Реферат Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы Тақырыбы: Дыбыстарды жіктеген ғалымдар



бет1/2
Дата15.02.2023
өлшемі140,72 Kb.
#168827
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Реферат Ахмет Байтұрсынұлы
ЕСЖ №1 (физика), З-Ж №4 (физ)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Реферат
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы


Тақырыбы:Дыбыстарды жіктеген ғалымдар

Орындаған: КИ-11 қазақ-ағылшын


Факультетінің 1 курс студенті: Скендір
Құралай Мұратбекқызы
Тексерген:Калиев Бектурсын Аманкулович

Қарағанды 2022ж


Жоспар
1.Дыбыс жайлы жалпы түсінік
2.Қазақ Хрестоматиясысының атасы
3.Ахмет Байтұрсынов еңбегі
4.Тиесов Елдес Омарұлының Қазақ фонетикасына қосқан үлесі
5.Дыбыстың анатомиямен байланысы
6.Қорытынды
Дыбыстарды жіктеу туралы Табиғатта адам баласы біле бермейтін неше түрлі құбылыстар бар.
Қоршаған ортада біз көрмейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ сол арқылы бір - бірімізбен қарым - қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар. Бұл толқын түрі дыбыс деп аталады. Біз естіп жүрген музыкалар, ұялы телефонның шырылдауы, адамдардың сыбырлауы мен сөйлеуі, сабақтағы қоңыраудың дауысы, теңіздің толқыны, жануарлардың үні, құстардың сайрауы, бәрі - бәрі дыбыс деп аталады.
Осы дыбыстарды зерттеудің де қыр сырлары бар. Осы салаға байланысты Қазақ ғалымдары зерттеу жасаған. Ал дыбыстарды айтпай тұрып ең алғаш Қазақ халқының болашағын ойлап,қазақ халқына ең алғаш болып мектеп ашып, Қазақ хрестоматиясын жасаған адамды айтпай кету қателік болар. Бұл әрине Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.
Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырған
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық
Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Өз өлеңдерінде жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Таулардан өзен ағып сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең, ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар ,
Өзеннен рақат тауып, басылады.
Қазақ фонетикасына үлес қосқан ақын,публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов.
Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу- өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауынан қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан алфавит пен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. Сол кезеңде, яғни ХІХ ғасырдың соңынан бастап, Ахмет Байтұрсынов еңбек еткен алғашқы кезеңде, қазақ халқының өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы қолданып келген араб жазуы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтыны, оның түркі тілдеріне жарамсыздығы мен кемшілік жақтары баспасөз беттерінде айтылып, қазақ жазуын жетілдіру керек деген мәселе көтеріле бастаған еді.Міне, осы көзқарастарды өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын уағыздай бастады.Н.И.Ильминскийдің пікірінше , алфавитті қай халық болса да, дінмен байланысты қабылдаған, мысалға, европа халықтары латын алфавитін – латын шіркеуі, орыстардың алфавиті –славян шіркеуі, ал мұсылман елдерінің араб жазуы ислам дінінің таралуымен байланысты қабылданған. Араб жазуы – мұсылман халықтарын ислам дінімен байланыстырушы үлкен құрал. Сондықтан, Ильминский бастаған патша өкіметінің миссионерлері, түркі халықтары жазуына орыс алфавитін енгізу арқылы «екі қоянды бір оқпен өлтіруге болады»: біріншіден, оларды мұсылман дінінен айруға болады, екіншіден, орыс графикасы арқылы оларды біртіндеп тілінен, дінінен айырып, православие дініне көшіруге болады деп есептеп, бұл әлеуметтік мәселеге ерекше мән беріп, тіпті, осы мақсатқа өз қандастарымызды да араластырып, біреудің қолымен күл көсеу саясатын қызу қолға алған еді[1.3]. Н.И.Ильминский 1883 жылы қазан қаласында басылып шыққан еңбегінде былай деп жазды: «Орыс мектептерінде тәрбиеленуші қазақ жастары арасында, сөз жоқ, мұсылман дініне салқын қарағанмен, өз ана тілдерін жанын сала сүйетіндер бар. Соларға орыс алфавиті қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін сақтаудың негізгі амалы деп ұғындыра алсақ, олар қазақ тіліне орыс алфавитін енгізуде көп нәрсеге көмектесе алар еді». Міне, осындай пікірлерден-ақ, жазу мәселесін әлеуметтік саясат құралына айналдырып, халық тағдырын өз мақсаттарына қарай өзгертуді ойлаған проф. Н.И.Ильминскийдің миссионерлік саясатын анық байқауға болады.Осындай уағызға ерген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба тілін «татаршина», «арабшина» деп жағымсыз қылып көрсетуге қосылып кетті . Ал бұл көзқарастардың әлеуметтік саяси астарын терең түсіне білген А.Байтұрсынов «қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс… Дінмен байланысқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды»,- деп жазды. Ол тек өз көзқарасын білдіріп қана қоймай, « 1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды». Сөйтіп, А.Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы дүниеге келіп, 1924 жылы Орынборда өткен қырғыз-қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы оны ресми түрде қабылдады.Бұл әліпбиді халық «Байтұрсынов алфавиті», «Байтұрсыновтың төте жазуы» деп атаса,сол кездегі орыстың белгілі ғалымдары, профессорлар Е.Д.Поливанов пен Н.Ф.Яковлев өте жоғары бағалады.Н.Ф.Яковлев өз сөзінде жақсы алфавит бірнеше ғылыми талаптарға жауап бере алатын болуы керек. Ол талаптардың негізгілері мыналар: 1.Алфавитте әріптер саны тілдегі сөз мағынасын ауыстыра алатын дыбыстар /фонемалар/ санына тең болуы керек; 2. Алфавитте әріптер саны өте көп болмау керек т.б. Осы негізгі екі қасиет қазақтың сингармониялық алфавитіне тән. Ал сингармониялық алфавит пен сингармониялық орфографияға қосымша таңба – дәйекшінің ендірілуі үлкен ғылыми жаңалық болды дейді. Кезінде профессор Қ.Жұбанов та осы араб графикасына негізделген жазуға қарсы айтылып жүрген пікірлердің негізсіздігін айтып, осы жазудың авторы А.Байтұрсыновтың еңбегін жоғары бағалаған еді. Е.Д.Поливанов бұл жазуды «Байтұрсыновский алфавит» дей отырып, «…енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп ғылыми тұрғыда жоғары бағалады. Ал бұл жазудың нағыз ғылыми бағасын танытып, Байтұрсыновтың ұсынған жазуы мен әліпбиінің құдіреттілігі мен тылсым сырын ашып, оның жазуы әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалық болғанын еліміз егемендік алғаннан кейін қорғаған докторлық диссертациясында Ташкенттік ғалым Махамбет Жүсіпұлы жан-жақты дәлелдеп бергені ғылыми қауымға белгілі жай. Сонымен, А.Байтұрсыновты араб алфавитін тұңғыш реформалаушы және соған сәйкестендіріп, емле ережелерін құрастырушы, қазақ жазуы мен әліпбиінің тағдырын шешкен ғұлама ғалым деп білеміз. А.Байтұрсынов жасаған алфавиттің әлеуметтік лингвистикалық жетістігі қандай десек, төмендегі мәселелерді атап көрсету қажеттігі туындайды:
Ғалым қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар, оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты дыбыстар екенін айтып: «бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады, «к», «г» һәм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, … онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын «қ» мен «ғ» – ны қосқанда, дайым жіңішке айтылатын «к», «г», «е» - лерді қосқанда, бәріне 43 белгі керек»,- дейді. А.Байтұрсынов қазақтың сингармониялық сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық қамту үшін осы 43 түрлі дыбысты дәйекшіні қосқанда 25 белгімен жазу техникасын ойлап тапқан;
Дыбыстың жіңішкелігін арнайы таңба – дәйекшімен белгіледі. Дәйекші сөз құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстың, сонымен бірге, бүкіл сөздің толық жіңішке дыбысталуын білдіреді;
Сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарға тәуелді, яғни дауысты дыбыстардың жуан – жіңішкелігіне қарай дауыссыздардың да жуан- жіңішке болатындығын анықтаған;
Араб графикасы негізінде жасалған жаңа әріптерді енгізген. Бір сингармофонеманың қызметін сөйлесім процесінде бірнеше дыбыстар атқарады. Олар біріне-бірі ұқсамауы да мүмкін. Осы сингармодыбыстарды сингармофонеманың позициялық сингармотүрлері дейді. А.Байтұрсынов осы фонологиялық принциптерді- -қазақ тілінің дыбыс жүйесінің сингармофонемалық және сингармопозициялық классификациясын – жасады
А.Байтұрсынов фонема статусына ие болған және фонема статусына ие болмаған дыбыстарды нақты ажыратқан, сөйтіп алфавиті мен орфографиясында жеке арнайы әріппен тек сингармофонемаларды, яғни сөз мағынасын өзгертетін фонологиялық единицаларды белгілеген. А.Байтұрсынов төмендегідей проблемалық сауалдарға жауап берген: 1/. Неге бір түрлі фонетикалық жағдайда дыбыстар әр түрлі дыбысталады /сыз –сіз. Неге алфавитке сөйлесім процесінде қолданылатын дыбыстардың барлығын жеке әріптермен таңбалау мүмкін емес Неге алфавиттегі әріп таңбасы әр дыбыстың емес, акустика – арткуляциялық жағынан ұқсас дыбыстар тобының, дыбыстық типтің, белгісі болады: «Н – н- нь»(тон- төн); 4/ бір- бірімен акустика – артикуляциялық жағынан ұқсас әрі толық ұқсас емес дыбыстар тобы мен адамның ойлауындағы дыбыстардың психологиялық бейнесі арасындағы байланыста қарым -қатынас бар ма?
Егер А.Байтұрсынов қазақ тілі сингормофонемасын жуан- жіңішке болып бөлінетін екі сингармовариациялардан тұрады деп анықтамаған жағдайда,өзінің сингармоалфавиті мен сингормоорфографиясын әлем ғалымдары жоғары бағаланғандай биік деңгейде жасай алмайтын еді
А.Байтұрсынов позициялық принципті,фонеманың позициялық түрлері және фонема дыбыстар қоры ұғымдарын жалпы тіл білмі әлемінде бірінші болып зерттеп,анықтаған
Байтұрсынов қазақ тілі дыбыс жүйесінде сингорможуан /қ, ғ/ және сингорможіңішке /к, г, е/ дыбыстарды ажыратып, оларға жеке таңба арнады. Яғни, түркі тіл әлемінде тұңғыш болып жуан-жіңішке сингармокорреляцияны анықтады, жұпталған сингармокорреляттік дыбыстар санын нақты белгілеген
А.Байтұрсыновтың қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы еңбегі ерекше деп білеміз. Ол терминдерді қазақ тілінің ішкі мүмкіндігі арқылы жасау жағына ерекше көңіл бөлген (бастауыш, баяндауыш, басқарма, хабарлама, т.б.). Өкінішке орай, А.Байтұрсыновтың идеяларын 1937-1938 жылдары әкімшілік- әміршілік жүйе тұншықтырып, 1990 жылдарға дейін тілімізді, жазуымызды орыстандыру бағыты толық үстемдік құрып келді. 
Ғалым басқа тілден енген сөздер тіліміздің табиғатына, айтылу сазына кері әсер ететінін, ана тіліміздегі сөзіміз шұбарланып, әуені бұзылатынын айтып, сондықтан басқа тілдің сөзін өз тіліміздің дыбыстық ерекшелігімен айту керектігін ескерткен еді. Мысалы: орыста «һ»дыбысы жоқ, сондықтан оны олар «г» дыбысымен айтатынын білеміз. Сондықтан өз тіліміздің табиғатына назар аударған жөн. Осы орайда ғалым: «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалыды»деп тұжырым жасаған еді.
Ғалым өзінің құрастырған алфавитіне «х, Һ» дыбыстарын енгізбеген. Себебі «һ» дыбысын одағай сөздерде ғана (аһ, уһілеу) кездеседі деп, «Бұл әріпті қазақ әліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып едік. Аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетіні көрінеді», - дейді. Ал «х» дыбысы араб, парсы сөздер арқылы еніп, қазақтың өз сөздері болып кеткен (адал – халал,арам – харам), сондықтан оны сақтау керек дейді. . Қазіргі жазуымызда «х» дыбысының фонемалық қасиеті жөнінде бірізділік болмауы себепті (хабар-қабар, қош-хош) жазуда қиындық келтіруде. А.Байтұрсынов «х, һ, ц, ч, в, ф, щ» дыбыстарды қазақ тілінің сингормофонемалар құрамына ендірмеген, оларға арнайы таңба арналмаса да, қосымша әріптермен қалай жазу жолдарын көрсеткен: .
А.Байтұрсынов сауатты жазуды бізге өсиет еткен. Алайда кейбір жағдайда сауатты жазу мәселесіне әлі де көңіл бөліне бермейтін тұстарды көріп, қынжылуға тура келеді. Мысалы, көшедегі жарнама, адамдардың аты- жөні, жер-су аттары т.б.
Ғалым «и, у» жарты дауысты деп көрсеткен еді. Қазіргі кезде де бұл дыбыстар статусы жөнінде кейінгі кезге дейін бірізділік болмауы салдарынан жазуда қиындық келтіріп жүргені белгілі (тиын- ты+йын, су – сұу).
А.Байтұрсынов араб жазуынан безіп, латын графикасына көшудің бір артықшылығы, қажеттілігі болып тұрмағынын айтып, «латынға алмастырғанынан енетін пайда көп болса немесе латын әріпін алу машақаты, шығыны араб әріпін түзуден аз болып шығатын болса, …. латынмен болуды жөн дер едік. Ол жоқ.», - деп, бүкіл түркі халқына ортақ болған араб графикасы негізіндегі жазуды жақтайды . Шындығында да, бір графикадан екіншісіне асығыс көшу салдары бірқатар қиындықтар келтіргені аян. Мысалы: түрік халқы алғашқы президенті Ататүрік кезінде араб жазуын тастап, латын графикасына көшті. Сол кезде «қ,к» дыбыстарын таңбалау үшін латынның бір «к» әрпі ғана алынған еді. Қазір 70 жыл өткен кездегі ұрпақ жуан қ дыбысын да, жіңішке «к» дыбысын да, «к» таңбасы арқылы жіңішке айтатын болған. Сондай - ақ, «ә» дыбысын латынның «е» таңбасымен белгіленуі салдарынан «ә, е, э» дыбыстары дұрыс оқылмайтын дәрежеге жеткен. Ал азербайжанда «ң» дыбысы болғанмен алфавитте таңбаланбауы да осындай кемшілікке жол берген. Өзбектердің «ң» дыбысын «нг» деп екі таңбамен белгілеуі салдарынан енді оны екі дыбыс етіп оқу қалыптасқан. Қазақ татарлары, қырғыздар мен түркімендер де «к-к, ғ-г» дыбыстарын жіңішке бір әріппен таңбалап жүр. Демек, қазақ жазуының негізін қалаған А.Байтұрсынов әліпбиінде мұндай кемшілікке жол берілмегенін қазіргі жазу мәдениетімізден де байқаймыз.
А.Байтұрсыновтың еңбектері арқылы қазақ тілінің табиғаты сингармонизмге негізделген танитын болсақ, оның еңбектері жарияланғаннан соң 70 жыл өткенде ғалым Ә.Жүнісбековтің докторлық диссертациясында А.Байтұрсынов ұстанған принциптің дұрыстығы, яғни қазақ тілінде фонологиялық қызметті сингармонизм атқаратындығы дәлелденді .
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынов ана тіліне әлеуметтік лингвистикалық тұрғыда ерекше мән берген. Ол: «…һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу – сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуға тиіспіз», - деген еді . Сондықтан «Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт – шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас»,- деп білеміз. Осы орайда, А.Байтұрсыновтай дара тұлғаның өсиеті, қалдырған мұрасы тіл жанашырларының алға ұстар бағдаршамы болуға тиіс. Тілімізді таза ұстаймыз десек, орфография мәселесінде А.Байтұрсынов ұстанған принциптерді басшылыққа алып, ана тіліміздің мүмкіндігін толық пайдаланып, өз тіліміздегі ғылым сөздерін қалыптастырып, сырттан кірген терминдерге балама тауып, немесе тіліміздің дыбыстық ерекшелегіне сай жазуымыз қажет деп білеміз.
Қазақ тіл біліміне үлес қосқан ірі тұлғаларымыздың бірі Омарұлы Елдес (Тиесов)
Омарұлы Елдес (Тиесов) – физик, математик, қоғам қайраткері, педагог, публицист, аудармашы, лингвист ғалым, тіл білімінің көптеген салаларымен, фонетика, жазу теориясы, емле, терминология, тілді оқыту әдістемесі, стилистика, морфология, синтаксис, соның ішінде сөйлем, сөз тіркесі синтаксисі мәселелерімен терең айналысқан біртуар ғалым. Қазақ тіл білімінің А.Байтұрсынұлынан кейінгі негізін қалаушылардың бірі. А.Байтұрсынұлының шәкірті және лингвистикалық мектебінің ең ірі өкілі. Омарұлы Елдес жаңаша жыл санауы бойынша 1893 жылы наурыздың 14 күні Қостанай өңірінің Тобыл болысында, қазіргі Таран ауданына қарасты Қожай ауылында туған. Кейбір ресми деректерде ескіше жыл санауы бойынша 1892 жылы 29 ақпанда немесе наурыздың 1 күні туған деп те көрсетіледі. Сүйегі Орта жүздің қыпшақ руынан, хат сауаты бар, ел ішінде беделді, текті тұқымнан шыққан. Ол сауатын ауыл молдасынан ашқан соң Ыбырай Алтынсарыұлы (Алтынсарин) ашқан Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде (Училище) білім алып, 1907 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер институтына түсіп, оны 1911 жылы үздік бітіріп шығады. Институтты бітіргеннен кейін оның қоғамдық қызметі басталады. Алғашында Добай ауылында мұғалiм болып жұмыс iстейдi. 1914-1917 жылдары жергiлiктi соттың кеңсесiнде қызмет Елдес Омарұлы шығармалары 4 атқарған. 1918-1919 жылдары Қазақтың тұңғыш мемлекеттігі Алашорда автономиясын құруға атсалысады. Уақытша үкіметтің Торғай уездік комиссарының көмекшісі, Торғай облыстық азаматтық комитетінің төрағасы, Торғай облыстық земствосы төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Алашорда Үкіметі құрылған тұста Қостанай уездік Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықты Алаш автономиясын қолдауға шақырды. Бірінші және екінші Жалпықазақ сиездеріне қатысады. Бұл жылдары ғалым өзін қазақтың ұлттық мемлекеттігін құруға атсалысқан мемлекет қайраткері ретінде де танытады.
. Ғалым қысқа ғана 44 жылдық ғұмырында, 10 неше жылдық ғылыми қызметінде артына қыруар құнды мұра қалдырды. Қазақ ғылыми ойының өсуіне, сауаты ашылмаған туған халқының жазу мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Тілге жасырынған ұлттық құндылықтарды қорғау, сақтау, дамыту жолында аянбай еңбек етті. Сол арыстар аңсап өткен бүгінгі Тәуелсіздік олардың құнды мұраларын туған халқымен қайта қауыштыруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдарға дейін Омарұлы Елдесті тілтанушы ғалымдар көбіне терминолог ретінде танып келді. Оның өзінде де үстірт. Ғалымның ғылыми мұралары Құрастырушыдан 5 айналымға енбегендіктен, оның қазақ тілі грамматикасы, фанетика, емле мәселелерін терең айналысқан алғашқы қазақ ғалымдарының бірі екендігі айтылмай келді. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін мүмкіндігіміз жеткенше еңбек еттік. Ұсынып отырған ғалымның бұл көптомдық шығармалар жинағы жылдар бойы жасаған жұмыстың, төгілген тердің жемісі. Омарұлы Елдестің шығармаларының негізгі бөлігі алғашында бес том болып құрастырылып, баспадан шығару үшін 2015 жылы тиісті үкімет орындарына ұсынылған болатын. Бірақ сол кездегі қаржылық қиындықтарға байланысты кейінге қалдырылған. Міне, араға үш жыл салып оны шығарудың сәті түсті.
Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсақ, 
әрі айтуына қарай, әрі сөз жүзінде білінетін қасиеттеріне 
қарай жіктеу керек. Қазақтікі сияқты заңы азбаған тілдің ай-
тылуы жүзіндегі дыбыс жіктері сөз жүзінде білінетін дыбыс 
қасиеттерінің жіктерімен түйісетін көрінеді.
Айтылуына қарай жіктегенде қазақ тіліндегі дыбыс тар дау-
ысты, дауыссыз болып екі айырылады.
І. Дауыстылар: а, р, ң, л, м, н, е, о, ұ, у, ы, и.
ІІ. Дауыссыздар: б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г.

345
Дауысты дыбыстар өзара толық дауысты, шала дау ысты бо-


лып екі айырылады.
1. Толық дауыстылар: а, е, о, ү, ы.
2. Шала дауыстылары: р, нл, м, н, у, и.
3) Толық дауыстылары кең шығысты, тар шығысты болып, 
олар да екі айырылады.
Аңғал түрлісі: а, е, ы.
Қымқыру түрлісі: о, ұ.
Шала дауыстылары ауыз шығысты, мұрын шығысты болып, 
олар да екі айырылады.
Ауыз шығыстылары: р, л, у, и.
Мұрын шығыстылары: ң, м, н.
Ауыз шығыстылары босаң жолды, қысаң жолды бо лып, екі 
айырылады.
Босаң жолдылары: ру, и.
Қысаң жолдысы: л.
Мұрын шығыстылары босаң бөгеулі, қысаң бөгеулі, тұйық 
бөгеулі болып үш айырылады.
Босаң бөгеулі: ң.
Қысаң бөгеулі: н.
Тұйық бөгеулісі: м.
Дауыссыз дыбыстар босаң жолды, қысаң жолды бо лып екі 
айырылады.
Қысаң жолдылары: п, т, с, ш, қ, к.
Босаң жолдылары: б, ж, д, з, ғ, г.
Қысаң жолдылары ашық жолды, тұйық жолды бо лып, екі 
айырылады.
Ашықтары: с, ш.
Тұйықтары: п, т, қ, к.
Босаң жолдылары да ашық, тұйық, тұйықтау болып үш айы-
рылады.
Ашықтары: ж, з.
Тұйықтары: б, д.
Тұйықтаулары: ғ, г.
Сүйтіп, қазақ дыбыстары көшелеп көрсеткенде бы лай бола-
ды: а, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, ң, л, м, н, о, ү, у, е, ы, и.
Дауыстылары: а, р, ң, л, м, н, е, о, ұ, у, ы, и.

346
Дауыссыздары: б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г.


Толықтары: а, е, о, ү, ы. 2) Шалалары: р, ң, л, мн, у, и.
1. Ауыз – ш, р, л, уи.
Аңғалы – а, е, ы 
Босаңы – р, уи
Қымқырулысы – о, ұ
Қысаңы – л
Қысаңдары: п, т, с, ш, қ, к
Ашықтары: с, ш 2) Тұйықтары: п, т, қ, к
Босаңдары: б, ж, д, з, г, г
Ашықтары: ж, з. 2) Тұйықтары: б, д
Тұйықтаулары: ғ, г
Бұлардың бірінен-бірінің шектерін айыратын не нәрсе де-
сек, ол нәрселер мынау болады.
Дауыстылар
50 
мен дауыссыздардың шегін айыратын жіктеу 
жалғауы «-мын», жалғаулық «мен» дауыстылардан соң 
«-мын», «-мен» дауыссыздардан соң «-бын», «-бен» («-пын», 
«-пен»). Дауыстылардың өзара шегін ашып, толық дауысты, 
шала дауысты қылып айыратын тәуелдеу, жіктеу жүзінде то-
лып жатқан нәрселер бар, оларды түгендеп жатпай, мына 
жағынан да айыруға болады: Толық дауыстылар буын ішінде 
дауыссыз дыбыстардың алдында келеді, соңында келеді. Толық 
дауыстылардың өзара шегін ашып, аңғал деп, қымқырынды 
деп айыратын мынасы:
Аңғалдары орын талғамайды.
Қымқырындысы бас буыннан басқасында келмейді. Шала 
дауыстылар да өзара, әуелі, дыбыстардың шығу орнына 
қарай ауыз шығысты, мұрын шығысты болып екіге айырыла-
ды, екінші шығу орны басқа болғандықтан, арасының шегін 
ашатын басқа нәрселер де бар. Ауыз шығыстылары септеген-
де «-дың», «-дан»-мен, жіктегенде «-мыз»-бен келеді. Мұрын 
шығыстылары септегенде «-ның», «-нан»-мен, жіктегенде 
«-біз»-бен келеді.
Ауыз шығыстылардың жігін ашып, біреуін босаң, екіншісін 
қысаңдап айыратын айтылу түрінен басқа нәрсе – босаң сөз 
50

Елдес. Қазақ тілінің дыбыстары – «Жаңа мектеп», 1927. № 2. 61-67 б.

347
басында келмейді, қысаң – келеді. Мұрын шығыстыларын да 
босаң, қысаң, тұйық деп айыратын айтылу түрінен басқа нәрсе 
– босаңының сөз басында келмеуі. Қысаңының алдындағы 
дыбысқа әсер етуі (аздыруы), тұйығының алдындағы дыбысқа 
әсер етпеуі (аздырмауы).
Дауыссыздырға келсек, бұлар да өзара жіктеліп, бірнеше 
түрге айырылады. Әуелі, бұлар қысаң, босаң болып екі айыры-
лады. Бұлай айырылуы айтылу түріне қарай болғанмен, басқа 
да жігін ашатын нәрсе бар. Қысаңдары мен босаңдары біріне-
бірі жуыспайды; Екінші сөзбен айтқанда, бірі қысаң, бірі босаң 
болып, екеуі қатарынан келмейді. Қысаңдарын ашық, тұйыққа 
бөліп екі айыратын нәрсе – ашықтарының азбайтыны, айны-
майтыны, тұйықтарының азатыны, айнитыны.
Босандарын ашық, тұйық, тұйықтау деп айыратын айтылу 
түрінен басқа нәрсе – ашықтары сөздің басында да, аяғында да 
келуі; тұйықтары сөз аяғында келмеуі; тұйықтаулары сөз ба-
сында да, аяғында да келмеуі.
Түсінікті болу үшін көшелеп көрсетсек, бұлай бо лып 
шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет