Программасын ұсынамын. «Логика әлемі»



Дата29.09.2019
өлшемі40,41 Kb.
#48957
түріПрограмма
Байланысты:
9 сынып фак

Түсінік хат
Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасына сәйкес елімізде көптеген жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі информатиканы стандарттық программадан тыс қосымша оқыту мәселесі болып табылады. Сол себепті мектепте информатиканы қосымша оқыту программасын ұсынамын.

  • «Логика әлемі»- логикалық есептеуге бейімдеу (9-сынып);

Бұл бағдарлама информатика пәні бойынша факультатив курсына арналып жасалды. Әр сыныпта аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа әзірленді.

Елімізде білім беру саласын ақпараттандыру қарқынды жүріп жатқан кезде, мемлекттік стандартқа сай мектепте информатика негіздерін оқыту 5-сыныптан басталады. Бұл жаңа типті мектептер мен сыныптарда оқитын балалардың компьютерлік техникамен жұмыс жасап үйренуге деген құштарлықтарын тежейді. Сондықтан информатика пәнін төменгі сыныптардан бастап оқыту керек.

XXI ғасыр –ақпарат ғасыры. Бүгінгі таңның оқушысы заманға сай біліммен қарулануы тиіс.

Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту мен ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану қажеттігі – білім беру саласын дамытудағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Психологиялық даму деңгейлерін арттыру мақсатымен енгізілетін бұл курста төменгі сынып оқушыларының логикалық және алгоритмдік ойлау, есте сақтау, байқампаздық қабілеттері қалыптасады, ал мұндай қабілетке ие балалар мектеп бағдарламасын жеңіл қабылдайды.



Негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Алған білімдерін қолдана білуге және өздігінен қабылдай алуға дағдыландыру;

  • Шығармашылық жұмыстарды топпен істей білуге ынталандыру;

  • Компьютерлік техникамен жұмыс жасауға бейімдеу;

  • Компьютерлік сауаттылықтың элементарлық негіздерін оқып үйрену;

  • Компьютерлік ойын және оқыту программалары негізінде информатиканың негізгі түсініктері мен ұғымдарын оқып-үйрену;

  • Ақпарат туралы , қасиеттері, берілу тәсілдері, тасымалдау жолдары, кодтау, сақтау, көлемін анықтау түсініктерін қалыптастыру;

  • Интерактивті құрылғылармен сауатты жұмыс істеуге ықпал ету;

  • Пәнге деген ынтасын, құштарлығын арттыру;

  • Өз бетімен компьютерді қолдануға машықтандыру;

  • Компьютерді толық меңгерген шығармашыл тұлға қалыптастыру

  • Формальдік логика , математикалық логика арқылы логикалық есептердi шешуге қалыптастыру.

  • Оқушыларға күрделірек жұмыстар, логикалық есептер шығарту, сөзжұмбақтар шешуге және құрастыруға үйрету;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

  • бағдарламалық сауаттылықтарын арттыру.

  • Turbo Pascal тілінде есептерге бағдарлама құра білуге машықтандыру;

  • Сыныптан тыс жерде алған білімін қолдана білуге үйрету;

  • Сыни көзқарастарын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

  • Жеке оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады;

  • Ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселесі шешіледі;

  • Ақпараттық мәдениеттілік қалыптасады;

  • Компьютерлік сауаттылықтары артады;

  • Білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді.

  • Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

  • Логикалық сұлбаларды кәсіби түрде сыза алады;

  • Ақиқат кестелерді құрастыра алады;

  • Логикалық заңдарды логикалық есептерге қолдана алады;

  • Логикалық байланысты кесте түрінде бейнелей алады;

  • Pascal бағдарламалау тілі арқылы бағдарламалық сауаттылықтары артады;

  • Бағдарламалық сауаттылықтары және ақпараттық мәдениеттіліктері артады;

  • Математикалық күрделі функция есептеріне бағдарлама құра алады

Бағдарламаның мазмұны.

9-сынып «Логика әлемі»



I бөлім. Кіріспе. 1 сағат

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.



II бөлім. Санау жүйелері 10 сағат

Санау жүйелері екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелеріне есептер шығару



III бөлім. Логикаға кіріспе 23 сағат

Кіріспе. Алгебра логикасы; Математикалық және формальды логика. Пікір алгебрасы

Логикалық амалдар. Логикалық айнымалылар. Логикалық өрнектерді жазу.

Ақиқат кестесі.Логикалық заңдармен таныстыру. Логикалық өрнектерді ықшамдау. Логикалық тұжырымдардың ықшамдау нұсқаулары.Мәтіндік есептерді логика заңдары бойынша есептеу. Логикалық есептерді кесте арқылы есептеу.Алгебра логикасының заңдары арқылы логикалық есептерді шешу. Логикалық элементтермен таныстыру

Логикалық сұлбалар.Ауыстыру қосқышты сұлба. Триггер және қосындылағыш (сумматор). Логикалық есептерді шешу. Қорытынды сабақ

9-сынып «Жас программист»

Кіріспе(1 сағат)

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері; курсқа жалпы түсініктеме



Turbo Pascal бағдарламалау тілі (33 сағат)

Қауіпсіздік техниакасының ережелері; алгоритм типтері ;есептерді ЭЕМ-де шешу кезеңдері;Turbo Pascal программалау тілі; тілдің алфавиті , жазылу тәртібі; программа және оның құрылымы; айнымалылар, тұрақтылар; стандартты функциялар, қызметші сөздер; Read және Write операторлары; өрнектер, меншіктеу сандық функциялар; сызықты программалар құру; тармақталу : IF…THEN…ELSE , GOTO операторлары . AND .OR қызметші сөздері; қайталану командалары; циклдік операторлар. FOR ..TO; WILE…DO; REPEAT UNTIL; бір өлшемді массивтер; массив элементтеріне амалдар орындау; модель түсінігі; модель типтері ;

модельдеу тәсілдері; статистикалық есептеулер жүргізу; электрондық оқулықпен жұмыс.

9- сынып

«Логика әлемі» факультатив курсының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат )

Сабақ



Тақырыбы

Сағат саны

Барлығы

Дәріс

Практика

I тарау

Кіріспе

1

1

0

1

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерi.

1

1

0

II тарау

Санау жүйелері

10

1

9

2

Санау жүйелері және оның түрлері

2

1

1

3-4

Екілік арифметка. Екілік санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

5-6

Сезіздік санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

7-8

Ондық санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

9-10

Он алтылық санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

III тарау

Логикаға кіріспе.

23

9

14

11

Кіріспе. Алгебра логикасы. Математикалық және формальды логика.

1

1

0

12

Пікір алгебрасы

1

1

0

13-14

Логикалық амалдар. Логикалық айнымалылар. Логикалық өрнектерді жазу.

2

1

1

15-16

Ақиқат кестесі.

2

1

1

17-18

Логикалық заңдармен таныстыру. Логикалық өрнектерді ықшамдау. Логикалық тұжырымдардың ықшамдау нұсқаулары.

2

0

2

19-20

Мәтіндік есептерді логика заңдары бойынша есептеу.

2

1

1

21-22

Логикалық есептерді кесте арқылы есептеу.

2

0

2

23-24

Алгебра логикасының заңдары арқылы логикалық есептерді шешу.

2

1

1

25

Логикалық элементтермен таныстыру

1

1

0

26-27

Логикалық сұлбалар(схемалар)

2

1

1

28-30

Ауыстыру қосқышты сұлба. Триггер және қосындылағыш(сумматор)

3

1

2

31-33

Логикалық есептерді шешу.

2

0

2

34

Қорытынды сабақ


1

0

1




Барлығы

34

11

23

Пайдаланылған әдебиеттер:




  1. А.В.Горячев «Информатика в играх и задачах, методические рекомендации для учителя,

1-4 класс, Москва , Баллас-Эксперт, 2010 г

  1. О.Камардинов «Есептеуіш техника және программалау» Алматы, 2009ж

  2. В.В.Фаронов «Turbo Pascal 7.0» Москва, «ДМК»,1998 г

  3. Б.Қ.Нақысбеков.,Е.К.Балапанов «Паскаль тілінің негіздері», Алматы «Рауан»,1997ж

  4. Н.Д. Васюкова «Практикум по языку Паскаль» Москва, «Высшая школа»,2010г

  5. Г.Демирчоглян «Компьютер и здоровья» , Москва, Лукоморье, 2012г

  6. С.Т. Мұхамбетжанова «Оқушы анықтамасы» Астана, Арман-ПВ, 2007ж

  7. А.Х.Абуова «Компьютер үйренудің нәтижелі әдісі» (тәжірибелік сабақтар) Орал, 2003ж

  8. Н.Ермеков «Информатика элементтері», Астана «Фолиант» баспасы, 2011ж,

  9. А. Шарипбаев «Англо-русско-казахский словарь» Алматы, «Сөздік-18Ш словарь», 2002ж;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет