Құрамы Ерекшеліктері Жетекші дамушы елдер Қытай, Үндістан



Дата17.12.2021
өлшемі23,98 Kb.
#102358
түріҚұрамы
Байланысты:
10-Тақырып Экономика ведущих стран и регионов


Тақырып-10: Әлемдік экономикадағы дамыған елдер

1.


Елдер топшасы

Құрамы

Ерекшеліктері

Жетекші дамушы елдер

Қытай, Үндістан

Халық санының көптігі; арзан еңбек ресурстары; экономикалық әлеуетінің жоғарлығы; жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы; шаруашылық құрылымының күрделілігі; бай мәдени қор

Жаңа индустриялық елдер

Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд, Филиппин, Бразилия, Мексика, Аргентина

Шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономикасының, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы

Плантациялық шаруашылық елдері

Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка

Агрономиялық жағдайлардың қолайлығы; шетел қаржысының басымдылығы; саяси жағдайдың тұрақсыздығы; халықтың әл-ауқатының төмендігі

Мұнай экспорттаушы елдер

Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т.б.

Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы; жоғары технологиялардың енгізілуі; қаржы экспорты

"Жалға пәтер беруші" елдер

Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама

Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы; салық жеңілдігі; қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы

Даму деңгейі төмен елдер

Мұхит аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел

Экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі; табиғи өсудің жоғарлығы; аграрлық сектордың басымдылығы; әлеуметтік жағдайдың нашарлығы

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз. Маркс сипаттаған таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын «аралас» экономика деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен үкіметтік басқару арасында шекараны өткізу жөнінде пікірлері бір келкі болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып шықты.

Канада – нарықтық қатынастар жоғары дәрежеде дамыған, индустриальды – аграрлы ел. Ұлттық табыс мөлшері  жылына 583,9 млрд. АҚШ долларды, жеке  адамға шаққанда 21860 доллар. Елдің   табиғат байлықтары ол: мұнай, табиғи газ, көмір, мыс (әлемде  3-орын), никель (2-орын),  қорғасын  (5-орын), темір  алтын,  уран  т.б.  түрлері.

Экспортының 81% АҚШ-қа шығарыладыжәне негізінен автомобильдер, құрал-саймандар, ағаш өнімдері, қағаз, шикі мұнай, тас көмір,  бидай,    және   көптеген  өнімдерден тұрады.  Импорттың 76,3% АҚШ тан әкелінеді және, негізінен автомобильдер, жолаушылар вагондары, компьютерлер, телекомуникация құралдары, азық-түлік өнімдерінен тұрады. Халқының 73,1 % тұтыну салаларында, 22,8 % өнеркәсіп, 4,1% ауылшаруашылығында жұмыс істейді. Жерінің 4,9%-ы ауылшаруашылығында пайдаланылады,  астық  өнімдері  өсіріледі  және  мал   шаруашылығы   жақсы   дамыған.   Негізгі  сауда   серіктестіктері: АҚШ, Батыс Еуропа елдері Жапония, Қытай,   Мексика Оңтүстік Корея елдері. Канада мен Қазақстан арасында     дипломатиялық байланыс 1992 жылы 10  сәуірінде орнатылған 1996    жылы 25-қыркүйекте 2 жақтан салықтан босату жөнінде ковенцияға    қол қойылды. 1998 жылы сәуірде Н. Назарбаев Вашингтонда Канада      премьер министрі  Ж.  Кретеньмен кездесті.  Қазақстанда 30-ға жуық бірлескен    компониялар  жұмыс    істейді.    Оның     ішінде     ірілері   «Харри кейн Кумколь»,  «СНС  -Левалин   Интернэйшл» мұнай-газ  салаларында,  «Камеко»,  «Уран Эрц »уран экспорты жөнінде алдында. Сонымен  қатар ғылым мен мамандар алмасу салаларында да көптеген келісімдер  бар.

Экономикалық бәсекелестіктің екінші географиялық орталығы – Батыс Еуропа. АҚШ пен Жапониядан өзгеше батысеуропалық аймақ көп ұлтты сипатта. Оның дүниежүзілік шаруашылықта жағдайы екіұдай. Бір жағынан ол дүниежүзілік сауданың ірі орталығы, дүниежүзілік экспорттың салмағы АҚШ-тың деңгейінен 2 есе артық. Екінші жағынан, Батыс Еуропаның позициясы ғылым мен техниканың өнімін көп қолданатыын, өнім экспорттайтын держава. Мұнда «орташа технологиялық» деңгей басым, ал АҚШ пен Жапонияның өнеркәсібі робот жасау, икемді автоматтандырылған жүйелер, жаңа материалдар және тағы басқа рыноктарында басым.

Германия, Франция, Ұлыбритания және Италия секілді елдермен қатар Батыс Еуропа аймағында шағын елдер: Швеция, Норвегия, Дания, Бельгия, Нидерланды, Швейцария және басқалар маңызды роль атқарады. Дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік күресте олардың халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының ерекше түрі - өнімнің санаулы түрлеріне икемделуі.

Эконокмикалық күш-қуаттың үшінші орталығы – Жапония. Ол АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда бәсеңдеу. Ол дүниежүзілік банктер, қаржы супердержавасы. Бірқатар аса маңызды өнім түрлерін шығару жөнінен АҚШ-тан алда.

Үш орталықтың экономикасында ортақ сипат бұлардың экономикасында монополиялардың, трансұлттық корпорациялардың үстемдігі болып отыр. Бұл корпорациялардың аса ірі маонополиялары, олардың өз елдерінен тысқары жерлерде филиалдары бар.

АҚШ, Батыс Еуропа елдері және Жапония қазіргі дүние жүзінде өзінше бір үлгідегі «үшбұрыш» құрайды. Бұл орталықтар арасындағы арасалмақ соғыстан кейінгі кезеңде тұрақсыз болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда АҚШ-тың Батыс еуропамен, Жапониядан басымдылығы айқынболды, капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірісінде АҚШ-тың үлесі 1946 жылы 96 пайыз болды.


Кейіннен АҚШ өзінің позициясын біршама нығайтқанмен, оның экономикалық қаражаттық және технологиялық басымдылығы төмендеп қалды. Сонда да дүние жүзіндегі «бірінші нөмірлі» географиялық орталық АҚШ болып ақлды. Бұл мемлекет дүниежүзінде экономикалық тіршіліктің қазіргі интернационализациолануы процесінде жаңа өзгеше «генераторы» күйінде. Дүние жүзілік саудада бұрынғы позициясынан айрылған АҚШ шетелге капитал шығару саласында алда. Ол басқа көптеген салаларда да, соның ішінде ҒТР-ны жүзеге асыруда алдыңғы орында.
Экономикалық бәсекелестіктің екінші географиялық орталығы – Батыс Еуропа. АҚШ пен Жапониядан өзгеше батысеуропалық аймақ көп ұлтты сипатта. Оның дүниежүзілік шаруашылықта жағдайы екіұдай. Бір жағынан ол дүниежүзілік сауданың ірі орталығы, дүниежүзілік экспорттың салмағы АҚШ-тың деңгейінен 2 есе артық. Екінші жағынан, Батыс Еуропаның позициясы ғылым мен техниканың өнімін көп қолданатыын, өнім экспорттайтын держава. Мұнда «орташа технологиялық» деңгей басым, ал АҚШ пен Жапонияның өнеркәсібі робот жасау, икемді автоматтандырылған жүйелер, жаңа материалдар және тағы басқа рыноктарында басым.

Германия, Франция, Ұлыбритания және Италия секілді елдермен қатар Батыс Еуропа аймағында шағын елдер: Швеция, Норвегия, Дания, Бельгия, Нидерланды, Швейцария және басқалар маңызды роль атқарады. Дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік күресте олардың халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының ерекше түрі - өнімнің санаулы түрлеріне икемделуі.



Экономикалық күш-қуаттың үшінші орталығы – Жапония. Ол АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда бәсеңдеу. Ол дүниежүзілік банктер, қаржы супердержавасы. Бірқатар аса маңызды өнім түрлерін шығару жөнінен АҚШ-тан алда.

Үш орталықтың экономикасында ортақ сипат бұлардың экономикасында монополиялардың, трансұлттық корпорациялардың үстемдігі болып отыр. Бұл корпорациялардың аса ірі маонополиялары, олардың өз елдерінен тысқары жерлерде филиалдары бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет