Білім беру бағдарламасы-6В04141 Есеп және аудит (экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит) «Аралық қаржылық есеп» пәні



Дата31.03.2022
өлшемі16,29 Kb.
#137480
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Аралық қаржылық есеп


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Экономика және құқық» институты
«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы
Білім беру бағдарламасы-6В04141
Есеп және аудит (экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит)
«Аралық қаржылық есеп» пәні

Аралық бақылау билеті № 8

  1. Үмітсіз дебиторлық берешектерді есептен шығару. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.

  2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; жал бойынша; төленуге тиісті сыйақылар бойынша. Займдар бойынша шығындар тану, 23 ҚЕХС

  3. Есеп. Төмендегі шарашылық операцияларына бухгалтерлік жазулар беріңіз:

  1. Кассадан еңбек ақы берілді.

  2. Зейнетақы аударымдары бойынша сомалар ағымдағы шоттан аударылды.

  3. Кассадан іс-сапар шығындары үшін қызметкерлерге ақша берілді.

  4. Ағымдағы шоттан кассаға ақша алынды.

  5. Өнім дайындағаны үшін негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелінді.

  6. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ағымдағы шотқа төлем келіп түсті.

  7. Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталынды.

1. Дебиторлық және кредиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді.


Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі.Алайда есеп айырысудың іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қатысуымен және қатысуынсыз) теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл операцияларды есептік регистрге жазу сипатында болады.

2. Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % — р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:

1) алынуға тиісті шоттар;

2) алынған вексельдер;

3) басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.



Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер бөлімшесіне енгізілген 4010 Банк несиелері , 4020 Банктен тыс мекемелердің несиелері , 4030 Басқа да несиелер сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет