1859 жылы Алматы мен Оралда басталды. Метеорологиялық құралдар: Барометр, анемометр, гигрометр,
антинометр.
Барометр
Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады.[1]
Гигрометр - ауаның ылғалдылығын өлшеу үшін қолданылатын метеорологиялық аспап.
Актинометр
Актинометр - жасанды жылу көздерінің немесе күн радиациясынын қарқынды сәулеленуін өлшеуге арналған аспап
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа-райы бұзылады.
Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, шетінен ыдыраса, күн жылынады. Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі.Ай қызыл түспен қораланып, сол шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күн ашық болады. Осындай екі шеңбер немесе күңгірт бір шеңбер көрінсе, ол - қатты суық болады деген хабар.
Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса боран немесе дауыл тұрады. Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады.
Халық болжамдары
Қазақ халқының аспан, ғарыш денелері арқылы ауа райын болжауы
Қазақ халқының үй жануарлары арқылы ауа райын болжауы