Реферат пәні: Жоғары мектепте интерактивті оқыту әдістемесі Тақырыбы: Үйренудің ең тиімді тәсілдері



Дата01.11.2019
өлшемі26,02 Kb.
#50975
түріРеферат
Байланысты:
ЖМИОӘ СРС7

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Пәні: Жоғары мектепте интерактивті оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Үйренудің ең тиімді тәсілдері


Ақтөбе, 2019 жыл


Мазмұны



  1. Кіріспе




  1. Негізгі бөлім

    1. Интербелсенді әдістер мен тәсілдер арқылы үйрену ерекшеліктері

    2. Үйрену процесін жүзеге асырушы жұмыс түрлері мен әрекеттері

    3. Дұрыс үйрене білу тәсілдері

  2. Қорытынды



  • Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе

Бүгінгі таңда біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономикалық даму ерекшеліктерінің  бірі ретінде автоматтандырылған  ақпараттық технологияларды атауға болады.  Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселе бойынша үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады. Білім беру педагогикасы мен танымдық психология адамның өз қолымен жасағанын  есте сақтайтындығын, практикалық әрекеттер  арқылы үйренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық екендігін  дәлелдеді. Сол себепті қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни оқу процесінің негізін интербелсенді (итерактивті) әдістемелер құруы керек. Яғни әрбір педагог, оқытушы, мұғалім сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы керек. Интербелсенді оқу мен оқытуда бірінші кезекте білім беру мен игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Интербелсенді оқытуда педагог үйренушілердің өзіндік таным процесін ұйымдастырушыға айналады. Ол үйретпейді-үйренуге бағыт бағдар береді, жол сілтейді, өзі де әр сабақта үйренеді. Педагог, оқытушы-білім көзі емес, ол-оқушының шығармашылық жұмысы мен оқу ізденіс еңбегінің бастамашысы, ұйытқысы, оқушыны білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының  білім  үйрену процесіндегі серігі, әрі үлгі тұтарлық тұлғасы болады. Сондықтан педагог  орсан зор көлемді ақпарат әлемінде оқушыға өзіндік көзқарас, түсінік пен құндылықтарды қалыптастыруда жанашыр көмекші петінде танылады. Осындай ұстанымның бірнеше себептері бар:

1.      Үйренушілер арасындағы қарым-қатынас интербелсенді  оқудың  ең басты мәселесіне айналып, қатысушылардың өзара ынтымақтастығын қажет етеді, ал педагог осындай карым-қатысты коммуникативті процесті ұйымдастыра білуі қажет.

2.      Интербелсенді оқытуда үйренушілер өз біліміне және өзгелердің біліміне деген жауапкершілікті өздеріне жүктеп алады. Сол себептен педагог да үйрену процесінің белсенді мүшесіне айналады.

3.      Интербелсенді оқыту үйренушілердің жеке тәжірибесіне сүйенеді, ал педагог тәжірибені жаңа біліммен байланыстыру жолдарын бағыттап отырады.

4.      Интербелсенді оқытуда іздену процесі қорытынды нәтиежеден маңызды болғандықтан педагог сол процесті ұйымдастыра білуі керек.

            Интербелсенді оқыту бірлесе білім үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе білім иегруде әрбір үйренуші танымның мазмұны мен қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен алмасады, жоғарғы нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Осындай қарым-қатынас бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйластық пен бірін-бірі қолдау жағдайында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды. Сондықтан білімді ұрпақ, ақылды жеткіншек тәрбиелеу үшін білікті жұмыс күші бар мемлекет дамыту үшін білім жүйесін дамытуымыз қажет. Осы мақсатта оқу орындары бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі ретінде интербелсенді әдістемені таңдау қажет. Неліктен интербелсенді әдістеме оқу орындарының  негізгі ұстанымына айналу керек??? Өйткені бұдан ертеректе ақпараттық технологияның жетіспеушілігі білім игерудің ең басты проблемасына айналса (дерек көздерінің жетіспеушілігі, оқулық тапшылығы т.б.) бүгінде керісінше, ақпараттың адамның  биологиялық  мүмкіншіліктерінен шамадан тыс көптігі проблема болып табылады.

 Қазіргі таңдағы ақпараттың  орасан зор мөлшері ( кітаптар, интернет т.б.) адамнан бұрынғыдай мағұлматты  іздестіріп қана қоймай, қажетті мәліметті табуы, оны игеріп, қажетіне  жаратып, пайдалануды,  оны бағалауды талап етеді.



2.1 Интербелсенді әдістер мен тәсілдер арқылы үйрену ерекшеліктері

 Білім саласындағы инновациялық өзгерістер оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады.  Дәстүрлі білім беру өз мақсаты  мен мағынасын нақты белгіленген білім игерумен шектелсе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идеяда деп ұстанған инновациялық көзқарас оқу мен үйренудің негізінен тек пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құруы керек деп түсінеді.

Ал, интербелсенді әдістер мен  тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан дамуына әкеледі, өз мүмкіндіктерін түсінуге және бағалауға жетелейді. Үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Ағылшын тілінен енген «интерактив» сөзі де осы мағынаны білдіреді. «Inter»  дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act»- «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Сонымен интербелсенді – дегеніміз диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізгін үйретуші-үйренуші, үйренуші-үйренуші, үйренуші-өзімен өзі, байланысындағы  жасаған қарым-қатынасын (әңгіме, сұхбат, бірлескен әрекеттер) құрайды.

            Интербелсенді оқытуда үйренуде білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану мен қабілеттерді дамыту

- өз әрекеті мен ойын талдау, оларға баға беру

- ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, керекті мәліметін алу

- өздігінен жаңа түсінік пен блім құрастыру

- жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптстыру, белсенді өмірлік позиция ұстану

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу

- шешім қабылдау және де қиын мәселелерді шешу

- ортақ жұмысқа жұмыла білу

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу

Үйрену мен үйрету процесі шәкірт  басына білім жинақтаудан тұрмайды. Сол себепті де  интербелсенді оқытуда үйренушілер мынандай әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек:

-         бірлескен жұмыс

-         танымдық , коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан бесленділік таныту

-         бастамашылдық

-         кері байланыс жасау

-         проблема шешу, шешім қабылдау

2. 2 Үйрену процесін жүзеге асырушы жұмыс түрлері мен әрекеттері

Интербелсенді оқытуда үйренушілер әрқашан белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірлерді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Яғни интербелсенді оқыту мынандай жұмыс түрлері  мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:

-         бірлескен жұмыстар

-         жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары

-         ролдік және өндірістік іскерлік ойындар

-         пікірталастар

-         шығармашылық жұмыстар

-         жағдаяттар арқылы нақты ситуациялар талдау, кейс-стади

-         тренингтер

-         интервью

-         презентациялар

-         ақпараттың әр-түрлі көздерімен жұмыс жасау ( кітап, лекция, интернет, құжаттар)

-         сауалнама өткізіп, оның қорытындыларын талқылау мен талдау

-         компьтерлік оқыту бағдарламасын пайдалану т.б.



Осындай топтық жұмыстар арқылы шәкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын ( тыңдай білу, әр пікірді ескеру, ортақ шешім қабылдау) іс жүзінде қолданады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу үйренудің) ортақ мағынасына  және  қорытынды  нәтижесіне  өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге, білімге қандай бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жете  алатындығын  анықтайды. Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйластық пен қолдау жағдайында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін ынтымақтастықпен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.

2.3 Дұрыс үйрене білу тәсілдері

Оқи білу, оқығанды миға тоқи білу өте маңызды. Үйренудің де дұрыс тәсілдері, жолдары, амалдары болады. Үйрену әдіс-амалдары, тәсілінің дұрыс болмауы алға басуымызға өзіндік әсерін тигізіп нәтижемізді жоғарлатуға бұғау, тұсау болары шындық.  Адам баласы бір-бірын жетектеуге, сүйемелдеуге тиіс. Үйрену  туралы өз ойымды айтып оң бағыт-бағдар сілтей алсам менің мақсатымның орындалғаны. Әсіресе толқсыз, толық орта мектеп басқышындағы оқушылар дұрыс үйрену дағдысы болмай қиналатын кезі болады, соларға ой түрткі болсын деп өз ойымды ортақтасуды жон көрдім. Олай болса қандай дұрыс үйрену әдістерін қолданып өзімізді алға басуға жебуге болады? Осы мәселе төңірегінде төменде бірнеше жақтан өз ойларымды айтпақпын:  
      1. Үйренуде шынайы өнімділікке көңіл болуымыз тиыс. Үйренудің жөны осы екен деп күні бойы кітАптан бас алмай шынайы өніміне мән бермесек ұтылғанымыз болмақ. Бұндай жағдайда біріншіден уақыттан ұтыламыз; екіншіден миымыз шаршайды; үшіншіден үйренуден нақтылы өнім болмайды, нәтиже шықапайды; төртіншіден қалғып-шұлғып отырып үйренгенің өзіңді алдағаның. Тек барысына мән беріп, нәтижеге көңіл аспасақ қалай болғаны.
    2. Үйренуде мыйды сергек ұстау өте маңызды. Аз уақыттың ішінде көп нәрсе үйреніп алуға болаы, ол үшін миымыздың ең жақсы қабылдайтын кезін таңдап дәл осы кезде уақытты ұтымды пайдала білуымыз тиіс. Бұл миымыздың ең қағылез сергек, қабылдауы тез тұсы болса керек.          
    3. Үйренуге отырғанда миымызда басқаша қиял, ой болмауы тиіс. Үйренуде зейін-зердеміз шоғырланбай қиял қуып, ой кешіп кетсек; екі көзіміз ғана кітапта болып қыиялың қияндап, шарықтап кетеді де миыңа ештеңе кірмейді, бұндай үйренуден ештеңе шықпайды. Ата-ана оқушыға тыныш үйрену ортасын жаратып беруі керек.                   
       4. Көңілсіз сәтте үйренуді доғара тұр. Себебі дәл осындай сәтте үйренуге көңіл тартпайды, зауқ соқпайды. бұндайда ең жақсысы, жақсы досыңды тауып шүйіркелсе әңгімелессең көңілдің кірі кетіп көңілсіздіктен арыласың.
     5. Тек қана теорияға ден қойып, іс-жүзіндікпен ұштастыруға назар аудармасаң үйренуден ұтыласың. Мысалы үшін қолданылмалы техникада теория мен амалиятты бір-бірінен бөле қарауға болмайды. Амалияттың мәйегі теория екені шындық, назария ісжүріндікке бастаушы, нұсқаушы болады; бірақ іс-жүзіндікпен ұштаспаған теория қиялдағы елес сияқты жалған болып сезіледі. Теориялық білімді іс-жүзіндікке сәйкестре білу өте маңызды.
    7. Үйренуге талғампаздық қажет. Басынан түсіп аяғынан бірақ шыққанша шұқшюдың қажеті шамалы;  керегімізге жарайтын тұсын таңдап, талғап қабылдауымыз керек. Үйренуге жасандылық танытқаның өзіңді алдағаның.            
         8. Үйренуге сөзсыз зейін-зердемізді шоғырландырып, мұқият кірісуіміз өте маңызды. Ойың он бөлек, санаң сан бөлек болса ондай үйренуден ештеңе шықпайды; үйренуге шынайы ықылас, шын ниет болмаса ешқандай алға басу, ілгерлерушілік болмайды. Үйренуіміз өзімізді, қала берді ата-анамызды алдау үшін болмауы керек. Ертең бір жетістікке жетем десең шын ниетіңмен, пейіліңмен үйрен.                      
          9. Үйрнуде өлі түрде жаттағаннан, түсініп-ұғынып үйренген миға оңай қонып, есте ұзақ сақталады. Түсінер түіснбестен өлі түрде жаттағаннан көрі, мән-мағынасын ұғып үйренген көкейге оңай қонады, есте берік сақталады.
     10. Маңызды түйіндерді естелікке алып отырғанымыз дұрыс. Маңызды деп қаралған мазмұндарды естелікке ала жүрсек қажетті уақытында кітапті аударып-төңкермей ақ тез тауып алуымызға септігін тигізеді.
   11. Үйренуде өзімізді саналылыққа баулуымыз керек. Ата-ананың болмаса мұғалімдерімізің тізгіндеуінде керағар түрде сабақ қарауға кіріссек бұның өнімі жақсы болмайды, зорлық-зомбылық арқылы үйренген білім оймызда қалмайды, санамызға сіңбейді; ол тек қана өтеуге тиісті борыш іспеттес болып қалады.
     12. Үйренуге де шынайы позиция, дұрыс таным қажет. Үйренуге немқұрайлық танытуға болмайды, үйренуіміз тек құдағи қайтқанша немесе шұғыл түрде болмауға тиыс. Бес саусақты ауызға бір жолда салмай үйренуді деркезінде алып барсақ, басымызға ауыртпалық қиндық туғызбайды, жеңіл келеді. Үйренуіміз жалаң ғана емтиханға төтеп беру үшін емес, ертеңіміз, нұрлы болашағымыз үшін болу керек.
     13. Үйренуге қажырлық, алғырлық керек. Үйренуде әр шөптың басын шалып ананы бір шұқып, мынаны бір шұқып сипақтап, үйренуге дұрыс құлық тантпасақ ондай үйренуден оңды нәтиже шықпайды. Назарымызы шоғырландырып тапжылмай отырып, жақсы көңіл күймен үйренсек жұғымды, қонымды болады.
    14. Оқулық пен қосымша материалды салыстра үйрену жақсы нәтижеге қол жеткізуімізге септігін тигізеді. Қосымша материалдың түрлері өте көп мысалы үшін бұрынғы емтихан қағаздар, сол оқулыққа қатысты жаңа мазмұндағы еліктемелі сынау қағаздар т.б. материалдар, міне осыларды салыстырып үйренсек өнімі быршама көрнеті болады.  
     15. Үйрену мен демалысты ұштастыра білуымыз керек. Миды шамадан тыс қатты шоғырландырғанда ми тез шаршайды, қабылдауы әлсрейді; осындай уақытта өзімізді зорлап жалғасты үйрене берсек мидың қабылдауы төмендейді, осы сәтте аздап демалып тынықсақ ми шаршағаны басылады.
     16. Өзіңді қор санама. Онекі мүшең сау болса сен қалай пендеден кемсің, егер кемдік болса ол сенің жігеріңнің жасықтғында. Құлшынсаң, талпынсаң барын өзгертуге болады; ол үшін бәріне жетем дейтін асқақ рух пен өзіңе деген сенім болуы керек. Соған жету жолында тер төксең, ізденсең Алла бұйыртса мақсатыңа жетесің.
    17. Не үшін деген сұрақты көп қоя біл. Білмеген нәрсеңді достарыңнан, мұғалімдеріңнен, маңайыңдағы білетіндерден кішпейлдікпен сұраудан арланба. Көп сұрап үйренсең ілгерлеуіңе септігі тиеді, жәрдемі болады.
    18. Үйренуден қортынды жасай был. Біраз уақыттан кейін үйренуден өзіңе есеп бере жұр. Не түсіндім, не білдім, нәтиже қандай, ілгерлеушілік барма жоқ па? Барін қортындылай біл.
   19. Әр адамда өзіне тан үйрену тәсілі болады. Өзіңе тән, жаның дұрыс деп қалаған үйрену тәсілін қолдан. Бұл амал сөзсіз сенің алға ілгерлеуіңе шынайы кепілдік бере алатын болсын.
     20. Үйрену жоспарың болсын. Алдағы күндеріңде не істейсің, қалай дайндаласың өзіңде қағаз бетіне түсірген жоспарың болсын, әрі сол жоспарды іске асыруға  шынайы әрекет ет.
Дарын, таланытқа байланып қалған ештеңе жоқ. Талантың тасып, асып тұрмасада, талықпай-жалықпай үздіксіз іздеу, іздену, құлшынысың арқылы нағыз талант иелері бағындырған биік белесті сенде бағындыра аласың. Эйнштейн айтқандайталант  99% қан-термен, 1% шабыттан келедідеген дұрыс үйрену дағдысын қалыптастырып, құлшына үйренсек армандаған нәтижеге қол жеткізуіміз әбден мүмкін. Өмыр екі келмейді, алаулаған жастық шақты шексіз білім, ғылым, өнер үйренуге жұмсауымыз керек, жастық шақ мидың ең өткір, алғыр тұсы осы уақытты бос жіберіп алмай өз тағдырымызды өзгерту жолында шынайы құлшыныс жасай білейік.

Қорытынды

            Жеке тұлғаның тек білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім беру, білім алу жүйесінің басты мақсаты- рефлекциялық қасиеттері бар тұлға қалыптасуға мейілінше тиімді жағдайлар жасау:

-         өзіне –өзі есеп беріп, ойы мен іс-әрекеттерін талдай алуы

-         өзін-өзі бағалай алуы

-         өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып, өркендей білетін

-         өз өмірі мен іс-әрекеттерімен ешкімге жүгінбей өздігінен жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары.

Осындай рефлексиялық қасиеттерді бойында қалыптастырған тұлға жаңа әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен қызмет жасайды.

Сондықтан бүгінгі күні маманға қойылатын талаптар біліммен жұмыс жасау бағытына ауысқан. Дамыған елдердің экономикасы нақты емес жағдайда жұмыс жасай алатын, проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын белгілеп, стратегиялық бағыттарды айқындап  білетін мамандарды көптеп қажет етуде.  Яғни, Қазақстан экономикасы да  білімді де, білікті, білімді нақты жұмысқа айналдыра білетін мамандарды қажет етеді. Қазақстан Респбуликасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемелекеттік бағдарламасы  ауқымында білім алушылардың оқуды аяқтағанда қандай құзіреттіліктерді меңгеруі қажет екендігін атап өтсек болады. Ол:

-         танымдық әрекетерге өзіндік тұрғыда дайын болуы

-         проблемаларды  шешуге дайын болуы

-         ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану деңгейі

-         әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайын болуы

-         өзін-өзі дамытуға, өркендетуге, жүзеге асыруға дайындығы

-         отан алдындағы  жауапкершілік сезімі

Міне бүгінгі заманның осындай ерекшеліктері үйрену және үйрету ісінде интербелсенді әдістеменің қажеттілігін  дәлелдейтін тәрізді. Барлық деңгейлерде оқу процесі шәкірттердің өздігімен атқаратын белсенді әрекеттерден құралуы  тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы.Алматы. 2010.




  1. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жан Текеева З.У. Педагогика высшей школы- Алма-Ата, 1989.




  1. Әлімова А.К «Интербелсенді әдістемені ЖОО қолдану мәселелері» Алматы 2013 ж.




  1. Рысбаева А.К «Педагогикалық процесс субектілерінің  табысты іс әрекектінде интерактивті оқытудың ықпалы» Алматы 2008


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет