Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы



бет1/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020
hologram, 0011481f-f144d001

Биология пәні бойынша қорытынды аттестацияның сұрақтары


1. Нәрауыздардың құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы.

Нәруыз әр түрлі қасиеттермен ерекшеленеді. Сол қасиеттердің бірі нәруыздың суда ерігіштігінің әр түрлі дәрежеде болуы. Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар ерімейді. Нәруыздың екінші бір қасиеті − сыртқы орта жағдайларының әсеріне төзімділігі біркелкі болмайтындығында.Нәруыздың организм тіршілігіндегі маңызы өте зор болғандықтан алуан түрлі қызмет атқарады.Нәруыз молекуласының тағы бір қасиетіне оның әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымының өзгеруі жатады. Бұл құбылысты денатурация деп атайды.Құрылыс қызметі. Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары нәруыз молекуласынан тұрады.Тасымалдау қызметі. Қанның құрамында жасушаның мембранасы мен цитоплазмасын және ядроның арасын байланыстыратын ерекше тасымалдаушы нәруыз болады.


Қозғалыс қызметі. Организмнің қорғаныс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар қатысады.
Қорғаныштық қызметі. Нәруыздар организмді түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше нәруыздар − антиденелер түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет