Эссе
Интернет жасөспірімдердің оқу үлгеріміне қалай әсер етеді?
Осы күнде білім саласы көптеген елдерде бірінші орындарға қойылуда және осының дамуын кері тартатын бірнеше факторлардың бірі -ғаламтор желісіне деген тәуелділік болып келеді. Осы тақырыпты ала отырып, мен ғаламтор желісінің жасөпірімдердің оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін ізделінді сұрақ етіп алдым және осы сұрақтың маңайында зерттеу жұмысын жргіздім . Осы күнде адамдар ғаламтор желісінің әсері туралы екі түрлі көзқарасты қалыптастырды: ол адамдар үшін пайдалы немесе ол адамдар үшін зиянды. Негізгі бөлімінде осы көзқарастарға аргумент және логикалық қателіктер және дәлелдемелер қарастырамын. Менің мақсатым – оқушылардың сабақ үлгеріміне ғаламтордың қалай әсер етуін анықтау болатын . Осы эссені жазу барысында ғаламтордағы ақпараттар , кітаптағы мәліметтер, газет бетіндегі ақпарат , карта, статистика, сонымен қатар видео – материалдар қарастырылды. Эссені орындау үшін жасөпірімдерден ғаламторға қатысты сауалнама жүргізілді және ол ақпарат эссе жазу барысында кіріктіріліп, зерттеу жұмысы үшін үлесін қосты. Осы сауалнаманы жүзеге асыра отырып, менің гипотезам – «ғаламтор желісі мектеп оқушысының сабақ үлгеріміне нашар әсер етпейді және ол пайдалы»
Ғаламтор желісінен тәуелділік деген не екенін қарастырып кетер болсақ, бұл- әрдайым ғаламторға қосылуды қалап тұру және уақытында одан шыға алмау құбылысы. Ғаламтор желісіне тәуелділік симптомдарының бірі 3 сағаттан артық ғаламторда уақыт өткізу болып табылады. Қазіргі күнде оқу бағдарламасы өзгеріп келеді және соның бір ажырамас бөлігі ретінде оқу әдісінің өзгеруі туралы айтуға болады. Көптеген дамыған мекемелер мен орталықтарда жасөспірімдерді оқыту үшін мектептен тыс іздену , өз бетінше оқуға тапсырма беру және үй тапсырмасын ғаламтор арқылы таратып жіберу секілді әдістерді қолданады. Сондықтан да ғаламтордың оң жағын сипайттын алғашқы аргументті қарастырар болсақ , ол - ғаламтор желісі жасөспірімдерге сабақ барысында үлкен көмегін тигізеді. Осы ойды дәлелдеу үшін құрастырылған сауалнама көмектесті. Ол 10 оқушыдан алынды. Ондағы нәтиже бойынша оқушылардың 100 пайызы да ғаламтор арқылы үй тапсырмасын алады, ақпараттар іздестіреді, қосымша тіл үйренеді. Сондықтан да, ғаламтор желісі оқушылардың барлығы үшін сабақ барысында өте пайдалы. Осы аргументтің дәлелдемесі ретінде Лоскутованың еңбегіндегі ( Интернет-зависимость как форма нехимических аддиктивных расстройств. 13.04.2014 , Лоскутова- медицина ғылымдарының кандидаты) еңбегін келтіре аламын. Яғни, оның жүргізген практикалық жұмыстары нәтижесінде ғаламторға тәуелді болып келетін жасөпірімдердің ішінде де сабақ үлгерімі өте жақсы оқушылар бар екені анықталған. Бұл құбылыстың себебі ретінде ғаламтор желісіне тәуелді жасөпірімдердің ішінде интеллектуалы жоғары, әрі барлық уақытын қажетті ақпаратты іздестіруге жұмсайтын оқушылардың бар болуы деп айтылған.
Ғаламторды жақтайтын екінші аргумент ретінде ғаламтор желісі арқылы жүзеге асырылатын ойындардың оқушылардың үлгеріміне пайдалы екенін келтіре аламын. Бұл ойындар сыртынан қарағанда пайдасыз және жасөспірімнің көп уақытын алатын секілді көрінсе де, оның даму үшін, ойлау қабілетін дамыту үшін пайдасы зор. Дафния Бевелирдің Рочестер университетінде өткізген зерттеу жұмысы нәтижесінде ойындар стрестік жағдайды жеңілдете алатыны, миды шынайы режимдегідей ойлау қабілетті етіп, логикалық тұрғыдан ойлауды дамытуға шынайы көмек беретіндігі, тез шешім қабылдауды үйрететіндігі анықталды. Ғаламтор Ойынын ойнау барысында балаға нақтылық , шапшаңдылық, алдын ала жоспарлау және логика қажет.Уисконсин-Мэдисон унисерситетінде жұмыс жасайтын Профессор Джеймс Пол Джидің ғаламтор желісіндегі ойындарды талқылау туралы семинарында айтуы бойынша ойынға қызығушылық және ойынды ойнау ғылыми проблеманы шешумен сәйкес келеді. Жасөспірімдер ойын ойнау барысында қиыншылықтармен кездеседі, кей кездері математикалық нақтылықты қажет етеді. Ойындардағы ағылшын тілінде жазылған сөздерді және сөйлемдерді түсіну қажет болған кезде, олар ағылшын тілін оқи бастайды. Ойын ойнау арқасында белгілі пайдалы істі де қамти отыра алады. Жасөпірім ойын ойнау барысында жеңіске жетуге шынайы талпынады және сол үшін бар білген білімін салады . Осының арқасында ол болашақта сабақ барысында, үлкен өмірде де жеңіске жетуді шынайы тілейтін болады. Ойын ойнау барысында бала берілген барлық тосқауларды қалай шешуге болатындығын ойластырады және соның арқасында ол мидың жұмысын жақсартады. Адам миын әрдайым қозғалыста ұстау өте пайдалы. Көптеген адамдар мидың жұмыс жасау нормасын орындап та жатпайды. Ал осындай ойындарға келер болсақ, осы проблеманы шешуге септігін тигізеді. Бірақ та , сонымен қатар адамның психологиясын құртатын, өмірге қауіп төндіруі мүмкін ойындардың бар екенін ұмытпай жүрген жөн. Мұндай ойындар нәтижесінде адамның психологиясы бұзылады және жасөпірімдер белгілі қауіпті ауруларға ұшырауы мүмкін. Осындай зиянды жақтардың нәтижесінде кейбір адамдар үшін бұл ойындардың соңы өзін өзі өлтіру қылмысымен аяқталуы мүмкін. Соның мысалы : екі жыл бұрын көпқабатты үйдің үстіңгі қабатынан өз өзіне қол жұмсаған Қазақстан тұрғынын айтуға болады. Осының себебі, ол ойын барысында жол болмаушылықпен кездесіп, стресстік жағдайға ұшырайды. Соңында оның нервтік жүйесі запа шегеді және адам өз өзінің жасап жатқан істеріне жауап бере алмайды.
Қазіргі күні ғаламтор желісі барлық үйде бар . Ғаламторға үлкендер мен қатар жасөспірімдер де кіре алады. Аса танымалдылықты ғаламтор желісі жасөспірімдер арқасында алды. Күнделікті уақыттың көп бөлігін ғаламторда отырып өткізетін жасөпірімдер онда ойын да ойнайды, фильмдер қарайды, музыка тыңдайды және сабаққа қажет ақпараттарды қарастырады. Соңғысы туралы адамдардардың ойында кейбір күмән бар десем болады.Алғашқы қарсы аргументім ретінде әлеуметтік желілер жасөпірімдердің оқу үлгеріміне нашар әсер етеді деп қарастырамын. Бұған дәлел , The Register газетінің айтуы бойынша , ғаламторда жиі отыру оқушылардың үлгеріміне нашар әсерін тигізетіндігін Америка Құрама Штаттарының ғалымдары анықтаған. 2000 жылдан бастап компьютер және ғаламторға мүмкіндік алған америкалық отбасылардың саны күрт өскен. Ата- аналармен қоса, балаларда жаңа технологияларды қарқынды меңгеруге кірісті. Ал бірнеше жыл өте келе, компьютердің құны біршама арзандап, ғаламтор желісінің сапасы жақсара түсуіне байланысты Америка Құрама Штаттарындағы отбасылар балаларына жеке компьютер алып бере бастады. Бір жағынан қарайтын болсақ, елдің компьютеризациялануы балаларға үлкен пайда әкелуі керек, себебі жеке компьютер арқылы жаңа оқу әдістерін табуға болады. Бірақ та жоғары технологиялардың қарқынды дамуы ойлағаннан гөрі көп кері әсерлерін тигізді. Ғалымдардың анықтауы бойынша, желіде көп отыратын балалардың сабақ үлгерімі жанындағыларға қарағанда төмен болады (қуантар жағы- арасындағы айырмашылық қатты үлкен емес, бірақ ортақ тенденция сол қалыпта). Ғаламтор желісіне қатты қызығушылығы жоқ оқушылар үй тапсырмаларын орындап жатқан уақытта, олардың қалған ғаламтор желісіне қызығатын сыныптастары компьютердің мониторы алдында көп уақыт отырады. Осы жақындағы уақытқа дейін кішкентай американдық балалар сабаққа дайындықты желілік көп адам ойнайтын ойындарға , чаттағы әңгімеге, мессенджерлерге ауыстырып келді. Бұл жағдай Америка Құрама Штаттарындағы жасөпірімдермен қатар , олардың ата- аналарына да кіруге болатын әлеуметтік желілер пайда болғаннан кейін күрт өзгере түсті. Қазіргі күні қысқа уақыт ішінде үлкен адамдар да әлеуметтік желіге тәуелді болып кетеді және бұл әдеттен арылу оңай істердің бірі емес. Ата- аналардың өзі осындай жағдайда болса, әрдайым желідегі жеке парағына кіруді қалап отыратын оқушылардың жағдайы тіпті қиын.Виртуалды әлем оқушының толыққанды өмірінің орнын баса түсетіндіктен, мұндай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы және үлгерімі күрт төмендейді. Американдық ғалымдардың анықтауы бойынша ғаламтор кері әсерінің ықпалына көбінесе қажетті назар аудармайтын ,бай емес ата- аналардың балалары түседі. Ата- аналардың балалары үшін жақсы өмірді қамтамасыз ету мақсатында жасалған мұндай іс – әрекет әсерінен американдық бай емес ата- аналардың балалары шынайы өмірден виртуалды өмірге көбірек ауысып бара жатыр. http://www.jimm-info.ru сайтында осы аргументті растайтын ақпарат айтылған.
Ғаламтор ойындары көбінесе орта буындағы балалар үшін үлкен қауіп туғызуда. Компьютерде ұзақ уақыт отыру нәтижесінде олардың жүйке жүйесі шаршай бастайды. Олардың бойында әлсіздік пайда болады. Агрессия қалыпта болады. Бұл симптомдар оқушының сабақ процесіне әсер етеді. Себебі көп уақыт ойын ойнаған баланың үй тапсырмасын жасауға әлі келмейді. Сонымен қатар ол сабақ барысында бойындағы бар агрессияны жанындағыларға тигізуі мүмкін. Компьютермен жұмыс істейтін 70 пайыз адамның «Компьютер синдромы» ауруымен ауыратыны анықталған. Бұл монитор бетінде көп уақыт қарап отыру нәтижесінде пайда болады және бұл көз аурымен жалғасады. Бұл ақпаратты іздестіру барысында gorsun.org сайтындағы мәлімет көмек берді.
Медицина ғылымдарының кандидаты Лоскутованың еңбегіндегі ( Интернет-зависимость как форма нехимических аддиктивных расстройств. 13.04.2014 , Лоскутова- медицина ғылымдарының кандидаты) ақпарат бойынша, ғаламтор желісіне тәуелділік дамитын ер адамдар жас аралығы он төрттен жиырма бір жас аралығын құрайды. Яғи бұл статистиканың ішінде жасөспірімдер тобына жататын адамдардың бар екендігін білдіреді. Мен жүргізген екінші сауалнама нәтижесінде ер балалардың 64,5 пайызы ғаламтор желісінде 5 сағаттан артық уақыт өткізеді және 61 пайызының сабақ үлгерімі нашар екенін көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды: ер балалар қыз балаларға қарағанда ғаламторға көбірек тәуелді келеді және сабақ үлгерімі нашар. Бірақ та, сонымен қатар, зерттеу жұмысы нәтижесінде ғаламторға қатты тәуелді бір адам табылды және оның жынысы қыз болып шықты. Сондықтан бұл кандидаттың ақпаратында біршама логикалық қате бар деп ойлаймын.
«Психология киберпространства» атты электронды кітаптың авторы, психология ғылымдарының кандидаты Джулердің осы еңбегінде ғаламтор желісіне тәуелділіктің пайда болу себептері айқындалған. Ғаламтор желісіне тәуелділік жасөспірімдерде ата- анасынан алыстаған уақытта пайда болады. Бұл ақпараттық- коммуникациялық қажеттіліктің орнын толтырады. Оқушылар өздеріне беретін бағаның төмендігінен және оларға деген қажетті назар аудармағандықтан ғаламторда бір бірі туралы комментарийлер алады, біреуге еліктейді және қажет емес ақпаратты толтырады.Осының нәтижесінде ғаламторда отыратын көп уақыттан соң , оқушының өзін өзі сезінуі және сабақ үлгерімі нашарлайды.
Менің осы тақырыпта іздестірген аргументтерім мен оларға қатысты дәләлдемелер негізінде , ғаламтор желісінің жасөспірімнің оқу үлгеріміне нашар әсер етеді деген жақтың аргументтері мен дәлелдемелері мықтырақ болғанын айтып кете аламын . Мен эссені жазбас бұрын жасаған гипотезамның бұрыстығына көз жеткіздім. Ғаламтор желісінің зияндылығын бірнеше статусы жоғары ғылым кандидаттарының еңбегі және дәлелдемелері нақтырақ берілген аргументтер себеп болды. Ғаламторға тәуелді болудың нәтижесінде қыз балалар мен ер балалар да бірдей біршама қиындықтармен кездеседі. Контр аргумент келтіру барысында да , ер балалар үлгерімі нашар деген ақпараттың келтіріліуінде логикалық қателіктер бар деп санаймын. Сонымен қатар ғаламторға тәуелділігі нормадан қатты асып түскен оқушының жынысы қыз бала болуы тағы бір айғақ. Ғаламтор желісі жасөспірімдер үшін тигізетін әсерінің нашар жағы жақсы жағынан асып түсетіндіктен, осының алдын алу үшін өзімнің іздестірген ақпаратымды ұсына алар едім. Ең бастысы , СМИ органдарын осы тақырыпта көбірек жұмыс жасауға шақыру қажет. Солардың арқасында қызықты тренингтер, музыкалық топтардың ән – кештерін ұйымдастыру, өмірде көпке жеткен мұғалімдермен әңгіме өткізуге болады. Әрбір мектептерде психолог қолдауымен ғаламторға қатысты сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде қиындықтары бар оқушылармен психологиялық тренингтер өткізген жөн. Оқушыларды әр түрлі хоббилерге қызықтыру, үйірмелерді жарнамалау арқылы олардың бос уақытын осындай істермен айналысуға жұмсау арқылы балаларды жаман әдеттен арылдыра аламыз.
Эссені аяқтай келе, біз үшін білім саласы маңызды роль ойнайтынын және осы процесті баяулататын факторлармен күресу қажет екенімізді ескертіп кеткім келеді. Эссе барысында өзімнің ізделінді сұрағыма қатысты екі түрлі көзқарасты қарастырып, соларға қатысты аргументтер мен дәлелдемелер іздестірдім. Осы екі көзқарас нәтижесінде өз гипотезамды құрастырдым. Эссе барысында оқушылардан сауалнама алынды және бұл нәтижесі үшін үлкен роль ойнады. Эссе басында қойылған мақсатқа қол жеткіздім. Эссе нәтижесінде өзімнің гипотезамның бұрыстығына және осы процесті тоқтату үшін қажетті шаралар ойластыру қажет екендігін түсіндім.
Сілтемелер
http://www.jimm-info.ru/tele/136-kak-internet-vliyaet-na-uspevaemost.html ( Как интернет влияет на успеваемость?.2010)
http://gorsun.org.ru/lib/children/researcher09/computer/03/ (Юный исследователь природы 2009, Влияние компьютера на успеваемость учащихся среднего звена)
Анастасова Л. П., Гольнева Д. П. Человек и окружающая среда. - М: Просвещение, 1997
Лоскутова В. А. Интернет-зависимость как форма нехимических аддиктивных расстройств Текст.: автореф. дис. канд. мед. наук (13.04.2004) /
http://gamestar.ru/pr/polozhitelnoe_vlijanie_kompjuternih_igr_na_uspevaemost_i_umstvennoe_razvitie.html (Положительное влияние компьютерных игр на успеваемость и умственное развитие .2009)
Смирнов А. Т., Мишин Б. И. Основы медицинских знаний и здорового образа жизни. - М: Просвещение, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |