Причастие



Дата07.02.2022
өлшемі8,7 Mb.
#93143
Байланысты:
5 кл

  • 900igr.net
  • Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.
  • Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.

Судың 3 күйі бар 1. сұйық 2. қатты 3. бу

  • Жер бетіндегі су тұщы және ащы болып бөлінеді. Ащы су - бұл теңіз,мұхит сулары, ал тұщы су-өзен,көл,жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 литр судың 98 литрі тұзды су. 2 литрі тұщы су.
  • Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз, көл, өзен суы буланып, ауа қабатына барады.Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан буланған су буы ауа қабатына көтеріледі. Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып,бұлт түзеді.
  • Бұлт ауаның ағысымен,қозғалысқа түседі.
  • Ол жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайтып оралады. Бірақ ұзақ тұрақтамай Күн қызғанда қайтадан буланып ауаға көтеріледі. Жауын - шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді. Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер,бұйраланып бұталар, бой түзеп ағаштар өседі
  • І-тапсырма 1-топ АДАМ 1.Шыны ыдысқа сүт,екінші ыдысқа су құйып салыстыр. 2.Екі стаканның біреуіне сүт,біреуіне су құйып олардың ішіне қасық салып, судың қандай екенін дәлелде.
  • 2-топ. ӨСІМДІК 1. Бірнеше ыдыс қойып ,оларға су құйып судың пішінін дәлелде. 2. Суды кез келген жерге құй. Ол жан-жағына неге ағады?

3-топ ЖАНУАР 1.Тасты суға сал, қандай болып шығады? 2. Суды шыны бетіне тамызып, оның астын май шаммен қыздыр. Су неге айналды?

ІІ-тапсырма 1-топ АДАМ Су туралы мақал-мәтел жазу.

  • 2-топ ӨСІМДІК Су туралы тиым сөздер жазу
  • Шығармашылық жұмыс 1-топ АДАМ Судың пайдасы туралы әңгіме жазу
  • 2-топ ӨСІМДІК Судың зияны туралы әңгіме жазу
  • 3-топ ЖАНУАР Суды қалай қорғауға болатыны туралы әңгіме жазу.
  • Үйге тапсырма «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбын
  • оқу «Су- тіршілік көзі» тақырыбында сурет салу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет