Реферат Тақырыбы: "Акме" және акмеология ұғымы. Орындаған: Мамырбекова Шұғыла ҚТӘ 102 Қабылдаған: Дуйсенбаева А. О



Дата01.05.2022
өлшемі13,09 Kb.
#141664
түріРеферат
Байланысты:
реферат психология М.Шұғыла
Галогендер — Уикипедия, Галогендер — Уикипедия, Галогендер — Уикипедия, 7934c676c563ceddb60617482fb5bdea, 295371, 562237.pptx, М.Әуезов түркі-WPS Office

ҚР Білім және ғылым министрлiгi
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті

Реферат


Тақырыбы: "Акме" және акмеология ұғымы.
Орындаған: Мамырбекова Шұғыла ҚТӘ 102
Қабылдаған:Дуйсенбаева А.О.

2022 жыл


Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. Акмеология ғылымы туралы түсінік.
1.2. Кемелдену туралы түсінік.
1.3. Кемелдену кезеңі.
III. Қорытынды.

І. КІРІСПЕ.


Акмеология (Көне грек: akme – биік, шың, табыс, logos – ілім) —адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңга жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым. Кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Эмбриология, морфология, физиология, психология, педиатрия, педагогика, геронтология және т.б. ғылымдарды қамтиды.
Акме – (грек тілінен аударғанда – шың, кемелдену кезеңі) – бұл жоғарғы нүкте, тұлғаның кемелденуі, оның жоғарғы жетістіктерге қол жеткізудегі кезеңі, оның барысында әр түрлі салалар бойынша тұлға жетілуінің көрініс беруі, оның қабілеттері мен даралығының барынша дамуы байқалады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.1. Акмеология ғылымы туралы түсінік.
Акмеология – жаратылыстану, қоғамтану және гуманитарлық пәндер негізінде пайда болған ғылым, ол адамның жетілу кезеңіне дейінгі оның даму заңдылықтары мен феноменін зерттейді. Акмеологиялық білім – бұл ғылыми-әдіснамалық бағыттағы және үш компонентті құрылымнан тұратын арнайы кешенді білім. Акмеологиялық заңдылықтар – тұлғаның және іс-әрекеттің кәсібилігіне қарай ұмтылудағы қатынастар мен басымдылықтардың тұрақты байланыстарының сипаттары. Акмеологияның пəні ретінде, кең мағынасында, адамның өз дамуында жетістіктерге жетуінің, өзін-өзі жүзеге асырудың оңтайлы жолдарына жетелейтін, адамды индивид, даралық, еңбек субъектісі, кəсіптегі, қарым-қатынастағы тұлға ретінде жетілдіру үдерістері, оның заңдылықтары мен механизмдері алынады. Бұл ең алдымен, кемелденген тұлғаның үдемелі, ілгері дамуына ықпал ететін, жоғары тұлғалық-кəсіби жетістіктерге əсер ететін заңдылықтар, механизмдер, жағдайлар мен факторлар болып саналады. Тар мағынасында, акмеологияның пəні ретінде, өзіндік ұйымдасу мен өзін-өзі түзету, өзіндік білім алудың алуан түрлі аясында өзін-өзі жүзеге асырудың, кемелденген тұлғаның өзін-өзі дамытуының жəне өзін-өзі жетілдірудің заңдылықтарын іздеу алынады.Акмеологияның мақсаты – адамды жетілдіру, оған дене, рухани-адамгершілік жəне кəсіби дамуда шыңға жетуге көмек беру, аталған дамуды ізгіліктендіру. Акмеологияның нысаны – өзінің дамуында жоғары жетістіктерге жететін жəне кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі жүзеге асыра алатын, ілгері дамушы кемелденген тұлға. Кезінде Б. Г. Ананьев белгілеп көрсеткен қазіргі кездегі акмеология пəні аса ауқымды болды, бұл үрдіс қазір де жалғасып келеді. Акмеологияның нысандық өрісін кеңейтуге ұмтылыстар жасалуда.Бұл өз кезегінде, жүргізілген акмеологиялық зерттеулер мен акмеологиялық тəжірибенің, қазіргі заманғы акмеологияның тек онтопсихологиялық аспектіге тірелмейтінін көрнекі түрде дəлелдейді. Сондықтан ғылымның пəнін жəне нысанын анықтау мəліметтері, аталған уақыттық кезеңде оның қалыптасуының белгілі дəрежесін көрсетеді. Мазмұнды қатынаста акмеологияны кемелденген тұлғаның ілгері дамуы туралы ғылымның мəніне сүйенетін болса, олар аса тар ауқымда болады. Акмеологиялық білімнің жинақталу шамасына, нысандық өрісінің кеңеюіне, алынған эмпирикалық деректерді жалпылауға, акмеологияның теориялық-əдіснамалық негіздерін дамытуға байланысты, акмеологияның пəні мен нысанының ғылыми мазмұны нақтыланатын болады. Акмеологияның пəндік аясының дамуы оның аспектілерін күшейтуді есепке алып, жүзеге асырылатын болады: онтологиялық, гносеологиялық, əлеуметтанушы, мəдениеттану, аксиологиялық, этикалық, діни, тұрмыстық жəне т.б. Оған акмеологтардың теориялық зерттеулері бағытталатын болады.
1.2. Кемелдену – көптеген адамдар үшін өмірлерінің ең ұзақ кезеңі болып табылады. Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай-күйі бойынша ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің шырқау шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін білдірген.

Қартаю процесі мен тарихын биологиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым саласы – геронтология деп аталады. Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым.грекше Қартаю процесі мен тарихын биологиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым саласы – геронтология деп аталады. Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым.грекше

Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Рухани қартаю – тән мұқалауынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад көмес келенуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Рухани қартаю өте сирек кездеседі тіршілік. Адам үш түрлі қартаяды Қалыпты физеологиялық қартаю – егделіктен кейінгі жас жігі қапелінде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс.

Бірінші топқа өз жұмыс орнында қала отырып қоғам алдында белгілі бір міндеттерді атқаратын, белсенді әрі қуатты болып қала беретін қарттарды жатқызды. Екінші топқа қоғамдық міндеттерді атқармайтын, дегенмен жеке өзінің ісімен (хобби) айналысатын қарттар. Үшінші топқа әлсіз психикалық қуатқа ие, қолы бос немесе тек өзін ғана ойлайтын қарттарды жатқызды. Бірінші топқа өз жұмыс орнында қала отырып қоғам алдында белгілі бір міндеттерді атқаратын, белсенді әрі қуатты болып қала беретін қарттарды жатқызды. Екінші топқа қоғамдық міндеттерді атқармайтын, дегенмен жеке өзінің ісімен (хобби) айналысатын қарттар. Үшінші топқа әлсіз психикалық қуатқа ие, қолы бос немесе тек өзін ғана ойлайтын қарттарды жатқызды.

отбасылық құндылығы басым тип (отбасы игілігін ойлаушы); - «жалғыздық» типі (өз естеліктері және өзімен-өзі өмір сүруші); -шығармашылық тип (өз уақытын шығармашылықпен ұйымдастырушы); - әлеуметтік тип (зейнетте де қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысушы); - саяси тип (өз өмірін саяси өзгерістермен толықтырушы); - діни тип; - сөнуші тип (өмірін жаңа істермен толықтырмаған, бар күшін икемді пайдалана білмеуші); - аурушаң тип (көп жағдайда ауру емес, тек өздеріне ауру ойлап тауып алушылар). отбасылық құндылығы басым тип (отбасы игілігін ойлаушы); - «жалғыздық» типі (өз естеліктері және өзімен-өзі өмір сүруші); -шығармашылық тип (өз уақытын шығармашылықпен ұйымдастырушы); - әлеуметтік тип (зейнетте де қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысушы); - саяси тип (өз өмірін саяси өзгерістермен толықтырушы); - діни тип; - сөнуші тип (өмірін жаңа істермен толықтырмаған, бар күшін икемді пайдалана білмеуші); - аурушаң тип (көп жағдайда ауру емес, тек өздеріне ауру ойлап тауып алушылар).

Хронологиялық (календарлық) қартаю – бұл өмір сүрген жылдар саны болып табылады. Физиологиялық (денелік) қартаю – денсаулық жағдайы, ағзаның соматикалық ауытқулар жиынтығы. Оны хронологиялық қартаюмен салыстырғанда классификациялау күрделі болып келеді. Психологиялық қартаю деп адам өзін қарт ретінде ұғына бастаған сәтті айтуға болады. Әлеуметтік қартаю – барлық аталған қартаю түрлерінің белгілеріне негізделген, бірақ ол өткен өмір, басынан өткізген аурулар және эмоциялық сезімдердің қарапайым жиынтығын ғана емес, қартаю түрлерінің синтезі болып табылады. Хронологиялық (календарлық) қартаю – бұл өмір сүрген жылдар саны болып табылады. Физиологиялық (денелік) қартаю – денсаулық жағдайы, ағзаның соматикалық ауытқулар жиынтығы. Оны хронологиялық қартаюмен салыстырғанда классификациялау күрделі болып келеді. Психологиялық қартаю деп адам өзін қарт ретінде ұғына бастаған сәтті айтуға болады. Әлеуметтік қартаю – барлық аталған қартаю түрлерінің белгілеріне негізделген, бірақ ол өткен өмір, басынан өткізген аурулар және эмоциялық сезімдердің қарапайым жиынтығын ғана емес, қартаю түрлерінің синтезі болып табылады.


1.3 Кемелдену кезеңдері.
Адам үш түрлі қартаяды

Физикалық денсаулығының төмендігі қарапайым материалдық жағдайда өзінің кәрілігіне сабырлы қарым-қатынаста болады. Кәрі адамдардың мінез-құлқындағы әртүрлілік олардың бір түрдегі ситуацияға әр түрлі қарым-қатынасы, олардың индивидуалды ерекшелігіне байланысты. Сонымен қатар кәрі адамдардың тұлғасы көптеген өзгерістерге ұшырайды, өзінің индивиудалды ерекшеліктерін сақтап қалады. Кәрілік шақта ешқандай жеке бастық өзгерістер болмайды. Жеке адамның әлеуметтік қасиеттері жоғалмайды. Осы жеке адамның қандай мінездік қырлары оның қартаюға бейімделуіне көмектеседі десек, жеке адамның белсенділігі, шығармашылық іс-әрекеті маңызды жағдай болып табылады. Белсенді және өнімді өмір сүретін адамдар ешқашанда өз-өзін жоғалтпайды. Керісінше ойлауы және эмоционалды қасиеттері сақталады, тек физикалық күші әлсірейді.

Рухани қартаю – тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад кө­мес­кіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Та­нымдық сезім тұйықталған осы психоло­гия­лық үдеріс кей жағдайда парасатсыз, келеңсіз өмір сүруге организмнің қарсылығы деп тү­сіндіріледі. Қалай дегенде де, рухани қартаю өте сирек кездесетін тіршілік.

Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік ­– тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабы. Жеке бастың күтімсіздігі, тіршілігіне жауапсыздығы.

Кәрілік шаққа бейімделмейтін жеке адамдардың мынадай қырларын айтуға болады: өзінің мінез-құлқын тоқтату әдеті, өзекті мәселелерді шешуден бас тарту.

Американдық психологтар қартаюдың мынадай типтерін көрсетеді:

а) регрессия;

б) қашу немесе тұрақты өмір сүру орнын өзгерту, қиын жағдайдан құтылу формасы ретінде;

в) ерікті изоляция, қоғамдық өмірге енжар араласу;

г) өзіне деген қоршаған орта адамдарының қызығушылығын тудыруға тырысу;

д) қоғамдық өмірге деген қосылуға тырысу, жасына, денсаулық күтінуіне қарамау;

Қалыпты физиологиялық қартаю – егделіктен кейінгі жас жігі қапелінде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
Кемелдену кезеңі де адам баласы үшін ерекше кезең.Өмір жасының ұлғаюына байланысты болған өзгерістер.Ол туралы ғылыми түсінік беріп кеттік.
Ал Акмеология ұғымы кәсібиліктің шыныңа шығу сол арқылы өмірде табыстарға жету, шығармашылық әлеуеттің дамуы мен адамның шығармашылық әрекет жағдайында ұзақ болуымен түсіндіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет