Психологиялық тренинг



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі29,11 Kb.
#118567
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
МОӨЖ


Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үдерісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілетін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.
Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.
Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Кейде осы терминді жете түсіну үшін (ағылшын сөзі experience — «өмірлік тәжірибе») қолданады.
Психологиялық тренинг – қоршаған ортаны тануға, адамдардың өмірлік тәжірибесі арқылы және қарым-қатынас барысында түрлі жаттығулар мен пікірталас барсында сезінеді. Мұндай әдістер жасөспірім шақта ерекше маңызды болып келеді, себебі қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен адамдармен қарым-қатынасының шиеленісуі, жасөспірімнің осы проблемаларды шешуге деген ынтасы және өмірлік тәжірибенің аздығының әсеріне байланысты. Тренинг бір жағынан барынша « жинақылыққа», екінші психологиялық жағынан түсіндіру, яғни тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған.Тренинг әдісі ретінде қатысушылардың қандай да бір іс –әрекетті үйренуге бағытталған. Бірақ қандай шарттар іс-әрекетті үйретуге бағытталған? Адамның нақты іс-әрекеті: 1) белгілі бір әрекетті істеуге деген ынтасы 2) іс-әрекетті қалай орындау керек екенін білу 3) іс-әрекетті жүзеге асыру. Психологиялық тренингтің түрлілігі. «Психологиялық тренинг», «әлеуметтік-психологиялық тренинг» терминдері бірмәнді ұйғарымға келмейді. Кең мағынада әлеуметтік-психологиялық тренинг – адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету, яғни танымдық процесстер – зейін, ес, ойлау және т.б. 
Психологиялық тренинг белгілері:

  1. Топаралық жұмыс принципін қадағалау

  2. Топаралық жұмысқа белсенді әдістер қолдану

  3. Тұлғаарлық әрекеттестіктің, қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына назар аудару

  4. Қатысушылардың қарым-қатынастарының жағымды жақтарын ашуға арналған ұйымдастыру шаралары

  5. Еркін және жағымды атмосфера құру

  6. Тұрақты топтың болуын қамтамасыз ету

  7. Қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге бағытталуы

Психологиялық тренинг қарым-қатынасы келесі принциптерден құралады:

  1. Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.

  2. Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.

  3. Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.

  4. Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.

  5. Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»

  6. Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.

Топаралық жұмыстың келесі формаларын анықтауға болады:

  • Топ қоғамның кіші түрі болып анықталады.

  • Кез келген тұлға топта жаңа біліктілікті меңгреді

  • Топ ішіне ортақ мәселері бар қатысушылар бір-бірін қолдай алады

  • Топаралық қарым-қатынас ортамен жақын қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді

  • Топ өзін-өзі тануға, ашылуға және дамуға мүмкіндік тудырады

  • Қатысушылардың психологиялық мәселелерін шешу барысында жұмыстың барысы айқындалады

  • Топаралық психологиялық жұмыс бірнеше клиенттермен жұмыс атқаруға мүмкіндік тудырады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет