Сабақтың мақсаты : Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметін зерттеу



бет1/4
Дата29.12.2021
өлшемі163,53 Kb.
#106410
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
file-5345


Тақырып 5. Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметі. (2 сағат).

Сабақтың мақсаты: Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметін зерттеу.

Қажетті құралдар мен материалдар. Өқұ әдістемелік нұсқаулар, слайдтар.

Тапсырма 1. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерін менгеру.

Қозғыштық. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда, қозғыш келеді. Мəселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05–0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады.

Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда, шапшаң пайда болып, тез өшеді.

Қозуды жеке-дар аөткізу.Əрбіржүйкекөптегенталшықтардан құралған, бірақ қозу импульсін əрбір талшық жеке-дара өткізеді, іргелес жатқан талшыққа таратпайды. Осымен байланысты жүйке импульсі тек қозған талшықпен түйісетін құрылымға ғана беріледі.

Жүйкенің қажымауы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды. Оның себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында жəне қайта синтездеу процестерінің шапшаң жүруінде. Н. Е. Вве-денский бірнеше сағат бойына жүйкені ырғақты тітіркендірген-нің өзінде оның қозуды өткізу қабілетінің жоғалмайтынын, де-мек жүйкенің баяу қажитынын дəлелдеген. Жүйкенің қажымау себебінің бірі - оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты жағдайда жүйке торшалары секундына 50–100 импульс тудырып үлгерсе, жүйке талшықтары одан əлдеқайда көп импульстерді өткізіп үлгеруге бейімделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет