпен жалғастырып В нүктеге барамыз. Егерде инелердің аралығы горизонтальдардың аралығынан кіші болса, сызықты В бағытқа, горизонтальмен қыйлысқанға дейін созамыз, инені осы нүктеге түйреп жұмысты жалғастырамыз. Белгіленген нүктелердің басын сызықпен қосып, жолдың сызығын аламыз.


Мысалы: Горизонтальдар әрбір бір метр сайын сызылған, масштабы 1:5000 топографиялық планға, еңістігі 0,02 сызық сызу керек. Жолдың басының биіктік мәні, 161,66м; Жолдың аяқталатын жері планда, В нүкте арқылы, көрсетілген. Тапсырманы орындау үшін:
1. Топографиялық планның масштабын анықтаймыз,қағаздың бетіндегі бір сантиметр жердің бетіндегі неше метрге тең екендігін есептейміз.Біздің мысалда елу метрге тең.
2. Жолдың басына жақын орналасқан горизонтальдың биіктік мәнін анықтаймыз, біздің мыса- лда 162,0м.
3. Биіктік мәндерді бір бірінен аламыз 161,66 – 162,00 = 0,34м; өсімшені – h – ты табамыз.
4. Шыққан мәнді берілген еңістікке бөлеміз, d – ны, аралықты табамыз.Бізде: 0,34 : 0,02 = 17м;
5. Шыққан мәнді масштабқа(метр өлшемдегі) бөлеміз, қағазға неше сантиметр сызу керектігін табамыз.Бізде 17 : 50 = 0,34см; немесе 0,34х10 = 3,4мм;
6. Өлшеуіштің инелерінің аралығын, сызғыштың көмегімен 3,4мм – ге теңестіреміз.Өлшеуіш- тің инесінің біреуін жолдың басына, 161,66м – ге түйреп екінші инесін 162м горизонтальдың үстіне түйрейміз.Егерде ине 162м. горизонтальға жетпесе, жолдың басы мен аяғын сызғыш- пен қосып, карандашпен, жолдың басы мен горизонтальды, түзу сызық арқылы қосамыз.
7. Горизонтальдың тік жазықтықтағы ара қашықтығын еңістікке бөлеміз, d – ны табамыз. Біз- де 1,0 : 0,02 = 50м;
8.Шыққан мәнді масштабқа бөліп,d – ны, қағазға неше сантиметр сызу керектігін табамыз.Біз- де: 50 : 50 = 1см;
9 Өлшеуіштің инелерінің аралығын, сызғыштың көгімен 1см – ге теңестіреміз.Өлшеуіштің ин- есінің біреуін,алдыңғы белгіленген 162м.горизонтальдағы нүктеге түйреп, екінші инесін 163м. горизонтальға түйрейміз.Егерде ине 163м. горизонтальға жетпесе, 6 – шы пунктте орындалған жұмысты қайталаймыз.
Жұмысты осындай ретпен орындап, В нүктеге жетеміз.Сүлбеге қараңыз.



Сурет. 4. 10. Планға еңістігі белгілі сызық сызу(сүлбе).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет