Программа Даниял ауезхана, кандидата на должность председателя студенческого самоуправления университета: каргту



Дата16.10.2022
өлшемі0,94 Mb.
#153234
түріПрограмма
Байланысты:
Даниял Ауезхан


Студенттік
кеңес төрағасы

Предвыборная программа Даниял АУезхана, кандидата на должность председателя студенческого самоуправления университета:КАРГТУ


Политех обж
Студенттік кеңес
Орындалатын талаптар
Жатақхананың ішкі тәртібіне жауап беріп, тазалық пен ұқыптылықтың сақталауын қадағалайды. Студенттік кеңестің негізгі міндеті - жатақхана тұрғындарының «Жатақханада тұру ережелерінің» талаптарын сақтауын қадағалау, сонымен қатар жатақхана өмірін жандандыру мақсатында мәдени іс-шаралар (спорттық, рухани, ойын-сауық кештері) ұйымдастыру. Жатақханада тұратын студенттердің арасынан студенттер жатақханасының кеңесін сайланады. Студенттер жатақханасының кеңесі (студкеңесі) жатақхана кеңесі жатақханада тұру Ережеге сəйкес жұмыс істейді.
  • Студенттер жатақханасының кеңесі жатақхананың əкімшілігімен бірлесіп тұрғын үйлерді, құрал-жабдықтар мен жиһаздарды қабылдау жəне күтіп ұстау бойынша, ғимарат пен оған жақын орналасқан аумақтарда сенбілік ұйымдастыру бойынша іс-шаралар əзірлейді жəне жүзеге асырады.
  • Жатақхананың əр қабатына староста сайланады, ол жатақхананың студенттер кеңесімен бекітіледі.
  • Қабаттың старостасы өзінің жұмысында студенттер жатақханасының шешімдерін басшылылыққа алады. Сағат кешкі 22.00- де әр староста жатақхана тұрғындарын түгендеп, бөлмелердің тазалығын тексереді.
  • Қабаттың старостасы тұрушылардан жатақхананың құрал-саймандарына ұқыпты қарауды, бөлмелерді, ас бөлмелерді, жуынатын бөлмені, дəліздерді таза жəне жинап ұстауды талап етеді. 
  • Жатақханада тұру ережелерін, санитарлық нормаларды, қауіпсіздік жəне өрт қауіпсіздігі техникасы ережелерін сақтау бойынша нұсқаулар қабатта тұрушылардың барлығына міндетті болып табылады.

Студенттік кеңес төрағасы
Қауіпсіздік секторы
Мәдениет секторы
Редколлегия
Қабат старосталары
Спорт секторы
хатшы
1 және 2 орынбасар
Ұсыныстар
Жатақхана студенттерінің жатақхана тазалығы мен іс-шараларына белсене қатысқаны жөнінде баллдық жүйе енгізу. Әрбір студенттің жатақханада тұруы мен жатақхана өміріне белсене қатысқангы үшін балл қою, жалпы балл-170, мысалы тазалық бойынша 90балл, массовкага қатысуы бойынша 40балл және жатақхананың мәдени іс-шараларына қатысқаны үшін 40балл. Баллдық жүйе нәтижесінде студенттерге грамота беріледі. Менің, пікірімше бұл жатақхана тазалығы мен студенттердің белсенділігін арттыруға үлесін қосады.
Студенттер кеңесі жатақханада тұратын студенттерді тұрғындықтан, мәдени–ұжымдық және дене шынықтыру-сауықтыру жағдайларын жақсарту, студенттік ортадағы студенттік және институт өмірінің жағымды дәстүрлері, саналы тәртіп пен өзін-өзі тәрбиелеу, талап қоюшылық пен принципшілдікті қалыптастыру мақсатындағы іс-шараларды жүзеге асыруда жатақхананы басқаруға қатыстыру мақсатында құрылған. студенттер одағы студенттердің мәдени бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды өткізу және қатысу, ҚАРГТУ-ның жатақханасындағы ішкі тәртіп ережелерін бұзуды алдын алу, студенттік өмірдің әртүрлі салаларына қадағалау жұмыстарымен айналысамын. студенттер кеңесі әртүрлі бағытта жұмыстар жүргіземін. «Студенттер үйіндегі» тұрғын-студенттердің біріктіру мақсатында көптеген қызықты іс-шаралар жүргізіледі:
  • «Студенттер үйі» тұрғындарының қатарына қабылдау;
  • Табиғатқа саяхат;
  • Театрларға, музейлерге бару.
  • Қала бойынша серуен;

  • Жатақханада және оның айналасындағы тазалық пен тәртіпті сақтау үшін сенбіліктер өткізіледі. Ақпараттық жаңалықтарға арналған соц-сеттер ашылады. Қызықты және танымдық лекциялар өткізіледі, оларға әртүрлі мамандар: дәрігерлер, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері шақырылады.
    Жатақханада тұратын ең үздік студенттер мен таж старосталары мақтау грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады, «Ең үлгілі бөлме» және «Ең үлгілі староста» байқау-конкурстары ұйымдастырылады. Әрине, мұндай күрделі және жан-жақты жұмысты жатақхананың әкімшілігі мен ұйымдастырушылық-ұжымдық және тәрбие ісі жөніндегі басқарма көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін емес, Студенттер кеңесі студенттердің тұрмыстық және демалыс, жатақханада тұру жағдайларын жақсартуда көптеген мәселелерді Студенттік жатақхана кеңесі жатақана тұратын студенттердің мәдени, әрі бос уақытын өткізу іс-шараларын жасауда маңызды рөл атқарады. Студенттер кеңесінің мүшесі болу оңай емес , өйткені үздіксіз жауапкершілік пен «басқаларға үлгімін»,- деген сезімі әркімге тән емес..

НАзарларыңызға рахмет ! ♥



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет