Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері. Харди-Вайнберг заңы. Гендер дрейфі. Дәрістің мақсаты: Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздерін қарастыру. Харди-Вайнберг заңын талдау. Гендер дрейфі дегеніміз не? Сұрақтар: Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері
Харди-Вайнберг заңы.
Гендер дрейфі.
Популяциялық генетика— тұқым қуалаушылық құбылысын топ дактарда яғни популяцияда зертейтін генетиканың бөлімі. Генетик - популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын және осы құрылымның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді.
Эволюция процесін зерттегенде, біз популяцияда жүретін генетикалық процестерді қарастырамыз. Генетикалық тұрғыдан эволюция дегеніміз - белгілі популяциядағы гендер жиілігінің өзгеруі. Сондықган да популяциялық генетиканы эволюциялық генетиканың бір бөлігі ретінде де қарауға болады. Бірақ бұл екі бөлімді әйтсе де жеке бөлу қажет, өйткені популяциялар генетикасының зерттеу тақырыбы нақты түрдің популяциялары болса, ал эволюциялық генетиканың тақырыбы болып бір немесе әр алуан түрлерге жататын кез келген популяция саналады.
Жеке алынған дарақ эволюциялық процестің бірлігі бола алмайды, себебі оның генотипі өмір бойы өзгермейді және де оның өмір сүру уақытысы шектелген. Сонымен эволюциялық процестің қарапайым бірлігінің негізін жеке организм емес популяция құрайды. Популяция дегеніміз белгілі ареалды мекендейтін, өзара еркін будандаса алу қабілеті бар бір түр ішіндегі организмдер тобы болып саналады. Популяциялар үздіксіз ұрпақтардың қатары болып табылады. Бұдан басқа, популяцияның генетикалық құрылымы өзгеруі мүмкін яғни ұрпақтан ұрпакқа эволюция жолымен дами алады.
Мал шаруашылығында популяция деп белгілі санымен және нақты ареалда таралумен сипатталатын мал тобын түсінеді. Мұндай популяция басқа популяциялардан генетикалық құрылымымен, өнімділік сапасымен тағы басқа белгілерімен айырмашылығы болады. Популяция малдың белгілі бір тұқымынан құралуы мүмкін, егер шаруашылық сол тұқыммен ғана айналысса, сонымен қатар популяцияның құрамына әр түрлі тұқымдар кіруі де мүмкін. Әдетте популяция - тұйықталған топ, себебі малды басқа популяциядан шеттен әкелу және шетке шығару шектелген, өйткені көпшілік жағдайда популяциядағы малдардың көбеюі, сол популяциядағы аналық жөне аталық малды жұптау арқылы іске асады. Белгілі бір популяцияның басқа популяциядан генетикалық құрамы бойынша айырмашылығы болады. Мәлім популяцияға дарақтардың барлық гендерінің жиынтығы генофонд деп аталады.
Популяциялардың қалыптасуы эволюциялық негізі үш фактор - тұқым қуалаушылық, өзгергіштік жөне сұрыптау арқылы іске асады. Популяцияның қалыптасуы кезінде пайда болатын эволюциялық өзгерістер микроэволюция деп аталады.
Популяциялардың екі түрін - табиғи жөне жасанды - ажыратады. Табиғи популяцияның генетикалық құрамы негізінен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде анықталса, ал жасанды популяцияның қалыптасуы адам арқылы жүретін қолдан сұрыптау арқылы іске асады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығындаөсірілетін малдар тұқымын алуан түрлі жасанды популяциялар ретінде қарауға болады.
Генетикалық құрылымы жағынан популяцияға қарама-қарсы түсінік - таза линия. Өздігінен тозаңданатын жеке өсімдіктің ұрпақгары таза линия болып саналады. Әрине мұндай будандастырудан алынған дарақгар бір-бірімен генетикалық құрамы жағынан айырмашылығы жоқ болады деп санауға болады, өйткені олар популяцияға қарағанда толық гомозиготалық генотиппен сипат-талады. Мал өсіруде таза линия алу қиын, себебі ұрпақгың гомозиготалық дәрежесін жоғарылататын туыс малдарды шағылыстыру инбредті депрессияға соқгырады. Сондықган мал шаруашылығы практикасында таза линия алуға тырыспайды, мал тұқымын асылдандыру әр уақытта популяцияда жүреді. Ал лабораториялық жануарлардың (тышқан, егеуқүйрық т.б.) жоғары гомозиготалы линияларын алудың генетикалық тәжірибелер үшін маңызы зор. Мысалы, жаңадан алынған вакциналардың, мутагендердің және т.б. препараттардың организмге әсерін генетикалық біркелкі дарақтарға (линияларға) енгізу арқылы анықгау өте ыңғайлы.
Сонымен популяциялық генетика тұқым қуалаушылықтың кәдімгі механизмімен айналыспайды, бірақ ол, осы механизмнің популяцияның эволюциясында атқаратын рөлін, Мендель заңдарының популяция деңгейінде іске асуын және қарапайым эволюциялық факторлардың популяцияның генетикалық құрылымына әсерін зерттейді.