XX ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қазақпрозасында әйел теңсіздігі тақырыбы мүмкіндігінше кеңінен, тереңқамтылғаны бәрімізге аян. Әр санаттағы эпикалық туындылардың бастапқыда «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» аталуыныңөзінен тақырыптық-идеялық сипаты аңғарыла түсетін.
Әсіресе, Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасыныңұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламгердіңәдеби-шығармашылығының шыңдалуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерініңәсері мол болғаны анық. Өз дәуірінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардыңқоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары Ғ. Мүсіреповтің жігерін жаныды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.
Оның ана бейнесін сомдаудағы жиынтығы ретінде «Ұлпан» атты ірі эпикалық туындысы жарыққа шықты. Ақиқатында, Ұлпан – бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, ана тақырыбында жазылған шығармалардың көлемдісі.
Романға қазақ ауылыныңғасырлық бейнесі, әдет-ғұрпы, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде арқау болған. Елді ырқына көндіріп, парасатымен бір қауым жұртты баурау – Ұлпан сияқты ақылды, дана әйелдердің болмысына, табиғатына тән қасиет. Қаламгер қиялында жасалған Ұлпан – аналардың анасы.
Ғабиттен бөлек, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев сынды ұлт әдебиетініңұстындары қазаққызының тағдыры, бүгіні деген мәселені көркем әдебиетке әкелуде орыс әдебиетіндегі Ф.Достоевский, Л.Толстой, И.Тургенов сияқты классиктердіңқатыгез реалистік шығармаларына емес, сентименталды сезімге құрылған туындыларға кеңінен назар аудара отырып қаузаған сыңайлы. Содан да болар, Қамар сұлудың тағдыры оқырманды баурай түседі. Ақбілек, Шұға, Ғазиза, Күнікей, Шолпандар – реалистік прозаның жемісі. Оныңәрқайсысы өткен ғасырдағы бейнелерді ашып берді.
Жалпы аналар, әйелдер бейнесін Ж.Аймауытовтың «Ақбілегінен», Б.Майлиннің «Раушан коммунисі» мен «Күлпашынан», М.Әуезовтің «Абай жолы», «Қорғансыздың күнінен», М.Мағауиннің «Аласапыранынан», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасынан» да айқын байқай, аңғара түсесіз. Мұнда жастық, сұлулық, бекзаттық, адамгершілік, сезім атаулы ұғымдардың ортақ жиынтығы жасақталған. Аты аталған туындылар қазақәдебиетіндегі аналар мен әйелдердің көлемді галереясын қалыптастырған көркем шығармаларға жатады.
Жалпы қазақ прозасындағы аналар бейнесі, тұтастай алғанда бір жиынтық, бір желі. Аталмыш шығармалардағы бейнелердіңқозғалысы, шығарманың композициясы, қуаттылығы, сол кезеңдердегі тыныс-тіршіліктің жаршысы, куәгері.
Әсілінде біз кейде әлем әдебиетімен әуестеніп кететініміз бар. Танауымыз делдиіп, Флобердің Мадам Бовариін оқығанымызды сөз етеміз. Мақтаймыз, мадақтаймыз. Әлем әдебиетіндегі әйелдер бейнесініңфишкасына да балап қалатындарымыз баршылық. Некелі күйеуінің көзіне шөп салып, оны өмір бойы алдаған образ бізге өнеге ме? Өзін де, Шарль Бовариді де өлімге жеткізген бейнелер бізге қымбат па? Құнды ма? Әлде бізге Стендальдың Реналь ханымы үлгі ме? Рас, олар – әлем әдебиетіндегі үздік туындылар. Әйелдер бейнесініңүздіктері де болар… Бірақ, толыққанды ана бейнесін құрай алмайды.
Бір айтпағымыз, әлем әдебиетімен бір қатарда қазақәдебиетінде де аналар бейнесі толыққанды жасалды. Көз алдымызға мейірім, еңбекқорлық, моральдық тұрғыдан ішкі әлемі бай нәзік жандыларды елестеткіміз келсе, жоғарыда өзіміз аттарын атаған қазаққаламгерлерінің туындыларына жүгінеміз. Аттарын атап, шығармаларын тілге тиек еткенімізден бөлек қаншама типтік образдар бар біздіңәдебиетте? Жеткілікті ме, жеткілікті.
Уақыт көші, өркениет өрісі ешқашан бір орнында тұрмақ емес. Қазіргі қалам ұстаған жас жазушылар әзірге аналар, әйелдер бейнесінің бүгінгі келбетін қалыптастыруда елеулі еңбек ете қоймағанымен, алдағы уақытта әдебиетқұмар аудиторияға бүгінгі аналардың образын жасап береді деген сенім бар. Әдебиетті оқығанда алдымен ұлт әдебиетіне зейін қойған ләзім. Өйткені, тамырымыз қазақәдебиетінде, қазақылықта жатыр. Ендеше, ұлт әдебиетініңуызына жарығаннан асқан бақыт жоқ та шығар