Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;
Күтілетін нәтиже:
Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі, ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуға дағдыланады.
Құндылықтарды дарыту:
Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.