44.Халықтың қоғамдық денсаулығы экономикалық санат ретінде
45.Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 271-бабы
46.Денсаулық сақтау экономикасындағы мемлекеттік саясаттың негіздері
47.Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 77-бабы
48.Денсаулық сақтаудағы экономиканың ерекшеліктері.
44.Халықтың қоғамдық денсаулығы экономикалық санат ретінде Қоғамдық денсаулық - белгілі бір аумақта немесе мемлекетте тұратын адамдардың жиынтық денсаулығы. Қоғамдық денсаулық демографиялық жағдай, еңбекке қабілеттілік, белсенді өмір, адам мен отбасының әлеуметтік әл-ауқаты, ауруларды емдеу және алдын алу шығындары тұрғысынан қарастырылады; ол қоғамның өміршеңдігін сипаттайды. Қоғамдық денсаулық деңгейі өмір сүру жағдайларын көрсетеді және сонымен бірге оларға байланысты. Өмір сүру деңгейінің қазіргі стандартына халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауды, жеке тұлғаның жеке мәртебесі мен бостандығын, этикалық-құқықтық және әлеуметтік-медициналық нормаларды, білім мен мәдениет деңгейін, азаматтарды негізгі материалдық және рухани игіліктермен, оның ішінде санитарлық-табиғатты қорғаумен қамтамасыз етуді сипаттайтын көрсеткіштер кіреді.
Ұжымдық монография қоғамдық денсаулықты зерттеудің экономикалық аспектілеріне арналған. Денсаулық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырылады, ол қоғамның экономикалық жағдайына байланысты және өз кезегінде осы жағдайға әсер етеді, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайдың көрсеткіші ретінде қызмет етеді.
Ұлт саулығы экономикасы – Қазақстанның болашақта дамуына әсер ететін экономикалық бәсекелестік, даму және халық денсаулығы арасындағы өзара байланысты зерттейді. Экономикалық өсуді және бәсекелестікті талдаудың әлемдік тәжірибесі бойынша, кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі көптеген факторларға, соның ішінде халықтың денсаулығына байланысты. Қазір денсаулық мәселесімен медицина мамандары, әлеуметтанушылар ғана емес, сонымен қатар экономист-ғылымдар да айналысады.
Денсаулық сақтау саясаты – медициналық көмек беруге немесе қаржыландыруға ғана байланысты деген көзқарас түбегейлі өзгеріп келеді. Иә, медициналық көмек денсаулықты жақсартып, өмір сүру жасын ұзартады. Сонымен қатар, халықтың денсаулығына әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ықпалы да бар. Бұл көзқарас ресми түрде алғаш рет 1974 жылы канадалық Денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың баяндамасында айтылған болатын.
Соңғы 25 жылда Денсаулық экономикасы саласы да үлкен жетістіктерге жетті.
Дұрыс тамақтану, өзін-өзі дамыту, өмір бойы оқу, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаман әдеттерден аулақ болу – денсаулық сақтау мәселесі үшін маңызды атрибуттардың бірі екенін зерттеулер нәтижесі көрсетіп берді. Гендерлік стереотиптер – ерлер мен әйелдердің жұмысбастылық мәселесі, әлеуметтік байланыстардың сапасы да денсаулық профилактикасымен тікелей байланысты.
Ұлт саулығы тұрғын халықтың физикалық, психикалық және әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттылығына байланысты факторларға тәуелді. Әрине, адам денсаулығының жақсаруына табыс көзі тікелей әсер етпейді. Бұл жерде жоғарғы табыс табуға қатысты: үздік білім, сапалы тамақтану, қоғамдық және әлеуметтік байланыс, отбасы тұрақтылығы, тағы басқа факторлар ұлт саулығында маңызды роль атқаратынын айта кету ләзім.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі келесі төрт фактормен анықталады. Ол – білім, қаржылық ресурстар, класс, этнос. Факторлардың әрқайсысы жеке назар аударуға лайық. Негізгі мәселе халықтың еңбек етуі мен денсаулығы арасындағы өзара байланыс. Сонымен қатар, білім және қаржылық ресурс деңгейінің ұлт саулығына да әсері бар.
Бай елдер денсаулық сақтауға көбірек ақша жұмсайды және олардың халқы сирек ауырады. Демек, табыс көзі артқан сайын халықтың дені сау болады деп тұжырым жасауға бола ма? Білім алу, тамақтану мен санитарлық жағдайдың түзелуі – әл-ауқатқа тікелей байланысты және бұл факторлар денсаулыққа әсер ететіні белгілі.