Алкогольды психоздар – әртүрлі клиникалық көріністермен және психикалық бұзылыстармен алкоголизмнің II және III стадиясында дамитын ауру.. Соңғы жылдары созылмалы алкоголизмнің, алкогольді психоздардың даму дәрежесі өсуде. Алкогольді психоздардың дамуы алкоголь пайдаланылатын адамдардың арасында орташа алғанда 10% кездеседі.
Этиологиясы
Этиологиясы
Алкогольды психоздың дамуы тікелей және оны ұзақ қабылдағанынан емес, зат алмасудың бұзылысы мен өнімдерінің ыдырауы әсерінен болады. Кең таралған психоздарға –алкогольды делирии және галлюциноздар жатады. Әсер ететін себептерге жарақат, жедел инфекциялық ауру, жедел улану, соматикалық патологиялар, стресстер жатады. Қазіргі кезде негізгі рөл ойнайтын факторлар: эндогенді және экзогенді интоксикация, зат алмасу бұзылыстары, иммундық өзгерістер. Психоздар созылмалы алкоголизмнің 2-3стадияларында гомеостаздың бұзылысымен дамиды.
Патогенезі
Патогенезі
Алкогольді қолданған кезде Орталық Жүйке Жүйесіндегі зат алмасу үрдісін бұзады.Алкоголь ГАМК жүйесінің қызметіне және N – метил- Д-аспарагин қышқылына әсер етеді. ГАМК – нейротрансмиттер, сыртқы сигналдарға нейронның сезімталдығын төмендетеді. Бір реттік қолданылған алкоголь ГАМК-рецепторының белсенділігін жоғарылатады, созылмалы алкогольді интоксикация сезімталдықтың төмендеуіне және Орталық Жүйке Жүйесіндегі ГАМК деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Орталық Жүйке Жүйесіндегі негізгі қозушы нейротрансмиттерге –глутамат. Жүйке жүйесінің қозуына N – метил- Д-аспарагин қышқылының әсер етуі, тырыспаларға әкелуі мүмкін. Бір реттік қолданылған алкоголь N – метил- Д-аспарагин қышқылының рецепторының белсенділігін ингибирлейді,ал этанолды жалпылай қолданғанда жоғарылайды. Алкогольді АС дофамин,эндорфин,серотонин,ацетилхолин алмасуына әсер етеді.