Зертханалық жұмыс №1,2 Тақырыбы


Картаға немесе планға сызылған сызықтың пішінін сызу



бет3/5
Дата04.10.2024
өлшемі4,87 Mb.
#205644
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Картаға немесе планға сызылған сызықтың пішінін сызу.
Сур 4.11. көрсетілген сызықтың пішінін сызу керек. Пішінді сызу үшін, сызықтың гори-
Сур. 4.11. Сызықтың пішінін тұрғызуға арналған сүлбе (мысал).

зонтальдармен қыйылысатын нүктелерінің 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, және сызықтың бойындағы, жердің бедерінің 3, 6, 8, (ерекше жерлерінің) биіктік мәндерін есептейміз. Сызықтың басының А және аяқталған жерінің В биіктік мәндерін есептейміз. Қағаздың парағының бетіне картаның немесе планның масштабымен сәйкес масштабпен АВ сызығын сызамыз. А нүктеден жоғары бағытта, АВ сызығына 90 бұрышпен түзу сызық сызамыз, сызықты суретте көрсетілгендей, әрбір бір сантиметр сайын белгілейміз. Әрбір белгінің тұсына биіктік мәндерін жазамыз.



Сур.3.4. Шартты белгілер:
а – аумақтық, б – сызықтық, в – масштабтан тыс, г – арнаулы; 1 – орман, 2 – орманның кесілген аумағы, 3 – көгал, 4 – егістік, 5 – жыртылған аумақ, 6 – жеміс бағы, 7 – машина жүретін жол, 8 – темір жол, 9 – сым байланыс жүйе, 10 – электр тоғы жүретін жүйе, 11 – газ құбыры, 12 – ағаштан салынған көпір, 13 – жел диірмен, 14 – зауыд, фабрика, 15 – қашықтықты көрсететін бағана, 16 – геодезиялық белгілер, 17 - құбырлар, 18– су құбыры, 19- лас су құбыры, 20 – ауыз су құбырының краны, 21 – фонтан .


Зертханалық жұмыс №3,4
Сағат саны 4
ТақырыбыКартамен жұмыс істеу
Мазмұны: Картамен жұмыс істеу тәсілдерімен танысу
Бағдарлау бұрыштарын өлшеу/ шынайы мен магниттік азимуттарды дирекциялық бұрыштарын және румбларды өлшеу/

Геодезиялық жұмыстарды орындау, карталармен , пландармен жұмыс істеу барысында жұмыс орындалатын аумақты бағыттау, аумақтың жердің бетіндегі орнын анықтау жұмыстары орындалады .
Жұмыс орындалатын аумақтың жердің бетіндегі орнын анықтау үшін, аумаққа жаңадан бекітілген геодезиялық қазықтарды аумақтағы бұрынғы геодезиялық қазықтармен байланыстырады , жаңа геодезиялық қазықтардың координаттарын бұрынғы геодезиялық қазықтардың координаттарымен бір жүйеде есептейді.
Аумақты бағыттау үшін аумаққа орналасқан бізге керек сызықты аумақта бар бекітілген геодезиялық қазықтармен байланыстрып сызықтың бағытын өлшейді.
Жаңадан бекітілген геодезиялық қазықтардың географиялық координаттарын анықтау, магінитті азимутын анықтау, шынайы азимутын анықтау, бағыттардың дирекциялық бұрышын есептеу жұмыстары да аумақты бағыттау жұмыстарына жатады.
Меридианның солтүстік бағыты мен бізге керек М N бағытының арасындағы бұрышты «азимут» – деп атайды (сур2.1). Азимут сағаттың тілінің жылжитын бағытымен өлшенеді нөл градустан 360 градусқа дейін өзгереді. Өлшеуі шынайы меридианнан басталатын азимутты «шынайы азимут» -деп атайды.



Сур. 2. 1. Азимуттар.


Геодезияда сызықтың тура және кері бағыты - деген түсініктер бар. М N сызығының тура бағыты М нүктеден N нүктеге қарағандағы бағыт – деп айтсақ , осы сызықтың кері бағыты NM, N нүктеден М нүктеге қарағандағы бағыт. Сондықтан А бұрышы МN сызықтың М нүктедегі тура азимуты, ал А осы сызықтың N нүктедегі кері азимуты.


Меридиандар жердің полюстерінде түйісетін болғандықтан нүктелердің меридиандары бір біріне паралель емес, екі нүктенің меридиандарының арасындағы бұрышты «жақындасу бұрышы» - деп атайды, g әрпімен белгілейді . Меридиандар бір біріне паралель болмағандықтан кері және тура азимуттар бірдей болмайды, айырмашылық ме- ридиандардың жақындасу бұрышына тең болады.
Екі азимуттың бір біріне қатынастылығын мына формула арқылы көсетеді:
А = А + 180 + g ;
Сызықтың шынайы азимутын гиротеодолиттің көмегімен астрономиялық бақылап анықтайды .
Сызықты жердің бетінде бағыттау үшін, азимуттың орнына румбаларды қолдануға болады (сур.2.2). Меридианның солтүстік, немесе оңтүстік бағыты мен бізге керек бағыттың арасындағы сүйір бұрышты бағыттың «румбасы» - деп атайды. Румбаны r әрпімен белгілейді. Румбаның есімдері бар. Румбаның есімі бағыттың орналасқан ширегіне сәйкес. Бірінші ширекте орналасқан бағыттың румбасының есімі – СШ; екінші ширекте орналасқан бағыттың румбасының есімі ОҢШ; үшінші ширекте орналасқан бағыттың румбасының есімі ОҢБ; төртінші ширекте орналасқан бағыттың румбасының есімі СБ. Румба 0 – 90 градусқа дейін өзгереді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет