Ең бірінші петроглифты тапқан адам – Марселино де саутуола
Таңбалы тас
Тарихнамасы
Петроглифтер туралы ілімнің даму тарихы да ерте кезеңге барады. XI ғасырда өмір сүрген белгілі оқымысты әл- Бируни қимақтар елінде, жергілікті тұрғындар табынатын жұмбақ суреттер бар екендігін айтқан.1 Жартастағы бедерлер ортағасырлық саяхатшыларға, зерттешілерге де белгілі болған. ХҮI ғасырдың бірінші жартысында Ф. Страленберг, Д. Мессершмидт, И. Гмелин, г. Миллер секілді ғалымдар Қазақстан жеріндегі петроглифтер, жазулар жайлы азда болса айтып кеткен. Біршама уақыттан кейін ресейлік және батыс- европалық П. Рычков, В. Радлов, П. Паллас сында басқа да көптеген ғалымдар еңбектенген. Әсіpеce, Орыс Географиялық Қоғамының Батыс -Сібір бөлімі мен Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің қазақстан жеріндегі көне мәдениет ескерткштерін зерттеуде еңбегі зор еді. Аталған ұйымдарда қызмет еткен А. Адрианов, В. Каллаур, И. Пославский сияқты белсенді ғалымдардың осы петроглифтерді зерттедегі жүргізген жұмыстары, бейнелері тек суреттеумен шектелсе де, айрықша деп айтуға тұрарлық.