Атырау жоғарғы медициналық колледжі
Глоссарий
Дайындаған:Үмбетқалиева С.М.
Тексерген:Кенжеғалиева Г.Ш.
2020 жыл
Психология міндеттері және мәні
Психология — адамның жеке бірлікретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады
Материализм - материя, табиғат, болмысалғышқы, ал сана, рух, ой - материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт.
Идеализм - идея, рух, сана объективті дүниенің бастауы.
Классификация, сұрыптау (лат. classis — жіктеу) — суда ұнтақталған заттан ірілігі белгілі мөлшерден аспайтын ұнтақ бөлегін бөліп алуға (ағызынды түрінде), ал құмды бөлігін диірменге қайтаруға, жинағыш столдарда байыту алтында бірдей шөгу принципімен кластарға бөлуге қолданылады.
Олигофренопсихология - (гр. oligos - аз, болмашы, гр. рһrеn — ақыл және психология) — миының жетілмегендігі ауыр нысандағы адамдардың психикалық дамуын және оны түзету мүмкіндіктерін зерттейтін арнаулы психологияның тарауы.
Сурдопсихология (лат. surdus—саңырау, күңгірт естілетін және ...логия) — арнаулы психологияның саңырау және құлағының мүкісі бар адамдардың психикалық дамуын, оқыту мен тәрбиелеу жағдайында бұл дамуды жетілдіру мүмкіндіктерін зерттейтін саласы.
Тифлопсихология (гр. typlos — соқыр және психология) — соқыр және нашар көретін адамдардың психикалық дамуын, оқыту мен тәрбиелеу кезінде оны түзеудің жолдары мен әдістерін зерттейтін арнаулы психология саласы.
Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән.
Невропсихология - жас және дамып келе жатқан ғылым. Мидың зақымдалған бөліктерінде орын алған процестерді зерттеместен, адамға оңалтуға көмектесу қиын. Балалар көбіне әртүрлі бұзушылықтармен дүниеге келеді, ал нейропсихология оны ерте сатыда анықтауға және түзету жоспарын жасауға көмектеседі
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді.
Психогигиена және психопрофилактика – медициналық психологияның салалары, жүйке психикалық және психосоматикалықаурулардың алдын алу, сондай-ақ психожарақаттық шұғыл реакцияларды жеңілдету мақсатында, іс жүзінде сау адамдарға мамандандырылған көмек көрсету міндетін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |