Реферат Тақырыбы: Диаспора және ирредента ұғымдары Топ: 21 «Б» Білім алушы: Давлет Аружан



бет1/2
Дата12.12.2021
өлшемі185,04 Kb.
#99721
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
972608d8-f632-47af-9b06-452fc09f2507-c7023ec8-ba91-4fdb-99f6-a81bf9828433-тарих-реферат-Д.Аружан-04.12.20



№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі



Реферат

Тақырыбы:Диаспора және ирредента ұғымдары

Топ: 21 «Б»

Білім алушы: Давлет Аружан

Оқытушы:Алихан Әділқасым Қарлыұлы

Алматы-2020ж.

Диаспора және ирредента ұғымдары

Жоспары:

1.Диаспора және ирредента ұғымдары

2.Шығу тарихы,қолдану аясы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі.

Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады.[1]

Диаспора күштеп көшірудіңгеноцид қатерінің, экономикалық және географиялық факторлардың әсері салдарынан пайда болды. Диаспора термині алгаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б ВЫ гасырдың басында Вавилон патшасы Навиходоносар ӀӀ-шінің, одан соң б.з Ӏ-ӀӀ ғасырларда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаган. Кейінірек диаспора термині басқа этностық қауымдастықтар мен діни қауымдастықтар|діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этностық топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады.[2]

Диаспоралардың бес түрі анықталган, олар мына жағдайлардың нәтижесінде қалыптасады:


  1. туған жерінде қудалауға ұшырап, күш қолданылуы салдарынан туған мәжбүрлік (еврейармянирландресейқазақ, т.б.);

  2. отарлық көші-қон салдары (британнеміспортугалиспанорыс);

  3. еңбек миграциясы (қытайитальянүнді және т.б.);

  4. кәсіби (бизнессауда), миграция (жапонқытайливия және т.б.);

  5. "мәдени" миграция (латынамерикандықүнділікқытай).

Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы тұрып жатыр.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерде өмір сүруі қазақ халқының өміріндегі бірқатар ірі тарихи оқиғаларға байланысты болды.

Бұл процесс айтарлықтай көп уақытты – XVII-XVIII ғасырлардан XX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтыды. Осы кезең оқиғалары қазақ диаспорасын қалыптастыруға негіз болды.

«Диаспора» деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді, яғни «ұлт шашырандысы» деп қолдануға болады.

Диаспоралогия – диаспора мәселелерін зерттейтін ғылым.

Диаспора – миграция нәтижесінде пайда болса, ирреденттер – соғыс, аннекция, даулы шегара сызықтары немесе отарлау саясаты нәтижесінде қайта бірікпей өз елінің шегінен тыс, тарихи автохтонды ұлттың шегаралас өлкелерде қалып қойған бөлшектері. «Ирредент» сөзі грекше «қайта бірікпеген» деген мағына береді .

Қазақ диаспорасы деп атақонысынан түрлі саяси науқандар мен нәубеттердің, түрлі соғыстардың нәтижесінде алыс-жақын шетелдерге кеткен қазақтарды айтамыз.

Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 миллиондай болса, соңғы санақтың алдын-ала қорытындысы бойынша 10 миллионнан  астамы Қазақстанда, 5 миллионға дейіні 40-қа жуық шетелде өмір сүріп жатыр және осы 5 миллионның 4 миллионнан астамы ирредента, қалған бөлігі диаспора болып есептеледі.

Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатыр. Олардың бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналады.

Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Өкінішке қарай, қазақтың біраз жері шегаралардың өзгеруі мен отаршыл басқыншылық оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында қалып қалды. Басқа мемлекеттің құрамында тұрып жатқан қазақтар өздерін атам заманнан бері сол жердің автохтонды тұрғынымыз деп есептейді. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып есептеледі.

1932 жылы Қазақстан байырғы халқының 64 пайызынан айрылды. Қазақстан халқының саны 1930 жылы 5,9 миллион адамнан 1933 жылы 2,5 миллион адамға дейін азайды. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шегарасынан шығып, босқын болған шаруалар саны 1 миллионнан асты. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шегарасынан әрі асып, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған.

Қазақ диаспорасын құраушы келесі бір топ – ІІ дүниежүзілік соғыста неміс тұтқынына түсіп, Сталиннің атақты бұйрығынан соң қуғын-сүргін мен жазалаудан қаймығып, Еуропада қалып қойған, одан әрі әлемге тараған қазақтар.

Қазақ диаспорасының келесі бір шоғыры – Шыңжаң қазақтарынан шыққан қазақ диаспорасы. Ежелгі Шығыс Түркістан, кейіннен қытайлар Жаңа өлке (Синь-Цзянь) атандырған шұрайлы мекенде өмір сүрген қазақтар гоминданшылар мен олардан соң билік басына келген маошыл коммунистік билікке қарсы көтерілген күресте жеңіліс тапқан соң біраз бөлігі Гималай асып, Үндістан, Пәкістанды басып өтіп, оншақты жыл жүзінде әрең дегенде Түркияға жетіп, сол жерге қоныстанған. Қазірде Түркия мен Еуропаның бірқатар мемлекетінде тұрып жатқан қазақтар осы қазақтардың ұрпағы болады.

ХХ ғасырдың «Елім-айы», туған жерден еріксіз ажыраудан туған зарлы шер – «Ағажай, Алтай» әні сол қасіретті жылдардағы халық туындысы.

Қазіргі күні қазақ диаспоралары мен ирреденттері және атажұрт Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнап отыр. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы аясындағы іс-шаралар олардың өзге елде этникалық топ ретінде сақталып қалуына ықпалын тигізіп отыр.

Қазақ елінің өзін-өзі ұлт ретінде сақтап қалуға мүмкіндік беретін жері Қазақстан Республикасы болғандықтан, этнодиаспоралық кеңістіктерден атамекенге қоныс аудармақшы болған ұлт өкілдеріне мемлекет тұрғысынан заңды түрде көмек көрсетіліп отыр.

Қазақстан Республикасының"Атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңдарына сәйкес жан басына шаққанда табысы кедейлік шегінен аспайтын оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең атаулы әлеуметтік көмек және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.

2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең зейнетақымен қамтамасыз ету құқығымен пайдаланады.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес оралмандарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және қордағы жерлерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет