Рецензенттер: Қанапина С.Ғ



бет1/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,03 Mb.
#37110
  1   2   3   4   5   6
ӘОЖ 337.24

КБЖ 74.102

Б 94

Рецензенттер:

Қанапина С.Ғ., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедасының доценті филология ғылымдаының кандидаты

Құрастырушылар:

Керибаева М.Т. - №40 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Суйеубаева Г.А. - №40 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениетінің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

Жаңа Астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.

Астана – сәулеті келіскен алып шаһар. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Астанамыз да еліміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, біздің елордамыз-Астана, жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.


ISBN 978-601-316-269-0 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы 2016 ж.

Түсініктеме хат

«Біздің елордамыз - Астана» методикалық әдістемесі мектепке дейінгі ересек топ жас ерекшелігіне сай, 2015 жылының мектепке дейінгі білімнің Мемлекеттік стандартына сай жасалынған.

Ұйымдастырылған оқу-іс қызметінің технологиялық карталарынның жинағы ересек топ тәрбиешілеріне арналған. Барлығы 36 сағат саны бойынша, аптасына 1 рет болады.

Берілген технологиялық карталар жеке-жеке әр тақырыпқа тоқталған. Әр тақырыпқа мақсаты, көрнекіліктері бар.

«Біздің елордамыз -Астана» методикалық әдістеменің



Мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы туралы ойларын қалыптастыру, Елорда Астана оның көрікті жерлері жайлы білімдерін кеңейту, қаланың тарихын білу, қала туралы білімдерін тиянақтау, тіл байлығын, ой өрісін, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, елімізді, қаламызды сүюге баулу, қаланың көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштерін аялауға, мақтаныш тұту.

Міндеті:

- балаларға туған елі, отаны Қазақстан Республикасы, президент Н.Ә.Назарбаев туралы білімдерін кеңейту;

- Елордамыз Астананың тарихын, Ұлы ғұлама адамдардың есімдерін, олардың ескерткіштері қай жылы, қайда орналасқандарын білу;

- Туған елдің, қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі туралы ойларын қалыптастыру;

- көрікті жерлерінің атауларын, көшелердің аттарын, онда нелер орналасқанын білу;

-мұражайларда, театрларда болып, халқымыздың мәдениетін, салт дәстүрін біліп, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Өнерге құштарлыққа тәрбиелеу;

- Отанымыздың өткені мен болашағы туралы қызығушылықтарын дамыту;

- сөздік қорларын байыту үшін олармен Астанаға оның көрікті жерлеріне байланыс тақпақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жаттау, көрнекілік, презентация, видиоларға қарап шағын әңгімелер құрастыруға үйрету;

-қол маторикасын мен шығармашылықтарын дамыту үшін суреттер салып, жапсыруды қолдану;

- Елордамыз Астанаға деген мақтанышын, махаббат сезімімен және патриоттық сезіміне тәрбиелеу. Өзі тұрып жатқан жерлердің табиғатын аялауға, жанашырлық көрсету, көркейтуге ат салысу;



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№1
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Гүлдене бер, Қазақстан!»

Мақсаты: Балалардың кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту.

Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтыру, ойлары мен тілдерін дамытып, дүниетанымдарын жалғастыру.



Сөздік жұмыс: Тәуелсіз, егеменді, рәміздер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Бейбітшілік құсы ақ қөгершін ұшып келеді, қанатына хат ілінген.

Балалар ақ көгершінге құанып, таңдана қарайды.

Ұйымдастырушылық ізденісі

Хат оқылады.

«Құрметті балалар!»

Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

Слайд көрсету.

Жапсыру.

Кеңістікті бағдарлай отырып, тудың ортасына күнді жапсырамыз.



Қимылды ойын:

«Орамал тастамақ».

Ойын: «Туған жерді гүлдендір».

Мақсаты: Балаларды Қазақстан картасымен таныстыру, туған жерімізді өзіміздің жүрегімізден шыққан ақ тілегімізбен гүлдендірейік.

-Аялап ару Ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігім болып тербеткен

Отаным-Қазақстаным.

-Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата –мекенім

Отаным-Қазақстаным!

Балалардың жұмысы.

Балалар бір-біріне орамалды лақтырып , өлең тақпақтар айтады.


Рефлексивті түзеуші

-Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?

-Біздің Республикамыз қандай ел?



-Қазақстан Республикасы.


Тәуелсіз, егеменді ел.

Күтлетін нәтижесі:

Ұғынады:-Қазақстан Республикасы – Туған жер екенін.

Түсінеді:-Рәміздерімізді қастерлеуге; ұлттық ойындардың шартын.

Қолданады:-тудың ортасына күнді жапсырады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№2
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Менің Отанымның жүрегі- Астана»

Мақсаты: Балалар еліміздің бас қаласы- Астана екенін білу, мәлімет беру. Балалармен «Астана-арман қала» атты тақпақ жаттау. Балалардың ізгілік қасиеттерін дамыту, ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қиялын ұштастыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елің , Отаның сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: елорда, қайраткер, тұңғыш президент.

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап тұрады.

Шаттық шеңберін жасайды.

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн,

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен-тәуелсізбін, азатпын.


Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер Ана

Сәлем саған Нұрлы Күн

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.



Ұйымдастырушы ізденісі

-Балалар, сендер білесіңдер ме, біздің Отанымыз қалай аталады?

-Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қазақстанның елордасы қай қала?

-Астана – өте әсем қала. Астана қаласында үлкен ғимараттар орналасқан. (Слайд көрсетіледі).

-Мынау Елбасымыздың Ақ ордасы. Біздің елбасымыз кім?

-Н.Ә.Назарбаев – ҚР тұңғыш президенті, мемлекет қайраткері. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасы –Астананы салуға басшылық жасап, оны Еуразиядағы ең әдемі қалалардың біріне айналдыруға үлес қосуда.



«Астана-әсем қала» атты фото көрмені тамашалайық.

Балалар Елбасына,Астанаға арналған тақпақтарын айтады.


Ойын: «Қазақстанның қалаларын ата»

Доп лақтыру арқылы қалаларды атау.



-Қазақстан.

-Адамның туып өскен жері, туған туысқандары, біз тұратын атамекен.

-Астана.
-Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.

Суретпен жұмыс.

Фото-көрмені көре отырып, Астанада болған балалардан сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.

-Жаса, жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолымен аш маған.

Асқақтай бер Астанам,

Берекеге бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолымен аш маған.

Балалар жаттаған тақпақтарын айту.

Балалар қызығушылықпен ойнайды.



Рефлексивтік түзеуші

-Біз бүгін кім туралы, не туралы әңгімелестік?



ҚР туралы, Астана қаласы туралы және президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы әңгімелестік.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:-ҚР-сы, Астана қаласы, Н.Ә.Назарбаев туралы білімдерінің болуы;

Түсінеді: -Елордамыз Астана жаңа дамып келе жатқан қала екенін;

Қолданады:-Тақпақтарды, сурет бойынша әңгімелесуді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Астана тарихы»

Мақсаты: Балаларды Астана бұрынғы Целиноград қаласы, содан кейін Ақмола қаласы болғаны туралы естеріне салып, кейін Ақмола қаласының орнына Астана салынғаны туралы түсініктерін толықтыру.

Астананың шығу тарихы туралы және Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Астананы көшіру туралы білімдерін дамыту. Астана қаласының көрікті жерлерімен балалардың ой-өрісін кеңейту.



Сөздік жұмыс: тарих.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

«Сөз басы – сәлем!», - Қайырлы күн!

Алматының алмасы дәмді екен!

Қарағандының көмірі жылу берсін!

Қостанайдың жері құнарлы болсын!

Қызылорданың күріші мол болсын!

Атыраудың мұнайы таусылмасын!

Оралдың Жайығынан балық кетпесін!

Астанамыз көркейе берсін!

-Балалар, Егеменді еліміздің үлкен азаматы болыңыздар!


Балалар шеңберге тұрады, амандасады.

Қимылмен көрсетеді.



Ұйымдастырушы ізденісі

-Балалар, біздің елордамыз қай қала?

-Астананың шығу тарихи туралы айту.

-Балалар, сендер құрылысшы болып барлықтарың бірігіп, Астана қаласың тұрғызуға көмектесеміз. Балалар, Астананың макетін мұқият қарап алыңдар.

Сергіту сәті:

Әрине, осындай жұмысты жалғыз адам істеу мүмкін емес. Сондықтан 3-4 баладан бірігіп, жұмысты тездетіп, ұқыпты орындаңдар. Пирамиданы, Пирамиданы. Үлкен, биік үйлерді 3-4 бала жасауы керек.



Ән: «Астана-Алматы»

-Астана.
Астананың шығу тарихын тыңдайды.

-Астанамның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам.

Әсем қалам, бас қал орындалады.ам!

Балалар орындарына отырып, құралдарымен жұмысқа кіріседі. Жасаған жұмыстарын үлкен қағаз бетіне орналастырады.

Сазды әуенмен орындайды.


Рефлексивті түзетуші

-Балалар Астана бұрын қалай аталған?

-Біз сендермен нені құрастырдық?


-Целиноград деп аталған.


-Үйлерді құрастырдық.

Күтілетін нәтиже:

Елестетеді: -Астана қаласының тарихын, бұрынғы атауын білу;

Түсінеді: -Целиноград, Ақмола қалаларынан Астанаға айналуынын;

Қолданады: -құрылыс кубиктерінен үй құрастырады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Ел тірегі-ел басы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп, елбасының туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Балаларды отан сүйігіштік, патриоттық сезімге тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. Өз еліміздің патриоты болуға, президентімізді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Президент, Мемлекет.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, еліміздің желтоқсан айының 1-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

Ұйымдастырушылық ізденісі

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы. Балалар, президент болу өте қиын және жауапты жұмыс.

Мемлекет басшысы өз халқын, Отанын, туған жерін өте жақсы көреді.

-Балалар, бізде Отанымызды қалай жақсы көретіңімізді айтайық.

Ойын: «Мемлекетті тап!»

Экранда мемлекеттің Туының суреті шығады.

-Бұл қандай мемлекеттің туы? Президентінің аты-жөні кім? Мемлекеттің астанасы қалай аталады?

Енді Қазақстан Республикамыздың президенті Н.Ә. Назарбаевтың туып-өскен жеріне, қызмет еткен уақытына, өмір жолына шолу жасаймыз.

«Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы»

(Презентация көрсету).



Сергіту сәті:

«Тамаша»жаттығу-ойыны.

Күн шуағы тамаша ма?

Жел тұрғаны тамаша ма?

Достарыңмен бірге жүрген тамаша ма?

Ана құшағы тамаша ма?

Туған үйім тамаша ма?

Туған өлкен тамаша ма?

Қазақстанда туған тамаша ма?

-Балалар, Н.Назарбаев өзінің туған ауылы «Үшқоңыр» туралы ән жазған, осы әнді тыңдайық.


Балалар тақпақ айтады.

-Сәлем саған күнім,

Шуақ шашқан нұрын.

Ұланымыз елдің,

Байтақ далам менің,

Сүйемін сені елім!

-Бойымда жігер тұрғанда сенім,

Жыландап өтем жолында сенің!

Елбасы басқарған аяулы Отыным!

Қазақстан-Республикам менің!

Балалардың жауабы.

Тамаша!

Тамаша!


Тамаша!

Тамаша!


Тамаша!

Тамаша!


Тамаша!
Әнді тыңдайды.

Рефлексивті түзетуші

-Н.Ә.Назарбаев кім?

-Балалар, президент болу қиын ба?



Балалар өз ойларын ортаға салады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беру;

Түсінеді: Елбасының туып-өскен жерің, өмір жолың, қызмет еткен кезеңі туралы ;

Қолданады: Сұрақтарға жауап береді; ойын ойнайды; Президент туралы біледі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Көп ұлтты Астана»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының көптеген ұлт өкілдері тұратынын түсіндіру; Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың салт-дәстүріне, ұлттық киімдері, тағамдары туралы түсінік беру; басқа ұлт өкілдеріне құрмет пен сыйлаушылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұлт, салт-дәстүр, достық.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бір-біріне достық ниеттерін айтады.

Балалар бір-бірінің қолдарын ұстап, жылы ниеттерін білдіреді.

Ұйымдастырушы ізденісі

-Біздер достық туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Балалар, мынау достық кешеңі. Осы жерде көп ұлт өкілдері бар екен.

-Сендер кімсіңдер?

Бір-бірімізбен амандасайық.

-Біздің ұлтымыз қазақ, бірақ Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.

Біздің бауырларымыз-орыс, татар, қырғыз, украин, белорустар. Бәріміздің Отанымыз-Қазақстан, өйткені олар Қазақстанда тұрады.

-Әр халықтың өз әні, биі, өз ойыны, өз салт-дәстүрі, өз ұлттық киімдері бар.

Батыр ағамыз Б.Момышұлының «Отаншыл болу –отбасынан басталады» деген аталы сөзі. Кәне қайталайықшы:

-Сендер осы сөзді қалай түсінесіңдер?

Тақпақ оқу «Ағайынбыз бәріміз»

-Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос, бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ.



Сергіту сәті:


Дидактикалық ойын: «Өз бас киіміңді тап!»

-Қандай ғажап, ажарлы аса көркем,

Қазақстан-арайлы, туған өлкем.

Одақта осынау ұлысы кең,

Достығымыз жарасып жайнаған өркен.

-Досы көпті жау алмайды.

-Ақылы көпті дау алмайды.

-Татулық-достық кепілі.

-Шын дос қиын сәтте әрқашанда қасында.

-Орыс, қазақ,

Өзбек бауыр бір туған.

Украин, грузин,

Әзербайжан халқы бар.

-Біз қазақпыз.

-Қазақ-Сәлеметсіңдер ме!

-Украин-Здоровеньки булы!

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер

Достық жырың біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Балалар ойын ойнайды.




Рефлексивті түзеуші

-Қазақстан қандай мемлекет ?

-Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?


-Біз барлығымыз қандай болуымыз керек?

-Көп ұлтты мемлекет.
-Орыс, өзбек, татар, башқұрт т.б.
-Тату болуымыз керек.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: -Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұратытын;

Түсінеді: -басқа ұлттармен тату-тәтті, дос болуымыз керек;

Қолданады:-достық туралы мақал-мәтел, тақпақтар жаттау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Президент сарайы-Ақорда»

Мақсаты: Балаларды президент сарайы-Ақордамен таныстыру; президенттің жұмыс істейтін кабинетімен; еліміздің бүкіл саяси жұмыстары: кездесулер, жиналыстар, саяси шешімдер қабылдайтын сарайы туралы түсіндіру; балаларды халқын, жерін сүюге азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ақорда, резиденциясы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, бәріміз бір-бірімізге жылу берейік алақандарымыз арқылы.




Ұйымдастырушы ізденісі

-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Бас қаламыз қалай аталады?

-Ел басымыз кім?

-Балалар, биыл қандай атаулы мереке болады?

-Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл,еліміз 1996 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтар бастан кешірді. «Тәуелсіздік» деген өз еркіміз өзімізде, жеріміз, теңдігіміз, еліміз бар. Қазақстанның өзінің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, теңгесі, өзінің қарулы күштері бар.

-Әлемнің 7 кереметі сияқты тәуелсіздік, егеменді алғаннан Қазақстан Республикасында да 7 кереметі бар.



Ойын: «Астанаға сиқырлы саяхат».

Балалар, бүгін біз Астана қаласына саяхатқа барамыз

-Кәне, көздеріңді жұмыңдар.Ұшақпен ұшамыз.

Сергіту сәті:

-Астана әуежайына қондық

Бүгінгі саяхатымызды Астанадағы 7 кереметтінен бастаймыз.

«Ақ орда»-ҚР Президенттінің резиденциясы , президенттің жұмыс кабинеті осында, бүкіл кездесулер, жиналыстар, келісімдер шешілетін жер. Бұл ғимаратта көп министр ағалар жұмыс жасайды.



Конструктор ойыны: «Зәулім ғимарат».

-Қазақстан Республикасында.
-Астана.

-Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.


-Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл.

Суреттерді қарайды.


-Қанатымызды жаямыз,

Көкке ұшып, таудан асып.

Қалықтайық аспанда,

Кемеден өтіп жерге түсіп,

Қонамыз біз Астанаға.

Конструктордан зәулім ғимарат құрастырады.


Рефлексивті түзеуші

-«Ақ ордада» кімдер жұмыс істейді?

Балалардың жауаптары.


Каталог: uploads -> doc -> 0d60
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d60 -> Шағын жинақталған мектепте пәндерді біріктіре оқыту тәжірибесі
0d60 -> Мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудағы педогогикалық технологиялардың ролі. С. Б. Кенжегозина
0d60 -> Сабақ реті: 2 Сабақтың тақырыбы Әлемнің ақпараттық көрінісі Сабақтың мақсаты
0d60 -> «Сіздің мінезіңіз қандай?» «Оң ба, сол ма?» ойыны
0d60 -> Наурыз бақыттың бастамасы! Жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет