Популяциялар генетикасы



Дата19.03.2022
өлшемі2,46 Mb.
#136070
Байланысты:
Ибадуллаева Мөлдір 1701-10 экология


Популяция санының ауытқуы. Гомеостаз. Түр санының ауытқуы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Жаратылыстану факультеті
Дайындаған: Ибадуллаева М.Ж
Тобы: 1701-10
Қабылдаған: Айдарбекова А.С
Шымкент, 2022 жыл
Популяция санының ауытқуы. Гомеостаз. Түр санының ауытқуы
Жоспары:
1. Популяция туралы жалпы мағлұмат.
2. Популяцияның құрылымы мен түрлері.
3. Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.
4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
5.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.
Популяцияларға әсер ететін факторлар
Популяциятіршілік ортасы және бейімделу қабілеті бірдей, бір-бірімен еркін шағылысып, ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дараларды айтады.
Популяция
дарақтар - биологиялық бір түр
Тіршілік орта
шығу тегі
генофонд (еркін шағылысады)
ортақ
Популяция (латын тілінде халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы.
Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы.
Реттеуші фактор популяциялық гомосстазды туғызады. Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым-қатынасы жатады.
Жемтіктің көп саны жыртқыштардың көбею жағдайына себеп болады. Реттеуші факторлар түраралық фактор және түрішілік ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді.
Популяцияның өсуі
Популяция өсімі оң және теріс болуы мүмкін. Адамдардың табиғи өсімі Ресейде 1990 ж +2,2 (туылым 13,4; өлім – жітім -11,2).
1991ж + - 0,7 1992ж - -0,8
XVII ғасырда популяцияның санының өсуі геометриялық прогресс заңымен өсетіні белгілі болған, ал XVIIІ ғасырдың аяғында Томас Мальтус халықтардың геометриялық өсуі жөнінен өзінің әйгілі теориясын ұсынды. Қазіргі математикалық тілмен айтқанда организмдердің экспонциалды өсуі. Экспоненциалды өсу дегеніміз -өзгермейтін тұрақты жағдайларда популяция особьтерінің сандарының өсуі. Ұзақ уақыт бойы тұрақты, өзгерусіз сақталатын жағдайлар табиғатта мүмкін емес. Егер бұлай болмаса, мысалы, әдетте бактериялар органикалық заттар массасын 2 сағат ішінде бүкіл жер шарын 2 метр қалыңдық қабатпен жаба алар еді. Бірақ табиғатта бұл жүзеге аспайды, өйткені көптеген шектеуші факторлар кездеседі. Популяция өсуі өлім - жітім мен туылым арасындағы айырмашылық.
Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды.
Гомеотаздың қасиеттері:
Тұрақсыздықжүйелер: қалай бейімделудің жақсы екенін тексереді.
жүйелердің бүкіл ішкі ұйымдастырылуы тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.
Ағзадағы микроэлементтер мен судың мөлшерін реттеу – осморегуляция
Болжамсыздық: белгілі бір әрекеттің нәтижесі күтілгеннен жиі өзгеше болуы мүмкін
Қандағы глюкоза деңгейін реттеу
Метаболикалық қалдықтарды жою - экскреция.
Канададағы солтүстік бұғылардың
екі үлкен популяция территориясы.
Бір түр –
екі популяция.
Популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс.
Популяция терминін 1903 ж. дат биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты.
Популяция - дарақтар тобы
Популяцияның негізгі сипаттамалары
саны
тығыздық
жыныстық құрам
өсу қарқыны
өсім
жас құрамы
өлім-жітім
Әр популяция өзіне ғана тән статистикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статистикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипаттамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады.
Қызанақтың әрбір сорты – өзінің гендік қорымен (генофонд) жеке популяция
Популяция

дарақтарын

топтарға бөлу

тұқымтоп
табын
топ
тұрақты үйір (прайд)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет