- №35М.Мәметова атындағы жалпы мектеп
- 5 “Б”– сыныбына арналған
- АШЫҚ САБАҚ
- Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
- Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашығады, жейтін тамақ таппайды
- Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
- Қыршыныңнан қиылғыр, Төстік! Менің жалғыз балама әлің жеткенше, айдалада тентіреп өлген сегіз ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай ма? -дейді.
- Кемпірдің сөзі Төстікке ой салады. Шешесінен ағаларын сұрайды. Шешесі енді шынын айтады:
- - Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ, қайда жүргендерін білмейміз, - дейді. Төстік ағаларын іздеу қамына кіріседі. Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, Төстік жолға шығады. Беліне садақ байлап, қолына темір таяқ алады, аяғына етік киеді. Ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды. Жолдасы да - садағы, азығы да - садағы, жолында кез келген аңды атып жеп отырады. Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінеді. Өлдім-талдым деп келіп, белге шықса, қарауытқан қалың жылқы көрінеді, жылқының ар жағында ел көрінеді. Жылқыға келсе, жылқының ішінде тігулі қара қос тұр. Қосқа кірсе, асулы мосы, ілулі бақыр түр.
Қазақтың халық ауыз әдебиеті - Қазақтың халық ауыз әдебиеті
Ерназардың ұлдарының елге оралуы - Биенің шыңғырған даусына шұрқырасып қалың жылқы жиналады. Жылқы әбден жиналып болды деген кезде, Төстік биені тұрғызып алады да, жетектей жөнеледі. Сонда қалың жылқы өз беттерімен бұлардың соңынан шұбай жөнеледі. Енді ешқайсы да жылқы айдап әлек болмайды, күрең биені жетектеп жүреді де отырады. Қалың жылқы шұбырып ереді де отырады. Судың тұнығын іше-іше, шөптің сонысын жей-жей, талай асқардан асып, шөлді басып, Төстігі бастап, Ерназардың сегізі аман-есен елдеріне келеді
Ерназардың ұлдарының елге оралуы Тоғыз ұлды үйлендіру - Ерназар келіндерін алып қайтуға тоғыз ұлымен сапарға шығады. Жолда бұларға перінің қызы Бекторы кездеседі, ол Төстікті көріп, ғашық болады. Төстікті Кенжекейден айырып қалу қамына кіріседі. Ерназар тоғыз ұлымен Кенжекейдің ауылына барып, көп уақыт жатады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын істетіп, келіндерін алып, еліне қайтпақшы болады. Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп, көп жасаумен ұзатады.
Төстіктің жер астына түсуі - Құба інген жоқ. "Құба інген жоқ", - деп атасына хабар береді. Ерназар ат ерттеп мініп, Құба інгенді айнала қарап жүрсе, анадай жерде тұрған Құба інген көрінеді. Қасына келсе, бұйдасы бір көкпекке оралып қалған екен. Жанында бір тал бар екен, талдың түбінде жарбиған бір жаман кемпір отыр.
- - Шеше, шеше! Ана түйенің бұйдасына қол жалғап жіберші, - дейді Ерназар.
- Кемпір сонда:
- -Тұрсам, отыра алмаймын, шырағым, отырсам, тұра алмаймын, шырағым! Әперуге әлім жоқ, нашар адаммын, - деп мүләйімсиді.
- Кемпірдің сөзіне нанып, бұйданы іліп алайын деп еңкейе бергенде, Ерназарды кемпірекең шап беріп жағадан ала кетеді. Алдап отырған жалмауыз кемпір екенін Ерназар енді ғана біледі.
Ер Төстік және оның адал достары кімдер! Шойынқұлақ пен Ер Төстік - Сол кезде Шалқүйрыққа тіл бітіп:
- - Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қалдырып, өзің ордаға кіресің. Ордаға кіргеніңде, есіңде болсын: екі босағадан, екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, олар - жылан Бапы ханның есігін күзеткен құлдары. Төр алдына бара бергеніңде, екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі де жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады, қойныңнан кіреді, қонышыңнан шығады. Бүлар — жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады
Ер Төстіктің Шалқұйрықпен жер астына түсуі - Сол кезде Шалқүйрыққа тіл бітіп:
- - Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қалдырып, өзің ордаға кіресің. Ордаға кіргеніңде, есіңде болсын: екі босағадан, екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, олар - жылан Бапы ханның есігін күзеткен құлдары.
- Сол кезде Шалқүйрыққа тіл бітіп:
- - Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қалдырып, өзің ордаға кіресің. Ордаға кіргеніңде, есіңде болсын: екі босағадан, екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, олар - жылан Бапы ханның есігін күзеткен құлдары. Төр алдына бара бергеніңде, екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі де жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады, қойныңнан кіреді, қонышыңнан шығады. Бүлар — жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады
Елге оралу Жұрттан асқан алыппын. Жердің үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ, қайратым ішіме сыймаған соң, тауларды көтеріп ермек қыламын. Таусоғар деген ермін, - дейді кісі. - Жұрттан асқан алыппын. Жердің үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ, қайратым ішіме сыймаған соң, тауларды көтеріп ермек қыламын. Таусоғар деген ермін, - дейді кісі.
- - Жарайды. Іздеген Төстігің мен боламын,- дейді Төстік. Бесеу болып жүріп кетеді. Бұлар жапан далада жүріп келе жатса, бір үлкен көл көрінеді. Көлдің суы қас пен көздің арасында суалып, жоқ болып кетеді де, қас пен көздің арасында шарасынан асып, ернеуі толып кетеді.
Ер Төстікке дос болғысы келген Көлтаусар жолдасы - О, неғып отырған адамсың? - деп, Төстік жанына жетіп келеді. - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, жолдас болып ерейін деп, жолын тосып жүрген адаммын, - дейді әлгі кісі. Көлдің суы қарныма жұқ болмайды, қанша үлкен дария болса да, бір-ақ ұрттайтын Көлтауысар деген ер боламын, - дейді кісі.
Шығармашылық жұмыс - Бәйтерек басындағы құс қалай аталады?
- Жарыста Ер Төстікке қойылған шарт қандай?
Ер Төстіктің жер үстіне шығуы - Жер үстіне шыққан соң, Ер Төстік күннің қызуына балқып, ауыр ұйқыға кетеді, еш нәрседен қауіпсіз жата береді. Ер Төстікті жалмауыз кемпір ұстай алмай қалған соң, перінің қызы Бекторы ашуланып, кемпірді буындырып өлтірген екен. Кемпірден Шойынқұлақ деген бала қалған екен. Бекторы соған Ер Төстіктің шығатын жерін күзеттіріп қояды.
Ер Төстіктің алдынан Күңкенің шығуы - Төстік қарнын дәл көздеп, садақты тартып қалады, қарны ақтарыла тоғыз қара сандық жерге сау ете түседі. Ең кішісін ұстай алып, Төстік ашып жіберсе, іші толған балапан, шүпір-шүпір етеді. Санап жіберсе, тоғыз екен, Сегізінің мойнын жұлып алып: "Шойынқұлақты шала-жансарында бір көрейін", - деп, соның үйіне тартады. Шойынқұлақтың үйіне жақындағанда, Күңке алдынан шығады
Ұзақ жылдар өмір сүріп, мақсаттарына жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |