“ПСИХОЛОГИЯ” КУРСЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ 1-дәріс: “Қазіргі кездегі жоғарғы оқу орнындағы білім берудің мақсаттары, міндеттері мен мазмұны”
Білім беру – социумның өзінің және іс-әрекет жүйелерінің қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ететін социумның қызметтері. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, әлеуметтік қатынастардың жаңа материалдарында, мәдениеттің трансляциясы үрдісі және өзгеріп отыратын тарихи жағдайлардағы мәдени нормаларды іске асыру арқылы орындалады. Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттармен іске асырылады.
Білім беру мәселесі дамудың бағыты өзгергендегі, дағдарыстық жағдайларда, социум өмірінің құлдырау сәттерінде қоғамдық қарым-қатынастардың анықтаушы тақырыбына айналып бара жатыр. 20 ғасырда даму және динамикалық қоғам үзіліссіз білім беру (60-80 жылдары) немесе әрбір дерлік адамға білім беру қызметін іске асыруға қатысушы ете отырып, бүкіл өмір арқылы білім беру (90 жылдары) парадинмасын қабылдайды.
Білім берудің басты мақсаты – адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропорционал болады.
Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айырылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді.
Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді.
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болу үшін жоғарғы оқу орындарына мынадай бір қатар маңызды міндеттерді шешу қажетті:
қоғамның күтетін қажеттіліктеріне ыңғайлана отырып, оқыту бағдарламаларын, оқу жоспарларын және оқытудың мазмұнын соған бейімдеу;
оқу жоспарларының дамуында транс пәндік сабақтарды пәндік сабақтармен теңдей етіп қарастыру;
білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының иілгіштігіне үлкен мән беру;
оқытудың жобасын бұқаралық білім беруге бейімдеу;
технологиялық, методологиялық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмау;
кез-келген бағдарламада міндетті пәндер ретінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды және шет тілдерін қарастыру;
жыл сайынғы ғылыми дәрежесі бар адамдарды шығаруды көбейту;
өзіне-өзі білім беруге студенттердің қабілеттіліктерін, олардың тұлғалық потенциалы мен талпыныстарын дамыту;
сабақ беру мен оқудың стандартты емес жолдарын пайдалану, оқыту мен білім берудегі жаңа бағыттарды қолдану.
2-дәріс: “Білім берудің қазіргі кездегі концепциялары”
20-ғасырдың екінші жартысы мен 21-ғасырдың бас кезі ғылыми-техникалық дамудың тез қарқындағы дамуымен сипатталады. Оны қоғамдағы, соның ішінде білім беру жүйесіндегі бір қатар радикалды қайта өзгерулер шарттандырды. Статистикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, жақын болашақта әрбір жұмысшыға жоғарғы білімнің қажеттілігі туындайды. Жаңа дәреже мен білім берудің сапасы адамның өзінің және тұтастай қоғамның жақсы өмірін анықтайтын болады.
Білім берудің қазіргі кездегі концепциясы, мазмұнына жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мен ғылым мен өндірістің интеграциясына негізделген индивидуалды-дифференциацияланған оқыту енетін, қазіргі кездегі мектепті гуманизациялауға және фундаментализациялауға бағытталған.
Әлемнің бірнеше жетекші елдерінің жоғарғы білім беруінің ұлттық жүйелерін қарастырайық.
Жапониядағы жоғарғы білім беру жүйесі. Жапонияда жоғарғы білім міндетті болып саналады және оған мыналар кіреді:
толық циклды университеттер (4 жыл);
жеделдетілген циклды университеттер (2 жыл);
кәсіби колледждер (3 жыл);
техникалық институттар (5 жыл).
Толық циклды университеттерді бітіргеннен кейін түлектер магистратураға немесе докторантураға түсе алады. Магистратурада оқу мерзімі – 2 жыл. Ғылымдар магистры атағын алу үшін студент магистрлік диссертациясын жазуы және оған жақсы баға алуы тиіс, сонымен қатар ол мамандық бойынша емтихан тапсыруға міндетті. Магистратурадан кейін аспирантураға түсуге болады. Аспирантурада оқу мерзімі – 3 жыл. Егер аспирант жақсы бағаға докторлық диссертациясын қорғап, мамандық бойынша емтиханды тапсырса, ол аспирантураны бітірген болып есептеледі.
Жапониялық жоғарғы оқу орындарында “студент-зерттеуші” – кэнкюсэй деп аталатын әлемдегі ерекше институт бар. Өз алдына ғылыми дәреже алу мақсатын қойған студенттің 6 айдан 1 жылға дейін зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндігі бар. Барлық студент-зерттеушілер өздері негізгі курсты оқыған университетпен келісім бойынша басқа университетте оқуын жалғастырып жатқан студенттерге және университетке 2 жылға дейінгі мерзімде, қабылдау емтихандарын тапсыруға дайындық үшін алынуы мүмкін шет елдік студенттерге бөлінеді.
Жеделдетілген циклды университеттерде 60%-ке жуық студенттер қыздар болып табылады. Студенттер экономика, әдебиет, шет тілдері, педагогика, әлеуметтік қорғау сияқты бағыттарда маманданады.
Кәсіби колледждерде тар техникалық білім алғысы келетіндер оқиды.
Техникалық институттарда студенттер кең техникалық дайындықтан өтеді және оқуын бітіргеннен кейін фирмаларда, зерттеу орталықтарында, сауда флоттарында жұмыс жасай алады.
ГДР-дегі жоғарғы білім беру жүйесі. Неміс институтын көбінесе орындайтын қызметтерінің ұқсастығы бойынша американдық кафедраның эквиваленті деп есептейді. Германиядағы жоғарғы мектеп реформаларының нәтижесінде өздеріне институттарды бағындырып алған департаменттер пайда болды. Қазіргі кездегі департамент (кафедра) – бұл оқу курстарын, емтихандарды қалыптастыратын және докторлық диссертацияларды дайындау іске асатын база болып табылатын институттардың жиынтығын (факультеттердің) білдіретін факультеттің бір түрі.
Германияда жоғарғы мектептегі оқу мерзімі 5-7 жылға созылады. Оқытудың бірінші деңгейі (бакалавриат) кәсіби дайындыққа негізделген. Көптеген студенттер үшін бірінші деңгей жалпы курстар бойынша кіріспе дәрістер берілетін 2-3 жылдық бастапқы деңгейге (бірінші сегмент), одан кейінні 2-3 жыл студент ғылыми зерттеулер жүргізетін кәсіптік деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгейді бітірушілер магистрлік диссертация жазып, магистр дәрежесін ала алады, немесе мемлекеттік емтихан тапсырып, жоғарғы білім туралы диплом алады.
Докторанттарды дайындау 3-5 жыл көлемінде іске асырылады. Көптеген докторанттар мини докторлық диссертация деп аталатын ғылыми зерттеулер жүргізеді және дипломдық жұмыстар жазады. Докторантурада оқыту мерзімі аяқталғанда ол докторлық диссертациясын қорғауға ұсына алады.
Ұлыбританиядағы жоғарғы білім беру жүйесі. Ұлыбританияда білім беру сұрақтарымен білім Министрлігі айналысады. Бірақ Ұлыбританияның үш құрамдас бөліктері – Англия, Уэльс және Шотландтядағы – білім берудің ерекшеліктері бір-біріне ұқсамайды. Тұтасымен алғанда жоғарғы білім берудің барлық жүйесі екі секторға бөлінеді: жеке және мемлекеттік.
Британиялық жоғарғы білім беру сапасы мен жоғары стандарттары үшін бүкіл әлемде бағаланады. “Ұлттық қажеттіліктер мен қорлардың” шеңберінде елдегі жоғарғы білім берудің күйін қарастыру үшін әйгілі экономист лорд К.В. Роббинстің басшылығымен арнайы комитет құрылды. Бұл комитет жоғарғы білім берудің мақсаттарын анықтады:
индивидке еңбекті қоғамдық бөлуге қатысу мүмкіндігін беретін, арнайы білімдерге оқыту;
тек маман ғана емес, мәдениетті адамды дайындау;
оқыту мен зерттеу жұмысының арасындағы белгілі-бір балансты қамтамасыз ету.
Елдің жоғарғы оқу орындарына қабылдау жалпы білім сертификаттарының конкурсы бойынша өткізіледі. Университетте оқуға талпынатын оқушылар бітіру емтихандарын тапсырғанға дейін университетке қабылдау бойынша орталық комиссияға арыз жазады.
Университеттер 8 топқа бөлінеді:
Оксфордтағы және Кембридждегі ескі университеттер колледждер болып табылады;
4 орта ғасырлық шотландық университеттер (Сэйкт Эндрю, Глазго, Аберден және Эдинбург);
өнеркәсіптік аудандардағы азаматтық университеттер;
2-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған, жартылай жаңа ұйымдастырушылық және оқу құрылымдары бар жаңа университеттер.
Бакалавр дәрежесіне оқытудың мерзімі 3-4 жыл аралығында. Философия, құқық және музыка бойынша бакалавр дәрежесін Оксфорд пен Кембридждегі оқытудың екінші деңгейінен кейін алуға болады, гуманитарлық ғылымдар бойынша МА дәрежесі В.А. дәрежесі барларға белгілі-бір уақыт мерзімі жеткенде берілуі мүмкін.
Философия ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін бакалавриаттан кейін аспирантурада міндетті түрде үш жылдық оқу керек, магистр атағын алғанда – екі жылдық оқу қажет. Аспирантурада оқу диссертация жазуға арналған. Доктор атағын алу үшін, диссертация қорғаумен қатар сол тақырып бойынша ауызша немесе жазбаша емтихан тапсыру қажет.
3-дәріс: “Педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық құрылымы”
Педагогикалық іс-әрекет – бұл бір қатар іс-әрекеттердің күрделі ұйымдасқан жүйесі:
тікелей оқытатын оқытушының іс-әрекеті;
оқыту тәжірибесін жалпылау іс-әрекеті (оқыту процедураларын салыстыру, оқытудың біршама тиімді тәсілдері мен жолдарын анықтау – методист іс-әрекеті);
оқу құралдары мен оқу пәндерін құруға бағытталған әдістемелік іс-әрекет;
оқу пәндерін бір тұтас етіп жалғастырудан тұратын, оқу бағдарламаларын бағдарламалау, құрастыру іс-әрекеті.
Бұрын оқытудың мақсаттары мен міндеттерін саясат пен мәдениет анықтайтын. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәдени жағдай оқытудың мақсаттары мен міндеттерін бейнелеу мен анықтау жұмыстарымен педагог-методисттер айналысуын талап етеді. Себебі, біріншіден, қазіргі кездегі өндірістік-практикалық іс-әрекет өте жиі тек маман ғана шеше алатын міндеттерді қояды. Екіншіден, қазіргі кездегі методологиялық ойлау оқу үрдістерін тиімді проекциялай отырып, сұраныс берушіден айқын және анық мақсаттарды талап етеді. Үшіншіден, қазіргі технологиялық қоғам тез және интенсивті дамуда және оқыту жүйесінен соны талап етеді, яғни кәсіби сауда-саттықты қадағалауды, қоғамға қажетті адамның қасиеттерін тез және жүйеленген түрде бейнелеуді, және оқу бағдарламаларының міндетінде оперативті проекциялауды талап етеді. Кеңірек мағынада, бұндай ойлаудың нәтижесі адам проектсі болады, ал біршама тар мағынада – маман проектсі болып табылады.
Оқыту – адамға белгілі-бір БИД (компетенциялар) беру. Бірақ білімді құры “беріп”, “алуға” болмайды. Жаңа білімдер оқытушының және оқушының өзінің белсенді іс-әрекеттерінің нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін. Оқыту – нәтижесінде оқушының бойында өзінің белсенділігі негізінде белгілі-бір БИД қалыптасатын оқытушы мен оқушы арасындағы белсенді өзара әрекеттестік үрдісі.
Педагог оқушы үшін қажетті жағдай жасайды, керекті құралдар мен ақпараттарды бағыттайды, бақылайды, береді.
Оқытудың қызметі – адамдарды іс-әрекетке деген қабілеттіліктердің қалыптасуы үшін белгілік және заттық құралдардың максималды икемделінуі. Оқытудың ең қарапайым варианты өз мұғалімінің іс-әрекетін қайта жаңғыртуға талпынған, оқушы мен мұғалімнің (кәсіби іс-әрекетті тасымалдаушы) қарым-қатынасы болып табылады; мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс немесе дұрыс емес ретінде біліктендіреді. Бұл жағдайда оқу үрдісінің тікелейлігі, бөлінбегендігі көрінеді.
Оқыту жүйесінің дамуы іс-әрекеттің күрделі түрлерін қарапайымдарға бөлуден және басында іс-әрекеттің қарапайым түрлеріне оқытудан тұрады. Кейін осы қарапайым іс-әрекеттерден қажетті күрделілерді құрастыру мақсатында, іс-әрекеттің күрделі кәсіби түрлерінен қарапайым элементарлы түрлерін бөліп алу міндет болып табылады. Осылайша, педагогикалық рефлексияның бірінші қағидасы – элементарлы іс-әрекеттерді бөлу және олардың трансляциясы. Бірақ іс-әрекетті соңына дейін қарапайым элементтерге бөлшектеу мүмкін емес. Сондықтан екінші қағида көрінеді, ол негізгі элементтерден күрделі іс-әрекетті құрастыруға мүмкіндік беретін белгілік құралдарды проекциялау мен трансляциялаудан тұрады. Бұл белгілік құралдар іс-әрекетті бейнелеу және проекциялау құралдары болып табылады.
Сонымен, методологиялық тілде оқыту жүйесі іс-әрекетті рефлексивті бөлшектеу арқылы күрделі іс-әрекеттерге оқыту жағдайынан бас кезінде қарапайым іс-әрекеттерге оқытуға, ал одан кейін қарапайымнан – іс-әрекеттің берілген тапсырмалар жағдайын қанағаттандыратын күрделілерді құрастыруға қарай дамитын, жүйе ретінде бейнеленуі мүмкін.
Психиканың қалыптасуының психологиялық жобалары:
Интериоризация жобасы. Қазіргі кездегі психология бойынша, адамның бойында берілген психологиялық білімдерді (бейне, түсінік) қалыптастыру үшін, ол түсінік қызмет ететін, ондай түсініктер іс-әрекеттің дамуы үрдісінде қалыптасатын, іс-әрекетті бөліп көрсету қажет.
Бірінші міндет – орындаған кезде берілген түсінікті пайдалану қажет болып табылатын іс-әрекетті табу. Ол үшін орындалуы іс-әрекеттің дұрыс орындалуын алып келетін жағдайлар жиынтығын бөлу қажет болып табылады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің толық ұйғарымдық негізінің тапсырмасына сәйкес келеді. Тапсырманы шешу арқылы сүйенішпен дұрыс ұйғарымдардың жиынтығы қалыптасады. Іс-әрекет жүйелі түрде қайта жаңғыратын болғандықтан, ұйғарым бірте-бірте ішкі жоспарға қарай қозғалады. Іс-әрекетті қайта жаңғырту барысында ұйғарымдық іс-әрекет жинақталады, автоматтанады, жалпыланады және ішкі жоспарға ауыстырылады.
Экстериоризация жобасы. Бұл жоба психикалық мазмұнды іштен сыртқа ауыстыруды білдіреді. Бұл жинақталған ойды айқындау қажеттілігі туындаған кездегі коммуникация жағдайы. Түсіну үрдістері экстериоризацияны ұйымдастырады, тыңдаушы ойларды көрсетуді ұйымдастыруға белгілі-бір талаптар қояды. Экстериоризация – басқа біреу үшін ойды айқындау үрдісі болып табылады. Осы айқындау арқылы ой объективтенеді және сын мен рефлексияға ыңғайлы бола бастайды.
Мәселелендіру (проблематизация) және рефлексия жобасы. Мәселелік жағдай – бұл іс-әрекеттің қиындыққа кез болу жағдайы. Мәнді мәселелік жағдайларды шешу үшін тефлексия актсы – сыртқы қиындаққа кез болуды зерттеу іс-әрекетінен шығу қажет, содан кейін өз іс-әрекетін сынау мен жаңаларын проекциялау керек. Рефлексияның мағынасы - өзіне сырттан қарау. Яғни, рефлексия – дамудың бастауы және түбкі механизмі.
Осылайша, оқыту мен дамыту практикалық іс-әрекет арқылы іске асады→ мәселелік жағдайлар арқылы белгіленген қиындықтар→ қиындықтарды және мәселелік жағдайларды саналау актсы→ келесі рефлексияны, әрекеттің критикасын→ жаңа әрекеттерді проекциялау және оларды іске асыру (орындау). Тек осылай ғана ұйымдасқан оқыту оқушының санасын дамытуды қамтамасыз етеді.
4-дәріс: “Педагогикалық акт ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті ретінде”
Педагогикалық үрдіс – бұл 5 элементтен тұратын жүйе:
оқытудың мақсаты (Мақ) (Ц-цель)– не үшін оқытады;
оқытудың мазмұны (Маз) (С-содержание) – не нәрсеге оқыту;
оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары (Ә) (М-методы) – қалай оқыту;
оқытушы (Оқыт) (П-преподаватель);
оқушы (О) (У-ученик).
Яғни, педагогикалық үрдістің құрылымы былайша бейнеленеді (1 сурет):
Ц
С М
П У
1 сурет
Педагогтың қызметтері мыналар:
іс-әрекетті көрсету арқылы оқушыда іс-әрекет туралы көзқарас қалыптастыру;
студентті іс-әрекетке тарту, оның нәтижесінде оқушы оны іске асырады;
орындалған іс-әрекеттің сапасын бақылау.
Егер оқушының іс-әрекет туралы берілген көзқарасты түсінбеуіне байланысты мәселелік жағдай туындаса, онда рефлексия барасында іс-әрекеттің ену және іске асу кезеңдеріне сәйкес бұл іс-әрекет бөлшектерге бөлінеді. Одан кейін бұл рефлексиялық білімдер нормативтікке айналады. Сосын педагог тағы да іс-әрекетке енуді көрсетеді, оқушының талпынуын ұйымдастырады, іс-әрекеттің енуі мен іске асуын қадағалайды және т.б. Оқу-педагогикалық іс-әрекеттің дамуының логикасы осындай. Осылайша, педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру-басқарушылық іс-әрекет ретінде көрінеді (оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастырады және оны басқарады).
Оқыту үрдісіне әсер ететін психологиялық факторлар:
мотивтер (сыртқы және ішкі);
қабылдау;
зейін мен бағдарлар;
ойлану мен түсіну.
2 МОДУЛЬ 5-дәріс: “Жоғарғы оқу орнындағы оқу-тәрбиелік жағдайларды проекциялаудың қағидалары мен әдістері”
Оқу жағдайының құрылымына 5 мәнді айнымалылар енеді:
қатысушыларды білім беру жағдайына енгізудің мағынасы мен мақсаты;
оқу пәнін меңгеру мақсатында құрылымданған және операцияланған сол оқу пәнінің объективті мазмұны;
оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үрдісін, сонымен қатар оқу іс-әрекетінің жалпыланған тәсілдері мен меңгерудің деңгейлері мен кезеңдерінің бірінен екіншісіне ауысуын меңгеру үрдісін ұйымдастырушы процедуралар;
оқытушы мен студенттердің оқу өзара әрекеттестігі және студенттер арасындағы (өзара әрекеттің мақсаты, тәсілдері, құралдары, процедуралары) өзара әрекеттестік жүйелері оқыту үрдісіндегі тұлғаның даму жағдайын әлеуметтік реттеу формасы ретінде;
меңгеру үрдісінің барлық барысындағы көрсетілген айнымалылардың өзара байланыс динамикасы.
Оқу-тәрбиелік жағдай - өзара байланыстың белгілі-бір типі, барлық көрсетілген айнымалылардың оқу үрдісінде дамуының динамикасындағы сәйкестік. Оқу жағдайы құрылымындағы орталық динамикалық формалар, бір жағынан, студенттердің өздерінің бір-бірімен өзара әрекетінің сипатын анықтайтын оқытушы мен студенттердің оның басқаруының авторитарлық немесе демократиялық басымдылығымен оқу өзара әрекет жүйесі; екінші жағынан, оқу пәнінің пәндік мазмұнын объективтендіретін әртүрлі психологиялық қиындықтағы тапсырмалар жүйесін құрылымдандырудың сипаты.
Оқытушы мен студенттердің бірлескен іс-әрекетіне оқытушы мен студенттердің тек коммуникативті ғана емес, сонымен қатар заттық-практикалық өзара әрекеттестігі де енеді. Бұл өзара әрекеттестіктер педагогикалық қарым-қатынастың негізін құрайды.
Бірлескен оқу іс-әрекеті – меңгерілген іс-әрекеттің қалыптасу үрдісіндегі әрекеттерін, операцияларын, осы әрекеттердің, оқытушы мен студенттер арасындағы және оқушылардың өздерінің арасындағы операциялардың вербалды және вербалды емес сигналдарын алмастыру актсы.
СД мақсаты – оқудың өзіндік реттелуінің, меңгеріліп отырған заттық іс-әрекеттің және өзара әрекеттестік актлары мен ондағы тұлғаның позицияларының механизмдерін құру.
Пәні – оқу іс-әрекетінің және өзара әрекеттестік пен қарым-қатынастың нормаларының тәсілдері.
Өнім – оқудың жаңа мағыналарын өзектендіру және студенттердің меңгерілген іс-әрекеттің мазмұнымен және жұптағы тұлғалық ұстанымдарын реттеумен байланысты мақсаттарды, оқудың жаңа мақсаттарын айқындауы.
СД мақсаттарына қол жеткізу құралы ретінде бірлесіп шешілген өнімді және шығармашылық тапсырмалар жүйесі, оқытушы мен студенттердің бір-бірімен өзара әрекеттестік формаларының жүйесі алынады.
Бірлесіп жұмыс жасаудың 8 формасын бөліп көрсетуге болады:
іс-әрекетке кіріспе (педагог қалыптасып отырған іс-әрекетке адекватты мағыналар мен мақсаттардың активациясы негізінде жаңа оқу тапсырмасына тұлғалық көшуді қамтамасыз етеді);
бөлінген әрекет (оқушыны іс-әрекеттің операционалдық-орындаушы қырына тарту іске асады);
имитациялайтын әрекет (тапсырманы шешу жолдарын бірлесіп іздеу, ұйғарымдық-зерттеу және операционалды-орындау сфераларының инициациясы);
әрекетті ұстану (оқушылардың инициативасын, бақылау сферасын, үрдістер мен шешімдердің нәтижелерін бағалауын кеңейту);
өзіндік реттелінетін әрекеттер (тапсырмаларды шешумен, мақсатқа бағыттылықпен байланысты іс-әрекеттің барлық компоненттеріне қатысты өзара және өзіндік бақылау);
өзіндік ояну әрекеттері (оқушылардың жаңа мақсаттарды, саналанған мақсатқа бағытталуды, сонымен қатар нәтижеге қол жеткізуді бақылаудың сыртқы және үрдістік формаларының редукциясын қозғау, талқылау және қабылдау);
өзіндік ұйымдасатын әрекеттер (конструктивті қызметтестіктің жаңа тәсілдері мен жобаларын қозғау және апродациялау, өнімдік және шығармашылық тапсырмаларды шешуге қатысушылардың барлығының арасындағы тұлға аралық қатынастар мен қарым-қатынастардың спектрін кеңейту, өзара әрекеттестікке қатысушылардың ұстанымдарының белсенді өзгеруі);
жұптық (шығармашылық іс-әрекет пен өзара әрекеттің құрылымындағы барлық компоненттердің өзіндік ұйымдасуы негізінде педагогпен және құрдастарымен сапалық жаңа қатынастарға ауысу: ұйымдастыру-орындаушылық, бақылау-бағалаулық, интеллектуалды-коммуникативті және мотивациялық- мағыналық).
6-дәріс: “Дәстүрлік оқытудың психологиялық ерекшеліктері”
Оқу оқышу педагогикалық жағдайда қандай қызмет атқаратынына тәуелді белгілі-бір әрекеттерден құралады. Олар мыналар болуы мүмкін: сырттан келетін ақпараттарды пассивті қабылдау және меңгеру; ақпараттарды белсенді өз бетінше іздестіру және пайдалану.
Бірінші жағдайда студентті педагогтың қалыптастыру әсерлерінің объектсі ретінде қарастырады. Онда үйренудің негізінде оған белгілі-бір әдістердің негізінде дайын ақпараттарды, дайын білімдер мен икемділіктерді беру жатады.
Оқыту (грек тілінен аударғанда “адамға жол” – мақсатқа қол жеткізу тәсілі, білім алу жолы) әдісі – ақпараттарды қайта өңдеу арқылы белгілі-бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған педагог пен оқушылардың өзара әрекеттестік тәсілдерінің біртіндеп алмасуы.
Оқытудың формасы – бұл оқушылардың білім алуы барысындағы оқушылар мен оқытушының ұйымдасқан өзара әрекеті:
фронтальды, индивидуалды, топтық, сыныптық-сабақтық, кешкі және т.б.;
сабақ, экскурсия, семинар, дәріс, практикалық сабақтар, өндірістік практика, емтихандар, сынақтар, кеңес берулер.
Әдістің формадан айырмашылығы: әдісте білім алу тәсілі және оқушының өзінің қатысу деңгейі берілген.
Жоғарғы мектепте дәріс, семинар, практикалық сабақтар сияқты оқыту формалары біршама дәстүрлік болып табылады.
Дәріс – негізінде оқытудың түсіндіру-иллюстративті әдісі жатыр (оқытушы түсіндіреді, материалды иллюстрациялайды). Студенттің іс-әрекеті ақпаратты алуға және тануға бағытталған (“таныс-білімдер” қалыптасады).
Семинар мен практикалық сабақтар – негізінде репродуктивті әдіс жатыр (оқытушы тапсырмалар құрастырады, тапсырмалар, сұрақтар береді, ал студент алынған білімдерін, тапсырмаларды шешу тәсілдерін қайта жаңғыртуы тиіс). Бұның нәтижесінде “көшірме-білімдер” қалыптасады.
Оқытудың бұл дәстүрлік әдістерінің негізгі мәні – оқушыларға белгілі дайын білімдерді беру үрдісі.
Дәстүрлік оқытудың ерекшеліктері
Оқыту жүйесінің параметрлері
|
Дәстүрлік оқыту
|
1. Басқару бірлігі
|
Оқу-тәрбиелік үрдіс екі автономды іс-әрекеттердің өзара байланысы ретінде қарастырылады; мұғалімнің оқытушылық және оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттері; оқушылар басқарудың объектсі ретінде, педагог жоспарларын орындаушы ретінде көрінеді.
|
2. Мақсаттар
|
Заттық-пәндік білімдерді меңгеру
|
3. Оқытушының рөлдік ұстанымдары мен басқару стильі
|
Заттық-ұйғарымдық ұстаным, ақпараттық-бақылаушы қызмет атқарады (оқушы танушы “когнитивті” индивид ретінде). Авторитарлы-директивті, репрессивті стиль, оқушылардың инициативасын басады.
|
4. Оқытушының мотивациялық-мағыналық бағдарлары
|
Тұлғаның анонимділігі, жабықтығы, барлығына ортақ индивидуалды есеп берушілік, талаптардың өзгермейтіндігі, оқушылардың жеке тәжірибесін толықтыру
|
5. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаттамасы
|
Репродуктивті білімдер, үлгі бойынша әрекет жасау орын алады. Іс-әрекеттің орындаушы оперативті-техникалық қырын меңгеру мағынаға және мақсатқа бағыттылықты басып озады. Жеке элементтерді орындауға жаттығу оның жүйелік ұйымдасуын жасыра отырып, іс-әрекеттің ойын және мағынасын басады. Тапсырмалар жүйесі сырттан берілген мақсаттар логикасында құрылады. Тапсырмалар оқушылардың қол жеткізген шегіндегі индивидуалды айырмашылықтарды бекіте отырып, оқушылардың индивидуалды дарындылық деңгейлерін дифференциациялауға есептелген.
|
6. Өзара әрекет формалары
|
Мұғалім берген мақсаттар мен оған қол жеткізудің жоспарлары оқушылардың индивидуалды оқу жұмысының орындаушы стильін анықтайды. Оқу өзара әрекеттерінің жетекші формасы – үлгілерге еліктеу, имитация, еру. Оқытушыға еру позициясы. Әлеуметтік және тұлға аралық өзара әрекеттердің біртектілігі. Педагог пен оқушы арасындағы конфликтлер мен агрессивтіліктің туындауының жоғарғы ықтималдылығы.
|
7. Қарым-қатынастар формасы
|
Бақталастық бірлесіп жұмыс істеуді басады.
|
8. Бақылау және баға
|
Қатаң берілген шектегі сыртқы бақылау басым болады. Өзіндік бақылау ригидтілігімен және жағдайлығымен ерекшеленеді. Жақсы баға үшін күресте бақталастық көтеріледі. Сыртқы – мотивация (мұғалімнің бағасы). Оқу жұмысы таным қызығулары мен оған тұлғалық үлес қосу үшін емес, жазалаудан қашу, дәрежесін жоғалтудан қашу үшін орындалады. Көтерудің біртекті формалары, жаман баға алудан қорқу – оқудың жетекші эмоционалды құрамдас бөлігі.
|
9. Мотивациялық-мағыналық позициялар
|
Оқу құндылықтары мен тапсырмаларынан бөлектену, оқуды жек көру, танымдық мотивтер спектрінің тарылуы. Оқу жағдайынан іштей психологиялық алшақтау.
|
Дәстүрлік оқытудың кемшіліктері:
материалды оқудың орташаланған жалпы темпі;
оқушылар меңгеретін, білімдердің бірдей орташаланған көлемі;
оқушылардың білімдерді жинақтауы бойынша өз бетінше жұмыстарына сүйенбестен мұғалім арқылы дайын түрде алатын білімдерінің өте үлкен көлемділігі, нәтижесінде оқушылар “ойлана алмайды”;
мұғалімнің толық дерлік білмейтіні, оқушылар хабарланған білімдерді меңгере ме;
зейінді тұрақсыздандырудың объективті алғышарттарын жасайтын, материалдарды берудің сөздік әдістерінің басымдығы;
оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауларындағы қиындықтар;
оқушылардың есте сақтауына көп күш түсуі.
7-дәріс: “Жоғарғы оқу арнындағы оқытудың дәстүрлік емес әдістерінің психологиялық сипаттамасы”
Бағдарламаланған оқыту. Оқытудың бұл түрі 20 ғасырдың 60-жылдары педагогика, психология және кибернетиканың қиылысында пайда болды. Оның негізінде оқыту туралы үш көзқарас жатыр: 1) басқару үрдісі ретінде; 2) ақпараттық үрдіс ретінде; 3) индивидуалданған үрдіс ретінде.
Бағдарламаланған оқытудың негізінде, мына нәрселер қатаң түрде жүйеленетін, оқыту бағдарламасы жатыр: 1) оқу метариалының өзі; 2) меңгеру бойынша оқушының әрекеттері; 3) меңгеруді бақылау формалары.
Оқу материалы көлемі бойынша кішігірім, логикалық аяқталған оқу дозаларына бөлшектенеді, әрбір дозаны меңгергеннен кейін оқушы оқытушы – программист алдын-ала дайындап қойған бірнеше жауаптардың ішінен өзінің ойынша дұрыс жауапты таңдап ала отырып, бақылау сұрақтарына жауап береді, немесе берілген символдардың, әріптердің, сандарды көмегімен жауапты өз бетінше констатациялайды. Егер дұрыс жауап берсе, келесі оқу дозасы беріледі. Дұрыс емес жауап берсе сол оқу дозасы мен жауап берудің жаңа талпынысы қайталануы қажеттігі туындайды.
Сызықтық және оралымды бағдарламаларды бөледі. Сызықтықта – әрбір оқушы барлығы үшін бірдей, оқу дозаларының бір ғана біртінділігін оқиды. Оралымдыда - әрбір оқушы оқытудың берілген мақсатына өзінің индивидуалды ерекшеліктеріне тәуелді әртүрлі жолмен келеді, себебі бақылау сұрақтарына берген жауаптарының сипатына тәуелді әрбір оқу дозасынан кейін оқушы не келесі оқу дозасына көшеді, не бағдарламаның “бүйір бұтақтарына” көшеді. “Бүйір бұтақтар” бірнешеу болуы мүмкін, оның мазмұнында қателерді түсіндіру, қосымша анықтамалар болады, олар білім “үзілістерін” толықтырады. Белгілі-бір “бұтақтан” өткеннен кейін оқушылар бағдарламаның “негізгі бұтағына” оралады. Біршама күшті оқушылар бағдарламаның негізгі “бұтағының” бойында қозғалады, біршама әлсіздері – “бүйір бұтақта” жүреді.
Бейімделу бағдарламалары бағдарламаның біршама қиын аудандарына (“бұтақтар”) ауысу мүмкіндігін береді, бұл ауысу оқушының осыған дейінгі жауаптары мен қателерінің барлығын есепке алу негізінде өтеді. Бейімделу оқу бағдарламасында, оқушылардың индивидуалды ерекшеліктеріне және жауаптарына тәуелді ақпаратты беру тәсілі, қиындық деңгейі, оқылып отырған материалдың тереңдігі мен көлемі, сұрақтардың сипаты өзгеретін, оқушылар жауаптарының талдамы сызбасы, көрші бағдарламалар сериясы енгізіледі.
Құрастырылған оқыту бағдарламасы “шатастырылған беттер” қағидасы бойынша құрылған компьютердің немесе бағдарламаланған оқулықтардың көмегімен іске асуы мүмкін (оқушының жауабына тәуелді оқулықтың белгілі-бір бетіне көшеді).
Бағдарламаланған оқытудың негізгі қағидалары мен пайдалы жақтары:
оқу материалының дозалығы;
оқушылардың белсенді өз бетінше жұмыс жасауы;
меңгеруді үнемі бақылап отыру;
оқыту типінің, оқу материалы көлемінің жекеленуі;
техникалық автоматтанған құралдарды және компьютерлерді пайдалану мүмкіндігі.
Бағдарламаланған оқытуды фактлік материалдарға және қайталанып отыратын операцияларға негізделген пәндерді оқытуда қолдануға болады. Бағдарламаланған оқытудың басты міндеті – автоматтанған дағдыларды, мықты біркелкі білімдер мен икемділіктерді қалыптастыру.
Бағдарламаланған оқыту ТСО-ның дамуы мен қолданылуын стимулдандырды.
ТСО түрлері:
ақпараттық (ақпаратты ұсыну тәсілдері бойынша: кино, теледидар, диопроектор, видео және т.б.);
бақылаушы;
оқытушы (оқыту бағдарламасы).
8-дәріс: “Мәселелік оқыту психологиясы”
Мәселелік оқытудағы негізгі психологиялық механизм қарама-қайшы, жаңа, түсініксіз мәселеге кездесі болып табылады. “Мәселе” – күрделі теориялық немесе практикалық сұрақ, оның құрамында адамда түсініксіздік, таңдану күйі пайда болғандағы, шешудің түрлі, кейде қарама-қарсы қағидаларын тудыратын жасырын қарама-қайшылық болады. Одан кейін болжамдардың қозғалуы, олардың негізделуі мен тексерілуі өтеді.
Мәселелік оқыту – мұғалімнің жетекшілігімен студенттің, студенттер тобының мәселемен ойша өзара әрекеттесу психикалық күйі. Мәселелік оқытудың жетістігінің негізгі шарттары: 1) мәселенің мазмұнына қызығушылық тудыру қажет; 2) оқушылардың туындап келе жатқан мәселемен жұмыс жасауының күшін қамтамасыз ету; 3) оқушының мәселені шешудегі алған ақпараты кәсіби-оқыту жоспарында мәнді, маңызды болуы тиіс; 4) мәселелік оқыту мұғалім оқушының ойлау үрдісіне көз алмай және жылылықпен зейін аударған кездегі, мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың белгілі-бір стильінде ғана жақсы іске асады. Бұндай қарым-қатынас оқушының танымдық, ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Мәселелік оқыту мынадай міндеттер қояды:
оқушылардың ойлауы мен қабілеттіліктерін, олардың шығармашылық икемділіктерін дамыту;
оқушылардың белсенді іздеу және мәселелерді өз бетінше шешу барысында жинақталған білімдерді, икемділіктерді меңгеруі, нәтижесінде бұл білімдер біршама мықты болады;
стандарт емес кәсіби мәселелерді көріп, қойып және шеше алатын оқушының белсенді, шығармашылық тұлғасын тәрбиелеу.
Мәселелік оқытудың 3 әдісі: мәселелік мазмұндама; жартылай-ізденістік іс-әрекет; өз бетінше зерттеу іс-әрекеті.
Дәрістегі оқу материалын мәселелік мазмұндама: мұғалім мәселелік сұрақтар қояды, мәселелік тапсырмалар құрастырады және оны өзі шешеді; оқушылар шешімді іздеу үрдісіне тек ойша ғана қосылады. Мәселелік мазмұндама “білім-икемділік” береді.
Жартылай-ізденістік әдіс: мұғалім мәселелік сұрақтар жүйесін ойлап табады, мүмкін болатын сілтемелерді ойлап табады, оқушылардың жауаптарына сүйене отырып бастысын анықтайды. “Білім-трансформация” қалыптасады.
Зерттеу әдісі: оқушылар өз бетінше мәселе қалыптастыруда және мұғалімнің бақылауымен оны шешеді (курстық, дипломдық жұмыстар, СҒЗЖ). Бұндай оқытуда берік “білім-трансформациялар” қалыптасады.
9-дәріс: “Жоғарғы оқу орнындағы белсенді және интерактивті оқыту әдістері”
Іскерлік ойын – маманның болашақ кәсіби іс-әрекетінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын қайта жаңғырту формасы.
Іскерлік ойынның психологиялық-педагогикалық қағидалары:
кәсіби іс-әрекет мазмұнының, өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасының имитациялық моделдену қағидасы;
құрамында бірнеше қарама-қайшылықтар бар және оқушылардың бойында қиналу күйін тудыратын ойын тапсырмаларының жүйесі арқылы осы кәсіби іс-әрекетке тән мәселелік жағдайларды қайта туындату қағидасы;
ойында имитацияланатын мамандардың өндірістік қызметтерінің өзара әрекеттесу жағдайындағы қатысушылардың бірлескен іс-әрекеті қағидасы;
ойындағы жұптардың диалогы және өзара әрекеттестігі қағидасы;
екі жоспарлық қағидасы (эмоционалды ашылу және кәсіби, әлеуметтік компетенттілікке ие болу).
Іскерлік ойындардың түрлері: 1) нақты өндірістік-кәсіби жағдайларды талдау; 2) рөлдерді орындау; 3) кәсіби іс-әрекетті және қабылданған кәсіби шешімдердің салдарын имитациялайтын толық ауқымды іскерлік ойын.
Оқыту жүйесінің параметрлері
|
Интерактивті оқытудың психологиялық ерекшеліктері
|
1. Басқару бірлігі
|
Педагог пен оқушылардың іс-әрекеттерінің өзара байланысындағы біртұтас оқу-тәрбиелік жағдай; оқушылар – білім беру үрдісінің субъектлері.
|
2. Мақсаттар
|
Тұлғаның дамуы.
|
3. Оқытушының рөлдік позициялары және басқару стилі
|
Тұлғаға бағытталған позиция, демократтық стиль, инициатива қабылданады.
|
4. Оқытушының мотивациялық-мағыналық бағдарлары
|
Ашықтық, тәртіптілікке, бірлескен іс-әрекетке, көмекке және қатынасуға бағдар.
|
5. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты
|
Шығармашылық, өнімді тапсырмалар; танымдық іс-әрекеттің мағыналары мен мақсаттарын қалыптастыру; тапсырмалар оқушылар үшін перспективті даму аймағын кеңейтеді.
|
6. Өзара әрекеттердің формалары
|
Мақсаттар мен міндеттерді педагог оқушылармен бірлесіп қалыптастырады және қабылдайды. Бірлескен іс-әрекет ұйымдастырылады. Оқыту үрдісіндегі түрлі рөлдерді меңгеру (бірге қатысушының, жұбының, жетекшінің, көмекшінің).
|
7. Қарым-қатынас формалары
|
Топ ішілік және топ аралық қатынастардың дамуы; конфликтліктің төмендеуі; бірлесіп жұмыс жасау.
|
8. Бақылау және бағалау
|
Өзара және өзін-өзі бақылау; жетістікті халық алдында мойындауды күшейту, жағымды эмоциялық ұстанымды қалыптастыру.
|
9. Оқушылардың мотивациялық-мағыналық позициясы
|
Шығармашылық және бірлесіп жұмыс істеу; тұлғаның мотивациялық сферасын кеңейту; өзіндік актуализация.
|
10-дәріс: “Жоғарғы оқу орнындағы дәрісті моделдеудің психологиялық негіздері”
Дәріс – (латын тілінен “lectio” - оқу) – оқытушының ғылыми білімдерді беру мақсатымен аудиторияға ауызша хабарлама жасауының арнайы формасы. Дәріс оқу үрдісінің формасы ретінде бір қатар ерекшелейтін қырларымен айрықшаланады:
ол оқу пәнінің негізгі жағдайларына біртұтас және логикалық түсіндіру береді;
студенттерді осы ғылымды оқудың методологиясымен қаруландырады;
басқа формаларға қарағанда қазіргі кездегі оқулықтардың және оқу құралдарының олқылықтарын немесе жоқтығын жақсырақ толықтырады, ғылымның соңғы мәліметтерімен оперативті таныстырады;
оқытуды тәрбиелеумен органикалық үйлестіреді;
студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға бағыттайды және оның негізгі бағыттарын анықтайды.
Сабақ берудің дәрістік формасының мынадай бір қатар жақсы жақтары бар: бұл оқытудың біршама үнемді тәсілі, меңгеру дәрежесі бойынша тиімді, дүниетаным мен нанымдарды қалыптастырудың біршама ақиқат құралдарының бірі, дәріс оқушының үлкен аудиторияға бір мезгілді жеке тікелей әсер етуінің құралы.
Әйгілі ғалым Н.Е. Жуковский дәріс туралы былай деп жазған: “Әсер қалдыру күші бойынша дәрістік тәсіл сабақ берудің басқа барлық түрлерінен жоғары тұрады және ештемемен алмастыруға келмейді. Сонымен қатар, ол уақыт бойынша өте үнемді”.
Бірақ дәрістің де кемшіліктері жоқ емес, осның ішінде: ол студенттен дәріс оқушыға кері байланыстың тек ең минималды бөлігін ғана қамтамасыз етеді; студенттік аудитория қаншалықты көп түрлі болса, дәріс оқушының нақты оқушыға әсері соншалықты әлсіз болады.
Бұл әртүрлілік бірнеше рет дәрістің оқу үрдісіндегі рөлі мен орны туралы пікір-таластарға ғана емес, сонымен қатар оған үнемі тыйым салуға да алып келді.
Оқу үрдісіндегі дәрістің жетекші орны мыналармен анықталады:
біріншіден, пән бойынша курс дәрісі оның негізгі мазмұнын береді;
екіншіден, дәрістер тек оқу үрдісінің мазмұнын ғана емес, сондай-ақ бүкіл оқу үрдісінің теориялық және кәсіби бағыттылығын да анықтайды;
үшіншіден, оқу үрдісінің басқа формаларының бағыты, мазмұны мен тиімділігі соларға тәуелді.
Қазіргі кездегі оқу дәрістерін үш түрге бөлу қабылданған: шолу, мәселелік және пәндік. Егер шолу дәрісі біртұтас білім қалыптастыру үшін бұрынғы білімдерді қайта жаңғыртуға немесе қандай да бір әлі зерттелмеген немесе өте таныс емес материалмен таныстыруға бағытталса, онда мәселелік – материалды мәселе ретінде, мәселелер жиынтығы, қазіргі кездегі экономикалық өмірдің белгілі-бір қырына әртүрлі көзқарастар палитрасы ретінде береді, бұнда – мәселеден шығудың дайын жолы жоқ, оны оқытушы да, студенттер де бірге іздеуі керек.
Пәндік дәріс дәрістік курстың кәдімгі құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ оған мәселеліктің элементтері де, шолудың жеке бөліктері де енуі мүмкін.
Дәріске психологиялық-педагогикалық талаптар:
Дәріс ғылыми қатынаста қысқартылған болмауы тиіс.
Дәріс міндетті түрде, тіпті ең жаңа және жақсы оқулықтың шегінен шығуы тиіс.
Дәріс дайын жауаптар мен рецепттерден тұрмауы керек, ол ойлануға үйретуі керек.
Дәріс тіл тұрғысынан алғанда сауатты және логикалық болуы тиіс.
Дәріс айқын және сенімді болуы қажет.
Қазіргі таңда дәріс жоғарғы мектептегі оқу үрдісінің мазмұнын анықтайтын жетекші форма болып табылады. Дәріс ең бастысы өз бетінше жұмыс жасауға негізгі бағдарларды беруі керек немесе студенттердің тақырыпты өз бетінше оқуын шыңдауы тиіс, өз бетінше жұмыс жасаудың негізінде алынған білімдерді жүйелендіруге, жинақталған ақпараттарды жүйелендіруге және оның негізінде белгілі-бір қорытындылар жасауға көмектесетін шолу беруі тиіс.
Оқу дәрісінің әдістемелік құрылғысы.
Дәрістің тақырыбы. Тақырыпты таңдаудың негіздемелері:
А) тақырыптың курс жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау;
Б) тақырып бойынша библиографияны таңдап алу (оқытушы мен студенттер үшін әдебиеттер)
Дәрісті ұйымдастыру формалары:
А) аудитория (тыңдаушылардың дайындығының сипаты мен деңгейі);
Б) дәрістің мақсаты;
В) дәрістің міндеттері:
міндеттердің құрамы мен біртінділігі;
міндеттердің сипаты (ақпараттық, талдамдық, жүйелендіретін, мәселелік);
студенттерге көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін қажетті құралдар (категориялар; көрсету жүйелері; қызметтік, генетикалық, құрылымдық, ықтималдық, себептік байланыстар);
оқытушы тыңдаушылардың бойында қалыптастыратын эмоциялық позициялар мен қатынастар.
Г) дәрістің ұйымдастырушылық формасы: монолог; аудиовизуалды құралдарға сүйенген монолог; эвристикалық әңгімелесудің элементтері бар монолог; диалог - пікір-талас (дәрісті екі оқытушы жүргізеді).
Дәрістің мазмұны:
А) мазмұнның жоспар-конспектсі;
Б) біртұтастықты, жүйелікті, біртінділікті, оңайлықты, көркемдікті қамтамасыз ететін оқу құралдар және дидактикалық тәсілдер.
4. Дәріс үрдісіндегі оқытушының біртұтастық бейнесі:
А) дәріс мазмұнының әрбір бөлімінен тапсырмаларды шешу үрдісіндегі оқытушының студенттермен бірлесіп қызмет жасау формалары (тапсырманы бірлесіп шешу, үлгіге еліктеу, бірлесіп жұмыс жасау);
Б) сөйлеудің тілдік формасы (лексика, грамматика, стилистика);
В) оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының эмоциялық-айқын көрінетін вербалды емес құралдары (жесттер; мимика; пантомимика; интонация; дауыс ырғағы; темп; ырғақ; үзілістер).
Достарыңызбен бөлісу: |