Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 ж. 29 маусымда [1] КСРОМембанкінің Қазақ өлекелік кеңсесі ретінде[2] ашылды. ҚР Президентінің 2001ж. 18 сәуірде Жарлығымен [3] ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді:
банктік және сақтық қадағалау департаменттері біртүтас банктік және сақтық қадағалау департаменті болып қайта құрылды;
әкімшілік департаменті шаруашылық басқармасы болып қайта құрылды;
құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы құрылды;
банктерді тарату процесін бақылау басқармасы банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын тарату процесін бақылау басқармасы болып құрылды;
қауіпсіздік қызметі басқармасы қауіпсіздік басқармасы болып қайта аталды ҚР Президентінің 2001 ж.
11 шілдедегі Жарлығымен[4] ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия таратылды, оның функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық Банкіне берілді. ҚР Президентінің 2001 ж. 21 тамыздағы Жарлығымен[5] ҚР Ұлттық Банкінің негізгі міндеттеріне бағалы қағаздар нарығының тұрақты қызмет етуіне жәрдемдесу, қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу міндеті жатқызылды. ҚР Президентінің2002 ж. 17 мамырдағы Жарлығымен[6] ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта үйымдастырылды, оның жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық Банкіне берілді.
ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді:
төлем балансы және валюталық реттеу департаменті, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаменті, Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылды;
халықаралық қатынастар және көпшілікпен байланыс басқармасы халықаралық қатынастар басқармасы болып қайта құрылды; валюталық реттеу және бақылау басқармасы құрылымнан шығарылды.
ҚР Президентінің 2002 ж. 15 тамыздағыЖарлығымен[7] ҚР Ұлттық Банкінің негізгі міндеттеріне қосымша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау жатқызылды.
ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді: банктік және сақтық қадағалау департаменті қаржылық қадағалау департаменті болып қайта құрылды;
жинақтаушы зейнетақы қорларынвщ қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау департаменті мен бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті құрылымнан шығарылды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен[8] ҚР Ұлттық Банкі туралы ереже мен құрылымы бекітілді. Ұлттық Банк ҚР орталық банкі болып табылады, ҚР банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді, ҚР Президентіне есепті. Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеменің үйымдық-құқықтық нысанындағы занды түлға болып табылады, өзінің дербес балансы болады, өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және үйымдарымен бірлесіп тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды. Ұлттық Банк ҚР-да және одан тыс жерлерде өздері болатын елдің зандарын ескере отырып өз филиалдары мен өкілдіктерін аша алады. ҚР Ұлттық Банкісінің негізгі мақсаты ҚР-да бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ҚР Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
ҚР Ұлттық Банкі төменнен жоғарыға қарай бағыныстағы біртүтас орталықтандырылған құрылым құрайды. Ұлттық Банктің органдары басқарма және директорлар кеңесі (директорат) болып табылады. Ұлттық Банк құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер мен үйымдардан түратын орталық аппарат кіреді. Ұлттық Банктің жоғары органы басқарма болып табылады. Ұлттық Банктің оперативті басқарма органы ҚР Ұлттық Банктің директорлар кеңесі Ұлттық Банктің оперативті басқару органы болып табылады.
Ұлттық Банктің қызметтері мен операциялары
2003 жылы Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкі туралы Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзгерістер пайда болды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтердіатқару жүктеліп отыр.