«Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстандағы автоматты метеорологиялық станциялардың дамуы
Орындаған: Нұрамбек Аружан
Тексерген: Ж.С.Нурмашевна
Метеорологиялық станция - тұрақты метеорологиялық бақылауға арналған мекеме. Метеорологиялық станция кешенінде атмосфераның және жер үстінің жағдайын бақылауға арналған метеорологиялық алаң және бақылау нәтижелерін алатын, өңдейтін және беретін приборлармен жабдықталған орындар бар.
Метеорологиялық станса.
Метеорологиялық цтанса– атомосфералық өзгерістерді бақылап отыратын мекеме. Негізгі міндеті метеоролиялық құбылыстардың белгілі бір мерзім ішінде өзгеруін анықтау. Алғашқы Метеорологиялық Стансалар 18 ғасырда пайда болып, жеке ғалымдар, ғылыми қоғамдар ауа райына бақылау жүргізе бастады. Метеорологиялық Станса құрамына метеорологиялық алаң (мұнда термометрлі және гидрометрлі психрометрлік үйшік, жел жылдамдығын өлшейтін аспаптар, жаңбыр өлшеуіш, топырақ термометрі, т.б. орнатылады) мен мекеме үйі (ішінде барометр, даладағы аспаптардың көрсетулерін тіркейтін қондырғылар болады) кіреді. Бақылау жұмыстары қабылданған стандартты бағдарлама бойынша 3 немесе 6 сағат сайын, кейде сағат сайын жүргізіліп отырады. Осыдан алынған мәліметтер шартты белгілерге түсіріліп, ауа райын зерттейтін орталыққа, авиациялық метеостансаға, т.б. жіберіледі. Көптеген Метеорологиялық Стансалар бұған қоса агрометеорологиялық бақылау, күн радиациясының қарқындылығы мен радиациялық балансты, топырақтан ауаға булану мөлшерін, т.б. анықтау жұмыстарын жүргізеді. Метеорологиялық Станса кемелерде де, адам тұрақты қоныстанбаған аудандарда (автоматтық метеорологиялық стансада) ұйымдастырылады. Метеорологиялық Стансаның ауа райына жүргізген бақылаулары ауыл шаруашылық салаларын ауа райының қолайсыз жағдайларынан алдын ала сақтандырады. ҚР Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау басқармасының Метеорологиялық Стансаларында атмосферадағы метеорологиялық құбылыстарды бақылап отырады.
Метеорологиялық станса – атмосферадағы өзгерістерді үздіксіз бақылап отыратын мекеме. Ауа темп-расын өлшеу, ауа ылғалдылығы мен қысымы, желдің бағыты мен жылдамдығы, атмосфераның жағдайын (бұлттылығы, жауын-шашын, күн радиациясы, т.б.), т.б., атм. құбылыстардың басталуы мен аяқталуын, қарқындылын анықтайды. Метеорологиялық станса құралдарына актинометр, анемометр, барометр, гелиограф, гигрометр, жауын-шашын өлшеуіш, т.б. жатады. Бақылау, әдетте қалыптасқан бағдарлама бойынша жүргізіледі және ауа-райы болжамын жасауда, климатты және ондағы болатын өзгерістерді зерттеуде, қолайсыз құбылыстардың болатынын алдын-ала ескертуде қолданылады. Жер бетіндегі, кемеде орнатылып, ағыспен ығып отыратын және ашық теңіздегі Метеорологиялық стансалар болып ажыратылады. Стандарт бекіткен бағдарлама бойынша қайта бақылау жұмыстары әрбір 3, 6 сағат сайын, кейде бір сағат сайын жүргізіліп отырады. Метеорология (грек. метеора – атмосфера мен аспан құбылыстары және ...логия) – атмосфера мен оның процестерін зерттейтін ғылым.
Метеорология атмосфераның құрамы мен құрылысын; жылу айналымын, жылу режимін, т.б. зерттейді.
Басты салалары
Б асты салалары – атмосфера физикасы (атмосферадағы физикалық құбылыстармен айналысады; Атмосфералық акустика, Атмосфералық қысым, Атмосфералық оптика, Атмосфера электрлігі, Аэрология), атмосфера химиясы (ауа қабаттарындағы химиялық құбылыстарды зерттейді), динамикалық метеорология, синоптикалық метеорология, климатология. Метеорологиялық зерттеу жұмыстары көне заманда басталған (Аристотель). 17 ғ-дың 1-жартысында Италия ғалымдары
Достарыңызбен бөлісу: |