Қр бғМ "ҰҒпдто" рмқК «Балдәурен» РОСО рмқк бас директоры



Дата06.07.2018
өлшемі74,25 Kb.
#47420
«БЕКІТЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

ҚР БҒМ "ҰҒПДТО" РМҚК «Балдәурен» РОСО РМҚК

Бас директоры Бас директоры

___________ Мустафаев С.Ш. ___________Төлепбай М.Б. «___»_______________2018 ж. «___»_____________2018 ж.

"ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІ - 2018"

ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. "Үздік дене шынықтыру мұғалімі" Республикалық байқауын (әрі қарай - Байқау) өткізу туралы Ереже Қазақстан Республкасының "Білім туралы" заңына, 2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына, 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту Тұжырымдамасына, "Рухани жаңғыру" Бағдарламасына, Қазақстан Республикасының жаңа білім беру мұғалімінің үздіксіз педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына, ҚР Президентінің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауына сәйкес әзірленді.

1.2. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығы (әрі қарай - "Балдәурен" РОСО) "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК бірлесіп өткізеді.

1.3. Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге жапы жетекшілік етуді ұйымдастыру комитеті (әрі қарай - ұй.комитеті) жүзеге асырады, Қосымша №1. Ұй.комитетінің құрамы "Балдәурен" РОСО әкімшілігінің бұйрығымен бекітіледі. Ұй.комитеті қазылар алқасы мен есептік комиссияның құрамын бекітеді.

1.4. Қазылар алқасының құрамына ҰҒПДТО мамандары, ЖОО-ның, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының мамандары, жоғары санатты дене тәрбиесінің оқытушылары кіреді.

1.5. Байқаудың қазылары әрбір қатысушының ұсынған материалдарының сапасын бағалайды; қазылар алқасы байқаудың барлық түрлеріне қатысады.

1.6. Есептік комиссия ұпай сандарын санайды және қорытынды кестеге енгізеді.



  1. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Байқау білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметті дамытуға, білім беру үрдісін ұйымдастырудағы жаңа технологияларды қолдауға, дене мәдениеті бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін арттыруға бағытталған.

2.1. Байқаудың негізгі мақсаты дене тәрбиесі мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету, аталған кәсіптегі ұстаздар еңбегінің беделін арттыру және "Рухани жаңғыру" бағдарламасының кәсіби жобаларын іске асыру болып табылады.

2.2. Байқаудың негізгі міндеттері болып табылады:



  • шығармашылықпен жұмыс жасайтын дене тәрбиесі мұғалімдерін анықтау және марапаттау;

  • педагогикалық идеялармен, педагогикалық шығармашылықтың нәтижелерімен алмасу;

  • дене тәрбиесі мұғалімдерінің жетістіктерінің оң нәтижелерін кеңінен тарату.




  1. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

3.1 Жалпы білім беру мекемелерінің барлық түрлерінің дене тәрбиесі мұғалімдері – Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары.

3.2 Байқауға қатысушылардың педагогикалық қызмет өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

3.3 Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

3.4 Байқаудың өткен жылдардағы жеңімпаздары қатыстырылмайды.


  1. ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

4.1. Байқау үш кезең бойынша өтеді:

I кезең – аудандық білім бөлімдері өткізеді: 2018 жылғы 5 - 28 ақпан аралығында.

Өтетін орны: аудан орталықтары.

II кезең – облыстық және Алматы, Астана қ.қ. білім басқармалары өткізеді: 2018 жылғы 5 - 23 наурыз аралығында.

Өтетін орны: облыс орталықтары.

III кезең – республикалық (финал): 2018 жылғы 16 - 21 сәуір аралығында. Келу уақыты 16 сәуірге дейін (16.04.18ж. таңертең байқау басталады).

Өтетін орны: «Балдәурен» РОСО РМҚК.

Финалдық кезеңге облыстық турдың жеңімпаздары, әр облыстан бір үміткерден, Алматы және Астана қалаларынан екі үміткерден жіберіледі.

ІІІ Республикалық байқаудың финалдық кезеңіне қатысу үшін Білім басқармалары Ұй.комитетіне ресми хатпен келесі материалдарды жібереді:


  • Байқаудың финалына қатысу үшін үміткерді жіберу туралы облыстық кезеңнің ұй.комитеті отырысының хаттамасының көшірмесін;

  • Үлгі бойынша ІІІ Республикалық байқаудың финалдық кезеңіне қатысушылардың өтініші, Қосымша №2;

  • Байқауға қатысушылар туралы өтініш берушінің ұсынысы, Қосымша №3;

  • Байқауға қатысушының ақпараттық картасы, Қосымша №4; Құжаттарға міндетті түрде түрде қосылады: фотография - түрлі-түсті (портрет 15*21)

Тізімде көрсетілген құжаттар Білім басқармасы басшысының қолымен және мөрімен бекітіліп, байқаудың финалдық кезеңіне қатысу үшін "Балдәурен" РОСО 2018 жылғы 5 сәуірге дейін жолдануы тиіс. Орталықтың координаттары:тел./факс 8-71636-7-91-34 (225 ішкі), e-mail: baldauren_mektep@mail.ru

Финалдық кезеңге өткен қатысушылардың тізімі 2018 жылғы 01 сәуір күні "Балдәурен" РОСО www.baldauren.org. ресми сайтында жарияланады.

4.2. Байқау туралы Ереже www.baldauren.org. сайтында 2018 ж. 30 қаңтарда жарияланады.




  1. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ


I кезең – «Педагог - шебер».

Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің таныстырылымы, Қосымша №5. Үміткер және оның мұғалім ретіндегі кәсіби қызметі туралы толық көрініс жасау.



Мақсаты: ұстаздық қызметті таңдау себебін ашу, жеке педагогикалық ұстанымдары мен білім беруге жол табуын, қазіргі замандағы педагог миссиясын түсінуін, кәсіби қызметінің нәтижелерін көрсету.

Өтетін орны – концерт залы. Уақыт регламенті 8 минутқа дейін. Байқауға қатысушыларға өздерін, кәсібіне деген өзінің қатынасын, инновациялық идеяларымен, ұстаздық еңбегінің нәтижелерімен таныстыру ұсынылады. Таныстыру еркін формада өтеді. Бұл фототаныстырылым, бейнетаныстырылым, аудиожазба, көркем сөз қолдану және т.б. болуы мүмкін. Шығармашылық пен бастамашылық марапатталады.



II кезең – «Жаңа мектепке – заманауи сабақ».

Дене шынықтыру сабағын өткізу, Қосымша №6, бірінші тармақ. Байқауға қатысушылар таныс емес сыныпта стандартты емес сабақ өткізеді (5-9 сыныптарда), бұл сабақ - жарыс, сабақ - саяхат, кіріктірілген сабақ және т.б. болуы мүмкін. Мұғалім өз мектебінде кімдерге сабақ беретініне байланысты, ұлдардың тобымен немесе қыздардың тобымен жұмыс жүргізеді. Бөлім мен сабақ тақырыбын қатысушы өзі таңдайды. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Сабақ өткізгенге дейін мұғалім қазылар алқасына күнделікті сабақ жоспарын ұсынады, сабақтың соңында өзіндік талдау жүргізеді (өзіндік талдаудың ұзақтығы – қазылардың сұрақтарына жауапты қосқанда 5 минуттан артық емес).



III кезең – «Тиімді жұмыс тәжірибесі әркімнің тәжирибесіне».

Педагогикалық бағдарламаны (өзгертілген, эксперименттік, авторлық) ұсыну (10 минут). Қосымша №6, екінші тармақ.



IV кезең – «Достық стадионы».

Спорттық іс-шараның таныстырылымы (10-15 минут), Қосымша 6, үшінші тармақ. Таныстырылым еркін формада: фото, бейнетаныстырылымдар ауызша таныстырумен, әңгімелеумен жүреді. Идея, өзектілік, іске асыру мүмкіндігі марапатталады.




  1. БАЙҚАУ МАТЕРИАЛДАРЫН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

6.1. Байқау материалдары екі нұсқада беріледі: баспа және электронды.

6.2. Баспадағы нұсқасы қорғау кезінде қазылар алқасына ұсыну үшін (бес данадан кем емес) байқаудың барлық материалдарымен "қатысушының папкасын" ұсынады. Папканың құрамы: қатысушының суреті; педагогикалық кредосы; байқаудың өткен екі кезеңінің нәтижелерімен бірге білім басқармасының басшысынан байқауға қатысуға мөрмен және білім басқармасы басшысының қолымен бекітілген ұсыныс-хат; ашық сабақтың сабақ жоспары; педагогикалық бағдарлама; спорттық мерекенің әзірлемесі.

6.3. Байқаудың үздік материалдарының жинағын шығару үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ бет өлшемдерінің келесі талаптарына сәйкес барлық 4 кезеңнің құжаттарының электронды нұсқасы болуы керек: 12 шрифт TimesNewRoman, А4 тік, жиек: жоғарғы 2 см, төменгі 2 см, сол жақ 3 см, оң жақ 1,5, түптеу сол жақтан, жоларалық интервал 1,0 тең.

6.4. Байқауға ұсынылған материалдарға рецензия жазылмайды және кері қайтарылмайды.


  1. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

7.1. Финалдың әрбір кезеңін бағалау ұпай жүйесімен жүргізіледі.

7.2. "Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2018" байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлері финалдық кезеңнің IV турының ұпай саны бойынша анықталады. Екі немесе одан да көп қатысушылардың ұпай саны бірдей болған жағдайда басымдық білім берудің жаңартылған мазмұны аясында ашық сабақ беру кезінде педагогикалық шеберлігі мен кәсіпқойлығын танытқан қатысушыға беріледі.

7.3. Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. "Үздік визит карточкасы", "Үздік заманауи сабақ", "Үздік педагогикалық бағдарлама", "Үздік спорттық мереке" қосымша номинацияларын иеленгендерге дипломдар табыс етіледі.


8. ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫНДАР
Байқауды ұйымдастыруға және жеңімпаздарды марапаттауға шығындарды "Балдәурен" РОСО жүзеге асырады. Іс-сапар шығындары жіберуші тараптың есебінен "Балдәурен" РОСО прейскурантына сәйкес (Прейскурант«Балдәуреннің» сайтында).
ЕСКЕРТУ: Ұй.комитеті аталған ережеге түзету енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Қосымша №1
Ұй.комитетінің функциясы
Ұй.комитеті келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Басынан бастап байқау туралы ақпаратты БАҚ жариялайды;

  • Өтінімдерді қабылдайды, экспертиза жүргізеді және қатысушылардың тізімін бекітеді;

  • Байқауды өткізу үрдісін және байқау тапсырмаларын бағалау критерийлерін бекітеді;

  • Байқауға ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптарды анықтайды: өтінімдер, өзін-өзі таныстыру, сабақтың күнделікті жоспары, спорттық мерекенің сценарийі;

  • Финалдық кезеңді өткізу уақытында ақпараттық тақтада Байқауды өткізу туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;

  • Байқаудың финалдық кезеңін өткізу тәртібін, түрін, орны мен күнін белгілейді;

  • Қазылар алқасының құрамы мен есептік комиссияның құрамын бекітеді, олардың жұмыс істеу регламентін бекітеді;

  • Байқаудың финалын қаржыландыру тәртібін анықтайды;

  • Үздік сабақтар мен авторлық бағдарламалардың жинағын шығарады.


Қосымша №2
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2018»

ІІІ Республикалық байқауының

Ұйымдастыру комитетіне
_______________________________

(Т.А.Ә. септік жалғауда)

_______________________________ мұғалімі

(оқу пәнінің атауы)

_______________________________

(оқу ұйымының атауы)




ӨТІНІШ

Мені «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2018» ІІІ Республикалық байқауының финалдық кезеңіне қатысуға жіберуді сұраймын.


Қолы __________________
Күні _____________________

Қосымша №3

«Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2018»

ІІІ Республикалық байқауының

Ұйымдастыру комитетіне



Өтініш берушіні ұсыну
________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Өтініш берушінің білім мекемесінің толық атауы)

таныстырады ____________________________________________________________________

(байқауға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты)

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(байқауға қатысушының қызметтік лауазымы және жұмыс орны)


Байқауға қатысушыға мінездеме (туған жылын, білімін, соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерінің негізгі нәтижелерін, денсаулық сақтайтын білім беру қызметіне қатысуы туралы қысқа мәліметті көрсетіп).

Білім басқармасының жетекшісі __________________________________________

(облыстың, қаланың)
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

E-mail
М.О.



Қосымша №4
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2018»

ІІІ Республикалық байқауына қатысушының

Ақпараттық картасы




Қатысушы туралы ақпарат



Тегі, аты, әкесінің аты (толық)






Туған күні (күні, айы, жылы)






Тұрғылықты мекен-жайы






Жұмыс орны (білім мекемесінің толық атауы)






Лауазымы






Білімі(оқу орнының атауы, факультет, бітірген жылы)





Педагогикалық өтілі






Біліктілік санаты






Ең жоғарғы жеке спорттық жетістігі

(атауы мен алған күні)







Наградалары, құрметті атақтары






Жаричланымдар, соның ішінде кітаптар, брошюралар, мақалалар және т.б.





Байқау сабағының бағдарлама бөлімі мен тақырыбы





Байқау сабағын өткізу үшін қажетті материалдық-техникалық және жеке ресурстық қажеттіліктері (жабдық инвентарь)






Сынып






Оқыту тілі






Спорттық мерекенің атауы және қатысушылардың жас ерекшелік санаты





Педагогикалық бағдарламасының атауы (модификациялық, экспериментальді, авторлық).






Байланыс ақпараты (МІНДЕТТІ):

1) үй телефоны,

2) ұялы телефон,

3) жұмыс телефоны,

4) e-mail





Байқауға қатысуға өз келісіміміді растаймын. Өтінімде берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын. Ақпараттарды мәліметтер базасына енгізуге және өтінімді байқаудың қорытындысы бойынша редакторлық өңдеу мүмкіндігімен жинаққа, Интернетке орналастыру үшін коммерциялық емес мақсатта пайдалануға рұқсат беремін.

Күні ___________________

Қолы ___________________ / _________________________(Тегі А.Ә.)

Қосымша №5
«Педагог - шебер».

Мұғалімнің кәсіби тәжірибесін таныстыру (визит карточкасы) еркін формада өтеді. Регламент 8 минут.

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қатысушының папкасы болуы тиіс (5 дана). Папканың мазмұны:


  • Қатысушының суреті;

  • педагогикалық кредосы;

  • Байқаудың финалына қатысу үшін үміткерді жіберу туралы облыстық кезеңнің ұй.комитеті отырысының хаттамасының көшірмесі;

  • Үлгі бойынша ІІІ Республикалық байқаудың финалдық кезеңіне қатысушының өтініші, Қосымша №2;

  • Байқауға қатысушы туралы өтініш берушінің ұсынысы, Қосымша №3;

  • Байқауға қатысушының ақпараттық картасы, Қосымша №4;

  • Ашық сабақтың сабақ жоспары;

  • Педагогикалық бағдарлама

  • Спорттық мерекенің әзірлемесі.

Шығармашылық безендіру, мазмұнының жүйелілігі, түсінікті болуы, нақтылығы марапатталады.
ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ


Бөлімдер

Ұпайлар

(0-ден 1 дейін)



Ескерту

Сыртқы келбеті




  • Сәйкес киімі, ұқыптылығы




Қарым-қатысының мәдени деңгейі







Қатысушы:




  • байсалды




  • сенімді




  • ашық




  • мейірімді




  • құрмет көрсетуші




  • сауатты сөйлей біледі




  • оң эмоционалды




  • көпшілікті үйіріп әкетеді




  • және басқалар…




Ақпаратты беруінің зияткерлік деңгейі







  • ақпараттың оңтайлы көлемі

(балалармен, қызметкерлермен, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру; инновациялық қызметі; байқауларға, конференцияларға қатысуы; жарияланымдарының, брошюраларының, кітаптарының т.б. болуы.)




  • жүйелі қолжетімді мазмұны




  • бастысын бөліп көрсете білуі (жылжымалы идеология)




  • нәтижелілік бар




  • және басқалар…




Өзін-өзі таныстыруды рәсімдеудің шығармашылық деңгейі







  • қатысушының сенімді, жарқын сөздері




  • сауатты құрылған слайдтық таныстырылым




  • сауатты құрылған бейнетаныстырылым




  • сәтті таңдалғкан шығармашылық номер




    • поэзия




    • ән




    • би




    • инсценировка




  • өзін-өзі таныстырудың басқа да «сәтті түрі»




Ішкі әлемі










Қазылар алқасына ұсынылған қосымша материалдар







  • нұсқаушының бес папкасы (0,2 ұпай әр папка үшін)




  • портфолио ( 0-ден 3 ұпайға дейін)




  • рецензияланған баспа өнімдері

(бағдарламалар, жинақтар, әдістемелік құралдар және т.б..)




  • және басқалар…




Уақыт шектеуін сақтау (8 минуттан артық емес)







Жалпы ұпай саны





Қосымша №6
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар,

бағалау критерийлері

(барлық материалдар электронды және қағаз нұсқада келесі бет өлшемдеріне сәйкес ұсынылады: 12 шрифт TimesNewRoman, А4 тік, жиектер: жоғарғы 2 см, төменгі 2 см, сол жақ 3 см, оң жақ 1,5, түптеу сол жақтан,



жоларалық қашықтық 1,0 тең)


  1. Дене шынықтыру сабағының күнделікті жоспарына қойылатын талаптар, критерийлер



  1. «Балдәурен» РОСО жұмыс ерекшелігін ескере отырып, байқау сабақтары тек қана 5-9 сыныптарда өткізілуі мүмкін.

  2. Мұғаліам ұлдардың немесе қыздардың тобымен 40 минут ішінде стандартты емес сабақ өткізеді (педагогтың таңдауы бойынша).

  3. Күнделікті жоспар екі түрде құрастырылуы мүмкін:1) ҚР білім берудің жаңартылған мазмұнын есепке ала отырып (smk.edu.kz сайтының үлгілеріне сәйкес), 2) дәстүрлі тәсілмен. Басымдық жаңартылған күнделікті жоспарға беріледі.

Күнделікті жоспарды жазудың 1 нұсқасы.



ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БОЙЫНША ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді сабақ жоспарының бөлімі:

Күні:

Сынып:

Мектеп: «Балдәурен» РОСО РМҚК.

Мұғалімнің Т.А.Ә.:

Оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы




Осы сабақта қол жеткізетін оқытудың мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




Сабақтың мақсаттары




Бағалау критерийлері




Тілдік мақсаттар




Құндылықтарды үйрету




Пәнаралық байланыстар




АКТ пайдалану дағдылары




Алдын ала білімі




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет


Ресурстар

Сабақтың басталуы

10 мин








Сабақтың ортасы

20-25мин








Сабақтың соңы

3-5 мин








Дифференциация – Сіз қандай жолмен көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау










Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақтың мақсатым болды ма/оқытудың мақсаттары шынайы ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жетпесе, не себепті?

Дифференциация сабақта дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың барлық уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Аталған бөлімді сабақ туралы ойлануға пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға сол жақ бағанда жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сол сияқты оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болар еді (сабақ беру, сол сияқты оқыту туралы ойланыңыз)?



1:

2:

Сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көбірек назар аудару керек?


Күнделікті жоспарды жазудың 2 нұсқасы.

8 « » сынып оқушыларына арналған

дене шынықтыру сабағы бойынша

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты:

Бөлім:


Сабақтың тақырыбы:

Сабақ типі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың міндеттері:

Білім беру:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Өтетін орны:

Құрал-жабдықтар:




Сабақ бөлімі

Мазмұны

Дозировка

Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе бөлім










Негізгі бөлім










Қорытынды бөлім









БАЙҚАУ САБАҒЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ





Сабақ мазмұны

Ұпайлар

(0-ден1 дейін)



Сабаққа дайындығы



Мазмұны мен күнделікті сабақ жоспары формасының, толықтығы мен жазбаның терминолгиялық сауаттылығының, әдістемелік көрсетілімнің мазмұнының бағасы.

(Егер күнделікті сабақ жоспары жаңартылған мазмұнда құрылған болса, 0,2 ұпай қосылады)






Мұғалімнің, оқушылардың сырт келбеті (ұқыптылық, ақылдылық, дене сымбаты)






Сабақ өтетін орынның дайындығы




Педагогикалық мәдениет және мұғалімнің сабақтағы кәспқойлығы



Сыныпты сабақтың басталуына ұйымдастыру (зейінін аудару мен тәртіптерін қадағалау)






Сабақтың міндеттерін хабарлаудың нақтылығы және олардың оқушыларға қолжетімді болуы.






Спорт залының алаңын, снарядтар мен құралдарды орынды пайдалану






Оқушылардың орналасуы мен қозғалуының тиімділігі






Жаттығуды көрсету үшін мұғалімнің таңдаған орны






Сабақтың түрлі кезеңіндегі жаттығулардың, тапсырмалардың, ойындардың өзара байланысы және олардың тартымдылығы






Оқытудың практикалық алуан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру дәрежесі






Практикалық әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі






Уақытты тиімді пайдалану






Қозғалтқыш тығыздығының сабақ түріне сәйкестігі (жүктемені оңтайландыру).






Сөздік әдістерді, терминологияны сауатты қолдану.






Мұғалім мен оқушылардың байланысы, оқушылардың қызығушылығын, олардың белсенділігі мен сабақтың түрлі кезеңдеріндегі жұмысқа қабілеттілігін анықтау.






Оқыту кезінде дифференциалдауды қолдану.






Оқыту құралдарын пайдалану: көрнекі құралдар, ТСО, АКТ, жеке көрсету, оқушылардың ерекшелігі.






Техника қауіпсіздігін сақтау, сақтандыруды қамтамасыз ету.






Сабақтың қорытынды кезеңінің тиімділігі (рефлексия, бағалау, қалыпқа келуге арналған жаттығуларды дұрыс таңдау).




Жалпы параметрлерді бағалау



Мақсаттарды іске асыру және балалардың материалды меңгеру деңгейі.






Шығармашылық элементтерін, табыстарды, оқытудың стандартты емес әдіс-тәсілдерін қолдану.






Оқытудың инновациялық технологиясын қолдану






Стандартты емес сабақтың бағасы.






Сабақтың өзіндік талдауын жүзеге асыру.




Мұғалімнің қызметінің негізгі оң аспектілері.

Орын алған кемшіліктерді жою бойынша практикалық ұсыныстар.

Жалпы ұпай саны -




  1. Педагогикалық бағдарламаны рәсімдеуге қойылатын байқау талаптары, критерийлері

  1. "Тиімді жұмыс тәжірибесі әркімнің тәжірибесіне" атты байқаудың ІІІ турында қатысушы өзінің педагогикалық бағдарламасын ұсынуы тиіс. Бағдарлама өзгертілген, экспериментальды, авторлық болуы мүмкін.

  2. Авторлық бағдарламаның таныстырылымы PowerPoint бағдарламасында аудио, фото және бейнематериалдармен 10 минут бойына көрсетіледі.

  3. Байқаудың қорытындысы бойынша кітап шығару үшін авторлық бағдарламаның қысқаша сипаттамасы (электронды нұсқасы) болуы қажет.

  4. Авторлық бағдарламаның құрылымы. бағдарламаның келесі құрылымы болуы тиіс:

  • Титул беті.

  • Рецензия.

  • Түсінік жазба.

  • тақырыптық жоспарлау. Сабақтың мазмұны.

  • Диагностика жүргізуге арналған материалдар, бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету.

  • Бағдарламаны іске асыруға қажетті материалдық-техникалық жабдықтау туралы мәліметтер.

  • Пайдаланылған ақпараттар тізімі (әдебиеттер, сайттар және т.б.).

  • Қосымшалар.

Педагогикалық бағдарлама үйлесімді құрылымымен, берілген мазмұнның қисындылығымен, ережелер мен қорытындылардың дәйектілігімен ерекшеленуі тиіс.

  1. Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы:

  • Өзгертілген (бейімделген) бағдарлама бұл бағдарламаның негізіне үлгілік (типтік) немесе басқа автордың әзірлеген, бірақ қызметті жүзеге асырудың уақыт параметрлері мен режимінің, балалардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейінің, білім мекемесінің ерекшеліктерін, стандартты емес оқыту мен тәрбиенің жеке нәтижелерін есепке ала отырып өзгертілген бағдарлама енгізілген. Мұндай бағдарламалар бойынша жұмыс нәтижесін диагностикалау оқушылардың жетістіктерін көрсетумен байлансты, мысалы: жарыстарда, байқауларда, конференцияларда және т.б есептік сөз сөйлеу, бірақ бұл жерде білімнің, қабілет пен дағдының сандық көрсеткіштерін теріске шығармайды. Бағдарламаға түзетулерді педагогтың өзі енгізеді және тұжырымдамалық аспектілерге, білім беру үрдістерін ұйымдастыру негіздеріне, негізге алынған алдыңғы бағдарламаның дәстүрлі сабақ құрылымына әсер етпейді.

  • Эксперименттік бағдарламаны педагог білім беру үрдісіндегі белгілі бір қиындықтардың алдын алумен байланысты қандай да бір практикалық міндетті шешу үшін әзірлейді. Педагогты экспериментальды қызметке практикалық әрекетке қанағаттанбаушылық алып келеді. Эксперментальды бағдарлама — бұл нақты мәселені әдістемелік жолмен шешу жолы. Мұндай бағдарлама оқытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздеріне, мазмұнына өзгерістер енгізуді, білімнің жаңа саласын енгізуді, жаңа педагогикалық технологияларды апробациядан өткізуді ұсына алады. Экспериментальды білім беру бағдарламасы білім беру үрдісіндегі нақты қиындықтарды алып тастау мақсатында апробациядан өтеді, және оны әзірлеуші эксперименттік ереженің шынайылығын дәлелдеуі тиіс. Апробациядан өту мүмкіндігі бойынша — автордың ұсынысында жаңалық байқалған жағдайда эскерименттік бағдарлама авторлық дәрежені талап ете алады.

  • Авторлық бағдарлама — бұл бағдарламаның өзектілігі, өзіндік ерекшелігі, сонымен қатар жаңашылдығы бар. Оны педагог құрған (немесе автордың ұжымы) және зияткерлік меншік құқығында оған (оларға) тиесілі. Бұл сабақ беру бағдарламасы алғаш рет енгізілген курстың (пәннің), немесе дәстүрлі тақырыптарға автордың жеке жол табуы болып табылады. Авторлық бағдарлама эксперименттік болуы да мүмкін. "Авторлық" атауының өзі жаңалықты құжаттармен, бұл жаңалықтың дәл осы авторға тиесілі екенін дәлелдеуді талап етеді. Бұл үшін авторлыққа үміткер бағдарламаға түсінік жазбасында ұқсас мәселені шешетін басқа авторлардың тәсілінен оның әзірлемесі принципті түрде ерекшеленетінін сенімді көрсетуі тиіс. Сондықтан, жаңалыққа қатысты айтылатын прототип туралы білім авторлық бағдарламаны құрудағы міндетті сәт болып табылады.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ





Мазмұны

Ұпайлар

( 0-ден 1-ге дейін)





Бағдарламаның алдыңғы қатарлы идеяларының өзектілігі.






Бағдарлама жаңалығының дәрежесі (ұқсас мәселені шешетін, басқа авторлардың тәсілінен оның әзірлемесінің принципті ерекшелігі).






Бағдарлама мазмұнының білім беру құндылығы






Критерийлерінің және диагностикалық алып жүруінің болуы






Апробация дәрежесі.






Нәтижелілік.






Үзіліссіз және келешегі бар принциптерді іске асыру






Рецензияның болуы.






Сауықтандыру құндылығы.






Бағдарламаның баспа нұсқасының болуы және оны рәсімдеу.






Сөз сөйлеу регламентін сақтау.




Бағдарламаның негізгі оң аспектілері.

Орын алған кемшіліктерді жо бойынша практикалық ұсыныстар.

Жалпы ұпай саны -





  1. Спорттық мерекені рәсімдеуге қойылатын талаптар, критерийлері

  1. Спорттық мерекенің таныстырылымы (спорттық-байқау, спорттық мерекенің, спорттық-зияткерлік ойындардың және т.б. бағдарламасы) еркін формада өткізіледі: ауызша түсіндіруді, әңгімелеуді фото, бейнетаныстырылыммен алып жүреді. Таныстыру уақыты 10-15 минут.

  2. Міндетті түрде спорттық мерекенің әзірлемесі фотосуреттермен мына формада болуы тиіс (сөз сөйлеген кезде қазылар алқасына көрсету және байқау нәтижесі бойынша үздік материалдардың жинағын шығару үшін):

  1. ТИТУЛ БЕТ

  2. СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  • Спорттық іс-шараның шағын жалпы сипаттамасы, онда оның басымдығы, оны өткізу үшін қанша мұғалім қажет екені, қатысушылардың саны, қажетті құрал-саймандар сипатталады.

  • Мақсаты мен міндеттері

  • Мерзімі мен өтетін орны

  • Жетекшілік және іс-шараны өткізу

  • Іс-шараға қатысушылар

  • Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы

  • Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕМЕСЕ СЦЕНАРИЙДІҢ ТОЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ (фотосуреттермен)

  2. ҚОСЫМШАЛАР (қорытынды кестелер, хаттамалар, грамоталар)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ





Мазмұны

Ұпайлар

( 0-ден 1-ге дейін)





Білім берудің құндылығы.






Сауықтандыру құндылығы.






Тәрбиелік мәні.






Жаппай сипатта (қатысушыларды қамту)






Жас ерекшеліктерін есепке алу






Балаларға пайдасын тигізу дәрежесі






Үзіліссіз және келешегі бар принциптерді іске асыру.






Өткізудің стандартты емес формасы.






Спорттық іс-шараның баспа нұсқасының болуы және оны рәсімдеу.






Сөз сөйлеу регламентін сақтау (10-15 минут).




Спорттық іс-шараның негізгі оң аспектілері

Орын алған кемшіліктерді жо бойынша практикалық ұсыныстар.

Жалпы ұпай саны -


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет