Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Технология және биоресурстар факультеті
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қайта өңдеу өндірісі саласындағы өнімді және процесті стандарттау
Орындаған: Алпысбайқызы Ж.
Тексерген: Дуйсенбекова О.
Алматы 2022
Мазмұны
Кіріспе 4
1.Өңдеу өндірісі технологиясының даму перспективасы және қазіргі жағдайы. 5
2.Өңдеу өндірісі саласында инновациондық қызмет пен ғылыми қамтамасыз ету. 6
2.1.Өнім сапасы және оған әсер ететін факторлар. 7
2.2. Сапаға әсер ететін факторлар. 8
2.3.Сапаны басқару жүйесін стандарттау 9
3.Стандарттау бойынша ұйым 11
3.1.Квалиметрия негізінің түсініктері 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.
Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.
Стандарт – бұл қоғамда бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келушілік негізінде әзірлелетін және танылатын органдардың бекітетін нормативтік құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіріп оқтайлы деңгейге жетуге бағытталады. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетінсапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді
Өңдеу өндірісі технологиясының даму перспективасы және қазіргі жағдайы.
Қазақстан Республикасы президенті халыққа жолдауында ауыл шаруашылығының барлық салаларының сапалық анализін өткізуге, ең алдымен атқарылатын шаруаларды анықтау; ауыл шаруашылығы өнімділігінің деңгейін жоғарылату мәселесін жүйелі түрде шешуді; ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа нарығын және экологиялық таза өнімдердің жаңа өндрістерін құруды міндет етіп қойды.
Өңдеу өндірісі – Қазақстан АӨК құрылымындағы негізгі тізбектердің бірі. Бұл сала халықты азық – түлік өнімдерінің көптеген түрлерімен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл саланың негізгі міндеттері – халықтың барлық топтарын азық – түлік өнімдерімен қамтамасыз ету:
- Өнімдердің принципиалды жаңа түрлерін өндіруді ұйымдастыру;
- тағамдық рационның баланстылығы;
- ішкі және сыртқы нарықта өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Әр саланың соңғы, дайын өнім құнына салымы бойынша АӨК рационалды құрылымы туралы айтуға болады. Дамыған елдерде соңғы өнім құнының негізгі бөлігі үшінші салада жасалады. Мұнда, әдетте, ауыл шаруашылық шикізатының терең кешенді қалдықсыз қайта өңдеу і, оны сақтау, дайын өнімді буып – түю қамтамасыз етіледі. АҚШ – та өңдеу, буып – түю есебінен азық – түлік өнімдерінің 50 – ден 90 – ға дейін бөлшектік құны құрылады. Бұл елде өнеркәсіппен шығарылған өнімдер (құндық мәнде) ауыл шаруашылық өнімдерінің өңдеуге берілетін мөлшерінен 4 есе артық жүзеге асырылады.
Қазақстанда өткен жылдары инвестициялық және құрылымдық саясатта айтарлықтай қарама қайшылықтар жіберілді, бұл АӨК салалары арасындағы тепе – теңдіктің және пропорциялардың өрескел қателіктеріне әкеліп соқты. Әсіресе 3 сала дамудан артта қалды. Сондықтан қазір ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге көп көңіл бөлінеді (монограф). Біртіңдеп экономикалық рычаг пен стимулдар жетілдіріледі. Оның көмегімен мемлекет нарықтық процесстерге қатысады, мемлекеттік реттеу қалпына келеді, өндірістік және қоғамдық қатынаста бәсекеге қабілетті экономиканың жаңа жағдайларында қалыптасатын ғылыми, құқықтық және ұйымдық – экономикалық бекітулерді қамтамасыз ететін мемлекеттік және басқада институттар құрылады және табысты жұмыс істейді, ауыл шаруашылық және өндірістік интеграциясының және тиімді өзара әрекеттің шарттарын орындағанда мәселелер шешіледі деген түсінік бекітіледі.
Фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізгенде өңдеу және азық – түлік өндірісі саласында ауыл шаруашылық шикізатын кешенді өңдеудің тиімділігін арттыруға және жоғары сапалы азық – түлік өнімдерінің, концентраттардың, жемдердің, биологиялық активті қоспалардың және дәрі – дәрмектердің өндірісін ұлғайтуға ерекше мән беріледі. Сонымен бірге ғылыми зерттеулердің маңызды бағытына елде өндірілетін шикізаттың қазіргі тербелістеріне технологияның адаптациясы және азық – түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін жоғарлату қажеттілігінің қызмет етуі ескеріледі.
Өңдеу өндірісі саласында инновациондық қызмет пен ғылыми қамтамасыз ету.
Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы ауыл шаруашылық өнімдеріне ерекше талаптар қояды. Осыған жетудің негізгі шарттарының бірі осы елдің өндірістік және кешенді өңдеудің кластерлық инициативалары есебінен азық – түлік нарығын тұрақтандыру болып табылады.
Ауыл шаруашылық шикізатын терең өңдеудің жоғары технологиясын енгізу есебінен өнім ассортиментін кеңейтудің бар мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану.
2022 жылға дейін ғылыми зерттеулердің басымды бағыттары:
- АӨК өңдеу салалары үшін технологиялар мен машиналардың ғылыми негіздерін дамыту;
- берілген құрамда және реттелетін қасиетпен дұрыс тамақтанудың, жемдердің және олардың компоненттерінің жаңа өнімдерін жасау үшін шикізатты терең өңдеудің өндірісінің технологиясын жетілдіру;
- ауылшаруашылық шикізат өңдеу процесстері биотехнологиялық әдістер интенсификациясының ресурс ұнемдеуін жасау және дайын өнім өндіру;
- емдік-профилактикалық, балаларға және экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халыққа арнап химиялық құрамын бағытты өзгертілу арқылы жаңа буын өнімдерін өндіру технологиясын өңдеу және жобалау;
- шикізат пен дайын өнімді сақтау жүйесін жетілдіру;
- өңдеу өндірісі өнімдерінің нормативті-техникалық базаның мониторингісін және бағалауын, шикізат қауыпсіздігін және сапа бақылау мен анализін жетілдіру;
Осыған байланысты 5 жыл ішінде ғылыми-әдістемелік орталықта сүт, ет, астық, өсімдік, жеміс – жидек, нан-тоқаш және макарон өнімдері технологиясында көкөнісжемісті қоспаларын (қауын, қарбыз, асқабақ, асқабақ пюресі) қолдану жасалған. Жалпы және емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған, поликомпозитті қоспалар негізінде тұтас ұнтақталған: бидай, қарабидай, арпа, сұлы, соя, жүгері, қарақұмық астық ұндарынан жасалған нан-тоқаш өнімдері және наубайханалық бұйымдар құрамында көп мөлшерде маңызды аминқышқылдар, минералды заттар, В, Е тобының дәрумендері және т.б биологиялық белсенді заттарымен ерекшеленеді. Ұннан жасалған наубайханалық бұйымдар сапасын жоғарлату, эмульгаторлар мен ферменттік дәрмектер қолдану арқылы жүзеге асуы тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Қайта өңдеу өндірісінің өнімдерінің классификациясы мен ассортименті. Топтастыру – барлық салада жүйені қалыпқа келтіру үшін қажет.
Топтастыру дегеніміз – жалпы сипаттамалық белгі.Топтастыру түрліше болуы мүмкін: оқулық, саудалық және т.б.
Оқулық топтастыруға сәйкес барлық өнімдер 9 негізгі топтарға біріктірілген.Бұл топтастыру негізінде тауарлардың шығу тегі немесе химиялық құрамы бойынша, өндірілу ерекшеліктері мен тағайындалу ұқсастығын түсінеміз. Өңдеу өндірістерінің өнімдері төмендегідей топтарға бөлінеді:
-астық тауарлары (астық және оны өңдеуден алынған өнімдер: ұн, жарма, нантоқаш және макарон өнімдері). Бұл топтағы тауарларға құрамында көмірсудың, оның ішінде крахмалдың жоғары болуы тән.
- крахмал өнімдері, Қант және кондитер өнімдері (бал ,патока,жеміс – жидек өнімдері, шоколад, какао-ұнтақ, карамель, кәмпиттер мен ұннан жасалған кондитер өнімдері).Олар құрамындағы көмірсудың жоғары мөлшерімен сипатталады.
Саудалық топтастыруға сәйкес өнімдерді келесідей топтарға бөледі:
- сүт өнімдері;
- ет өнімдері;
- нан – тоқаш;
-жеміс – көкөністі;
- кондитерлік;
- арақ – шарап;
- ет;
- балық;
- жұмыртқа;
- тағамдық майлар;
- темекі өнімдері.
Тауарлық сорт дегеніміз – бұл белгілі бір түрге жататын өнімнің бір немесе бірнеше сапа көрсеткіштері бойынша нормативті - техникалық құжаттарға сәйкес сапа градациясы. Азық – түлік тауарларының сорты санмен, әріптермен немесе сөзбен белгіленуі мүмкін.
Өнім сапасы және оған әсер ететін факторлар.
Қазіргі кездегі сапа мәселесі біріншілік мәнге ие болып отыр.Өнімнің сапа стандартына сәйкес – өнім құрамы қажеттілікті қанағаттандыруға жарамды және тағайындалуына сай болуы керек. «Сапа» түсінігінің өзі абсолютті емес, керісінше қатысты мағына білдіреді. Тағайындалуына сәйкес бір өнім бірнеше сапаға ие бола алады.
Өнімнің тазалығы мен рафинациясы деңгейінің жоғары болуы, оның адамзатқа пайдалылығымен қарама – қарсылықта болады.Тазалық денгейі жоғары өнімдер экстра кластағы өнімдер қатарына жатады, бірақ биологиялық тұрғыдан алғанда бұл өнімдер тазалығы бойынша төмен өнімдерден пайдасыз болып есептеледі.
Тұтынушы объектісі сапасы – бұл өнім құрамының сипаттамасы,оның көмегімен адамзат қажеттілігі қанағаттандырылады.
Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі қазіргі таңда әмбебап сипаттамаға ие.
Сапа және бәсекеге қабілеттілік – бұл кез-келген өндіруші мен кез-келген мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді көрсетуге және шығаруға мүмкіншілігінің біріктірілген ұғымы.
Бәсекеге қабілеттіліктің факторы мәжбүрлік сипаттамаға ие, ол өндірушіні сапа мәселесімен айналысуға мәжбүрлейді. Бәсекеге қабілеттілік – көп аспектілі түсінік,оған тауардың нарық, баға, қызмет көрсету, жарнама, сапа және т.б.шарттарына сәйкес белгілері жатады. Сапа бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды көрсеткіші.
Сапаға әсер ететін факторлар.
Азық – түлік сапасына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың аса көп маңыздыларына:шикізаттың сыртқы түрі мен сапасы, өндіру әдісі мен шарттары, буыптүю, тасмалдау мен сақтау жатады. Өнім сапасы оның құрамы мен технологиялық қасиеттеріне қарай анықталады.
Шикізат сапасының негізгі көрсеткіштері болып ондағы тағамдық заттардың көп болуы жатады. Олардың мөлшері мен сапасы сәйкес стандарттармен көрсетіледі.
Азық – түлік тағамдарының өндірісі шикізатқа түрлі технологиялық әдістермен әсер етуге байланысты.
Дайын өнімді сақтау шарттары және режимдері оның сапасына тікелей әсер етеді. Көпшілік жағдайларда сақтау кезінде өнімді сан және сапа жағынан сақтаудың комплексті тапсырмалары шешіледі. Сақтаудың режимдері мен шарттарын дұрыс орындамау өнімнің сапасын және санын жоғалтуға әкеп соқтырады.
Өңдеу өндірісінде өнімнің сапасын нормалау.
Стандарт – нормативті техникалық құжат, ереженің, қағидның орнатылған жиынтығы, стандарт объектісі және жетік мүшелерімен бекітілген. Материалдық заттардан басқа жалпы техникалық және үйымдастырмалы әдістемелі сипаттағы объектілерге қойылатын талаптар мен заңдар нормалары стандарт бола алады.
Стандарттың қызметі өнім сапасының өте жоғары болуымен күресуі. Қазіргі уақытқа дейін өндірістің стандарттау сы бұйымдардың қарапайым номенклатурасын қысқартуы және бөлшектерге стандарт пен жобалық элементтерді жетілдіру арқылы жүргізілген. Қазіргі уақытта өндірісті басқаруда жобалауды және өндірісті регламенттайтын нормативті-техникалық құжаттар кешені кеңінен қолданылады. Бұл кешенге: конструкторлық бірлік жүйе, өндіріс технологиясын дамытудың бірлік жүйесі, жаңа бұйымдарды өндірісіне орнатудың және өңдеуге қойылатын талаптардың стандарттар кешені.
Стандартты халықаралық, аудандық, мемлекеттік, республикалық, салалық және стандартты кәсіпорын деп айыруға болады. Негізінде бұларды жіктеу стандарттары ұлттық немесе халықаралық деңгейде өндіріледі.
Экономикалық қарым-қатынастың стандарттауына зор көңіл бөлінеді. Стандарттар СЭВ аудандық стандарттауға үлгі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |