Президенттің «Интеллектуалды ұлт 2020» бағдарламасы және маңызы



Дата07.02.2022
өлшемі100,4 Kb.
#91129
түріБағдарламасы
Байланысты:
Жаркынбек Карлыгаш семинар
ДәрісТЕР, англ, grants 2021 kz

Президенттің «Интеллектуалды ұлт - 2020» бағдарламасы және маңызы.

Орындаған:Жарқынбек Қ.Ғ.Қабылдаған:Исмагулова Д.М.


«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи
маңыздылығы.
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мақсаты – жаңа
тұрпатты қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті
Адам капиталы бар елге айналдыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және ол жобаның мемлекетті стратегиялық тұрғыдан дамыту бағыты үш құрамдас бөліктен тұрады: білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру; қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық инновациялық
технологиялар паркін қалыптастыру; жастарға рухани тәлім-тәрбие
беру. Сонымен бірге ұлттық жобаның негізгі идеясы жаңа тұрпатты
азаматты тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адами
капиталы қалыптасқан мемлекет деңгейіне жеткізумен байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің интеллектуалды ұлтты қалыптастыру міндеті өте маңызды және тереңірек ұғынуды қажет етеді, себебі ол Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын құру, әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның
енуі үшін негізгі бағдар болып саналады. Елбасының бағдарламалық еңбектерінде
көрсетілгендей, білімжүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтау, білімнің
халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу,
қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман, интеллектуалды дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының кәсіпкер азаматтарын даярлау отандық білім саясатының негізгі ұстанымын айқындайды.
"Мен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты - қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деді Н. Назарбаев. Президенттің айтуынша, "жоба әлеуетті үш жағдайды ескеруге тиіс".
"Бірінші жағдай білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысты",- деп атап өтті ол.
Жобаны жүзеге асыратын екінші басты мәселе, елбасының айтуынша ақпараттық революция болуға тиіс. "Біз бұл салада айтарлықтай артта қалдық",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Атап айтқанда, президент "Алматыда ақпараттық технология паркі базасында жетекші жоғарғы оқу орындарының қатысуымен, шетелден ең үздік деген мамандарды тартумен үлкен аймақтық университет құруды" ұсынады.
"Жобаны жүзеге асырудың үшінші бағыты ретінде жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеуді атап өтуге болады",- деді президент. Н. Назарбаев. Источник: www.kt.kz
«Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында Елбасының бүкіл халықтың алдына қойған негізгі идеясы экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру арқылы қоғамды дамытуды көздейді. Бүгінгі қоғамның алдында рухы күшті тұлға, халық, қуатты мемлекетті қалыптастыру мәселесі тұр. Осы тұрғыда тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесінің, бәсекеге қабілетті интеллектуалды тұлға қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше. 2 Ұлттың интеллектуалды әлеуеті – қоғамның жан-жақты экономикалық және әлеуметтік қабілетін дамыта отырып, әлеуметтік өміршеңдік жолымен интеллектуалды өнімді пайдалану және құру болып табылады. Қоғамның интеллектуалды әлеуетін ғылыми-технологиялық, білімділік, ақпараттық-коммуникативтік, мәдени, басқару, мемлекеттік-институциональды және жеке әлеуетінен құралады.
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасы қазақ елін бәсекеге қабілетті ұлттар қатарына кіріктіруге ұмтылыс жасайтын бірден - бір тарихи құжат. Интеллектуалды ұлт – интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт. Интеллектуалды ұлт болып қалыптасудың негізгі индикаторлары – тұлғаның, жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы, білім алуға және ғылыммен айналысуға қолжетімділігі (әрбір тұлға алған білімін ертеңгі кәсібіне жаратуы тиіс), жұмыспен қамтылуы, денсаулығы, еңбек табысы, медицинамен қамтамасыз етілуі т.б.
Жалпы жеке тұлғаның интеллектуалды әлеуеті – жеке тұлғаның «туа біткен» немесе «жүре қалыптасқан» мүмкіндіктері мен шығармашылық-әлеуметтік интеллектуалды іс-әрекетінің өзін-өзі дамыту мен өз іс-әрекетін іске асыра білу қабілеті, жеке тұлғаның өз ресурстары (адамның қабілеті, білімі, біліктілігі, бағыт-бағдары) және жеке психологиялық (ең бірінші ақыл ресурстары) жүйесі. Интеллектуалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Ол қазіргі кезеңдегі көпэтникалық Қазақстандық қоғамның дамуы үшін басымды, ұлттық сана-сезімнің жоғары деңгейімен, дамыған рухани-адамгершілік сапасымен, әлемдік білімді меңгеруімен сипатталады
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мазмұнын жоғары оқу орны жағдайында іске асыруда болашақ кәсіби маманның құзыреттіліктерді дамытуға және қалыптастыруға бағытталады: - интеллектуалды тұлға мен интелектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруға негізделген индикаторларды және сол индикаторларға сәйкес құндылықтарды тұлға бойында қалыптастыруды; - ақпараттық және инновациялық технологияларды; тіл арқылы ұлттық рухани құндылықтардың мәні мен маңызын ашуды
- қазақ тілін мемлекеттік тіл, ұлттық тіл, ана тілі ретінде қолдануды; орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде пайдалануды; - ағылшын тілін экономикаға кірігу тілі ретінде қолдануды; мемлекетаралық, экономикалық және мәдени байланыстарда үш тілді игерудің тиімді тәсілдерін меңгеруі; - электрондық білім беру ресурстарын жобалай білу іскерлігін меңгеруі (мұғалімнің таңдаған білім беру технологиясындағы электрондық ресурстың орнын, оның әдістемелік қызметі мен педагогикалық мақсатын және т.б. анықтау); - оқу іс-әрекетінің бағытына сәйкес интструментальдық құралдардың (редакторлар, программалық құралдар және т.б.) көмегімен электрондық білім беру ресурстарын жасауы тиіс.
Интеллектуалды ұлт – халықтың интеллектуалды әлеуетінің бейнесі, интеллектуалды дара тұлғаның, ұлттың қалыптасуының негізгі бағыт-бағдарын, жолдарын айқындайды, студенттің үздіксіз білім алуы мен өздігінен білім алу қажеттілігін жете түсінуіне, интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастырудың негізгі индикаторларын, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сақтау ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру екенін меңгеруге ықпал етеді. «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде ақпараттық, инновациялық берекелі қоғамды құруға бағытталған тарихи стратегиялық құжат болып табылады.
Қазақстанда интеллектуалды ұлт қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Елбасының тағайындауымен елімізде интелектуалды мектептер ашылуда. Назарбаев университеті əлемдік деңгейдегі мамандарды дайындайды. Жүздеген балалар шетелде "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жүр. Бұл əрине дұрыс, себебі болашаққа ұмтылған елімізге, үздік білім алған əр түрлі саладағы мамандар қажет. Егеменді еліміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында екені ақиқат. Сондықтан біздің, жастардың алдындағы биік мақсат – отаншыл, нағыз патриот болып жас мемлекетіміздің дамуына , гүлденуіне үлесімізді қосу, отанымыздың жарқын болашағы үшін арпалысу. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқытудағы басты нәрсе-бұл білім алу және өздігінен блім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай : «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет