Понораммалық Сабақ



Дата11.04.2023
өлшемі16,88 Kb.
#174231
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word, 9 сын 2023-2024ж

Понораммалық Сабақ
Сабағымда оқытудың ұйымдастыру формаларының жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасау түрлерін пайдаланамын. Мұғалім бұл уақытта топпен үйрену деңгейіндегі материалын жан-жақты зерттейді. Мұндай сабақ оқушылар тобының сабақтан жалығуына , бос отыруына мүмкіндік бермейді, керісінше жеке тапсырмамен жұмыс жасауға жағдай жасайды. Сонымен берілген, оқушының жұмысы ұтымды екпініне жетеді; үйренудің деңгейлі жетістігіне оңай жетеді; оқушының бүкіл сабақ бойы белсенділігі мен қызығушылығы артып отыратынын байқауға болады. Сабақта, сабақтан тыс кезде оқушылардың шығармашылықпен айналысуына, өз бетінше есептерді орындауына мүмкіндік жасауымыз керек. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату.
Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін айта келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсиби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды қолдана алуы басты мәселе. Әрбір ұстаздың мақсаты –оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру, әрбір оқушыны жан-жақты құзыретті етіп тәрбиелеу. Информатика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. Қазіргі уақытта Информатика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан Информатика оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет. Оқыту үрдісінде оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, оқу материалын игерудін тиімді жолдары мені жаңа материалды баяндауда барлық жаңа технологиялар, әдістер қазіргі ақпараттық технологиялар мұғалімге оқытуды жоғары деңгейге жетуіне мүмкіндік береді. Педагогикалық оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше жолдары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі қолданып жүрген әдіс-тәсілім мынадай: күнделікті сабақтарымда электронды оқулықтартарды, (jeopardylabs.com жаппардилабс) , (flippity -плиппити) (thinglink -синглинг) (renderforest-рендефорст) / призентациялар мен анимацияларды, интернет желілерін, ұялы телефонның өзінен интернетке кіріп түрлі ақпараттарды алып оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамын. Үйге берілген тапсырмалардың өзін электронды почта және т.б. қазіргі жаңа технологияларды қолдану арқылы алыстан оқушылармен ақпарат алмасып, тапсырмаларын бірге талдап, түсінбеген сұрақтарына жауап беріп отырамын.

Мен бүгінгі сабақымды Жаңа әдістерді қолданып жасадым, сабақ барысында ең басты тұлға оқушы екенін көрсетеді, негізгі мақсаты тек оқуда емес өмірдеде ойлау қабілетінің дамуына өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатындай тұлға қалыптастыруға, жаңа ақпараттармен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға және құбылыстарды жан жақты талдап, саралай білетін тұлға қалаптарстыру болып табылады. Сабағым негізгі ІІІ бөлімнен тұрады.


І бөлім 1.Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту мақсатында шарды мен оқушыларға жақсы тілек айтып алдымдағы оқушыға беремін және сол шарды келесі оқушыға беріп тілек айтып соңғы оқушыға дейін жалғастырда «Сызықтық алгоритм» орындалады жақсы тілекті айтып аяқтайды.
2. Жаңа тақырып ашу мақсатында 3 сурет 1 тақырып -деп жасырамын, оқушылар бүгінгі тақырып және оның мақтасын табатын болады. (flippity -плиппити) ордасында Random әдісімен топқа бөлуде уақыт үнемдеуге болады.
Келесі әдісі оқушыларды (jeopardylabs.com жаппардилабс) ордасында викториналық сұрақтар, өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» қолданылды мұнда сұрақтар балмен қолдандым 1сұрақ бір бал, бұл бөлімде оқушының жылдамдығы есте сақтау қабілеті ой ұшқырлығын артыруға болады.
ІІ бөлім
1. Жаңа сабақ мұғалім түсіндірілу видео интернеттен алдым. Жақсы оқушылар деп тақтаға бір есеп шығарып мысал көрсетіп әр топқа 1 есеп.
2.Сергіту сәті «Орныңда биле» деп бірге жасау қол, көз иық қимыл қозғаластар болады.
3. Келесі тапсырмаға joyteka.com ордасында жаңа сабақ бойынша тест тапсырмаларын орындатып келесі бөлім.
ІІІ бөлім Рефлекция 3 қалам әдісі.
Керібайланыс баспалдақ 7-8-9-10 балдарымен оқушы өзін бағалайды, бұл әдіс өзін- өзін бағалайды, Сонымен мен өз мақсатыма жеттім, оқушыларыма бар ынта жігеріммен түсіндірдім оқушыларымның өзін өзі бағалауымен сұрақтарға жауап беруімен сабағымның қандай деңгейде болғанына көз жеткізіп бұдан әрі оқушыларымды жетелеп талпындырамын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет