Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы


Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы. Жалпақ құрттардың жіктелуі



бет5/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020
hologram, 0011481f-f144d001
6. Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы. Жалпақ құрттардың жіктелуі.
Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы (Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде қарастырады. Жалпақ құрттардың еркін қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал паразитті түрлері ядросыз қалың қабат – тегументпен жабылған. Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-бұлшық ет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады. Жүйке жүйесі бас жүйке түйінінен басталып, денесінің құрсақ жағына жүретін жүйке бағаналарынан (өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және тыныс алу жүйелері дамымаған. Зәр шығару мүшесі – протонефридии. Олардың тарамдалған каналдары паренхимада кірпікшелі жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Жалпақ құрттар – гермофродиттер. Жыныс жүйесінің құрылымы өте күрделі. Бұлар негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен, ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру органдарынан тұрады. Жалпақ құрттар тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп дамиды. Жалпақ құрттардың көпшілігі адам мен жануарлардың паразиті (мыс., фасциолез, эхинококкоз, т.б.).[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет