ЖОСПАРЫ:
1. Ғылыми зерттеу әдістері туралы жалпы ұғым
2. Психология әдістерінің жіктемесі
3. Бақылау және эксперимент әдісі
4. Психологиядағы қосалқы әдістер
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Ұйымдастыру
Психология әдістері
Эмпирикалық
Деректерді өңдеу
Реттеу - түзету
- бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды
- психодиагностика: тест, анкета, сұрақ беру, социометря, интервью, әнгімелесу
- шығармашылық, іс – әрекет өнімдерін талдау
- өмірбаянымен танысу
- аудотренинг
- топ тренингі
- психотерапиялық ықпал ету
- оқу - үйрету
Психологиядағы негізгі әдістер
Бақылау әдісі
Эксперимент әдісі
Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге ұқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да пайдаланылады.
БАҚЫЛАУ ӘДІСІ
Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындағы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл-күйлер де қызықтырады. Өйткені белгілі бір көріністердін өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі мүмкін ғой. Мысалы, қандай да бір жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе бала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді елеп қана қоймай, оны дұрыс түсіндіру болып табылады.
Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.
Бақылау 2-ге бөлінеді:
ЖАППАЙ БАҚЫЛАУ
Ішінара бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал — совет лингвисі А. Н. Гвоздев өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды (1949).
Достарыңызбен бөлісу: |