Реферат тақырыбы: Экономикалық теория пәні мен әдістері Орындаған: Тексерген: Кулиев И. У. Алматы,2020 ж



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі43,02 Kb.
#90261
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экономикалық теория
психология-тест-15, психология-тест-15

ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Экономикалық теория пәні мен әдістері


Орындаған: ...................
Тексерген:Кулиев И.У.
Алматы,2020 ж


Экономикалық теория - бұл адамдардың шексізқажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.

Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай - ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады
Экономикалық теория-бұл қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесі туралы ғылым.Бұл тұрғыдан алғанда ол адамдардың өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.Экономикалық теория, экономикалық қатынастарды талдай отырып,бірнеше қағидатты сұрақтарға жауап беруі тиіс:
-Экономикалық жүйе нені түсіндіреді,қалай қалыптасады,оның қандай құрылымдық элементтері бар, мақсаты мен әрекеті нені көздейді.
Экономикалық жүйе қалай қызмет етеді, қызмет ету үдерісінде оның өзара байланысты элементтерінің әрекеті қалай жүзеге асады және экономикалық шешімдерді қабылдауға қалай әсер етеді.
Экономикалық қатынастар жүйесі басқа қоғамдық қатынастармен, ең алдымен әлеуметтік және саяси қатынастармен қалайша әрекеттеседі.

Экономика-бұл ғылым, адамдардың және қоғамның өмірлік қажеттілітерін қамтамасыз ету мақсатындағы ресурстар,көбінесе шектеулі ресурстарды пайдалану туралы адамдар қызметімен тығыз байланысты шаруашылық жүргізу жқніндегі ілімдер жиынтығы.


Жалпы, экономика бұл шаруашылық жүргізу үдерісінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет