Реферат тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға психология-педагогикалық қолдау көрсету Орындаған:ҚуатбаевЖоламан



Дата11.05.2022
өлшемі18,59 Kb.
#142127
түріРеферат
Байланысты:
обож14 инклюзив Жоламан
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар1

КАСПИЙСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСТЕТ
ТЕХНЛОГИЙ И ИНЖИНИРИНГА
имени Ш.ЕСЕНОВА

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға психология-педагогикалық қолдау көрсету Орындаған:ҚуатбаевЖоламан
Тобы:ИСТ-20-1


2022
Инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау шарттары және оны ұйымдастыру қалыпастыру бойынша білімдерін шыңдау. Білім беру саласында Қазақстан Республикасы ұстанған қазіргі әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі – балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуы арқылы білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру жолдары. Барлық балаларды (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды да) жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу; балаларды бір-бірінен айыратын кедергілерді барынша жою үшін тұтас қоғам боп атсалысу және осы жолда ата-аналардың белсенділігіне сүйену баланы түрлі (дене және психоэмоциялық, әлеуметтік) мұқтаждықтарына қарай дамыту-түзету және арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту ұғымы анықтамасына берілген осы негізгі үш өлшемнің қазіргі Қазақстан жағдайында қалай жүзеге асырылып жатқандығына жеке тоқталайық.
Бірінші сипаттама бойынша балаларға тең құқықты қатынас ұғымы мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты ортада оқыту мәселесін көтеру және осы міндетті барынша икемді шешу арқылы жүргізілуде. Арнайы мамандардың шетелдік әріптестермен (Германия, Израиль, Ресей) тәжірибе алмасу барысында меңгерген іскерліктері кәсіби біліктілік ретінде анықталып, осы саладағы технологиялық инновациялар өндіріске ендірілуде. Алғашында екіұдай күйде қабылданған бұл мәселеге қазіргі кезде қоғамдық көзқарас мейлінше өзгеріп, жаппай әлеуметтік қолдауға ие болды. Адамгершілік пен жанашырлықтың шыңы боп табылатын осындай ізгі қатынас мемлекет тарапынан ресми құжаттар арқылы заңдастырылды.
Дегенмен, елімізде мәселеге қатысты біржақтылық әлі де сақталуда. Оның негізгі себебі инклюзивті оқыту ұғымының методологиялық негізі мен астарын, шынайы себептері ментүпкі идеясын толық сезінбеуде жатыр. Ал біржақтылық көрінісі балаларды қабілетіне, жынысына және жағдайына қарай ерекшелеп оқыту жағдайлары арқылы анықталуда. Оған мысал ретінде ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаттары, зияткерлік мүмкіндіктері жоғары балаларды оқытатын «Назарбаев зияткерлік мектебі», ер балалар мен қыз балаларды саралап оқытатын Қазақ-түрік лицейлері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, көптеген ақылы білім беру (материалдық жағдай) орталықтарын атауға болады. Оқытудың мұндай ерекшеліктерібаланың тұлғалық қалыптасу үрдісіне айтарлықтай әсер етеді әрі қоғамда таптық жіктің тереңдеуіне ықпал етеді. Бастысы – этикалық сипат болып табылатын мұндай мәселе тәрбиеленушілерде қоғамдық өмірдің шынайы жағдайынан тысқарылықты қалыптастырады. Заманауи білім беру парадигмасы оқытудың негізгі міндеті ретіндебалаларды нақты өмір жағдайына бейімдеуді анықтайды; бұл – жаһандық өмір талабы. Оқшаулаудың кез-келген түрітұлғаның әлеуметтену үрдісіне зардабын тигізеді. Міне, осындай жайттар инклюзивті оқыту үрдісін толыққанды жүзеге асыруға тежеу салып отырған қоғамдық тетіктердің бір парасы болып табылады.
Инклюзивті оқыту ұғымына жоғарыда берілген анықтаманың екінші сипаты балаларды бір-бірінен айыратын кедергілерді барынша жою үшін тұтас қоғам боп атсалысуды және осы жолда ата-аналардың белсенділігіне сүйенуді анықтайды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін халықтың жоғары саналылығы мен жаппай жанашырлығын дамыту қажет. Жуырда жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласының өзегі осы мәселеге қозғау салатын, стратегиялық маңызды қадам.
Білім беру саласындағы инновациялар мен реформалардың, атап айтсақ: білім беру ұйымын басқару тетігіне енгізіліп жатқан өзгерістер (қоғамдық бақылау кеңестері), сапаны арттыру мақсатында бақылау және бағалау үдерістеріне ендірілген жаңашыл бастамалар (ата-аналар өкілеттігі және жұртшылық пікірі), білім беру стандарттарының жаңартылуы, интегративті оқыту, академиялық пәндердің мазмұндарының жаңартылулары, көптілділік саясаты, академиялық еркіндік және академиялық ұтқырлық қағидалары – қоғамдық сананы ояту бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан маңызды қадамдар. Осы жерде Н.Назарбаевтың мына пікірі орынды: «Халықтың санасын бір сәтте ояту мемлекеттің қолынан келмейді…».
Инклюзивті оқытуға қатысты жалпы үдеріске қоғамның әрбір мүшесі өзінің белсенді азаматтық үлесін қосуы нәтижесінде, жоғарыда аталған кедергілер мен қиындықтардан біртіндеп арылуға болады.
«Баланы түрлі мұқтаждықтарына қарай дамыту-түзету және арнайы қолдау» деп аталатын инклюзивті оқыту анықтамасының үшінші сипатын жүзеге асыруда жалпы білім беру сапасын(мемлекеттік стандартқа негізделу) сақтай отырып, тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат оңтайлы жүргізілуде.Дегенмен, көпшілік ретте «арнайы қолдау» ұғымы мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты ортаға интеграциялау үрдісінде қолданылатын мамандандырылған (медициналық, педагогикалық, психологиялық) сүйемелдеу ретінде қабылдануда.
«Психологиялық сүйемелдеу» түсінігін көптеген зерттеушілер білім алушылардың өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттарды құруға бағытталған психологтың ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде анықтайды. Психологиялық сүйемелдеу бір мезгілдік шара емес. Бұл – психологиялық қызмет көрсету барысында жүйелі түрде ұйымдастырылатын және тұрақты орындалатын жұмыс. Психологиялық сүйемелдеудің ең басты қағидаларының бірі тұлғаға уақытында көмек көрсетіп, қолдау ғана емес, осы үдерістің қиыншылықтарын өздігінен жеңіп шығуға, тұлғалық қалыптасуына жауапкершілікпен қарауға үйрету, әлеуметтік өмірде толыққанды субъект болып қалыптасуына ықпал ету. Психологиялық сүйемелдеу, әсіресе, инклюзивті оқыту жағдайында ерекше маңызға ие:сынып ұжымындағы әр түрлі категориядағы балалардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жеке қатынас жасау, даму мүмкіндіктерін болжау және ұжымдағы өзара қарым-қатынас тиімділігіне ұмтылу. Осының барлығы білім беру ұйымының қалыптасқан психологиялық қызмет жүйесін қайта қарауды талап етеді. Штаттық кестеге өзгеріс енгізу (ұлғайту), психолог жүктемесін жеңілдету, психологиялық құралдарды түрлендіру, т.б.
Инклюзивті оқытуды ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісі деп түсініп, ата-аналар тарапынан туындаған наразылықтар мен түсінбеушіліктерді жоюмен күресу жағдайлары қазір артта қалды. Үзбей жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесінде қазақстандық қоғам адамсүйгіштік, жанашырлық қасиеттерін басқа қырынан меңгерді. Ендігі кезекте халықтың санасын балаларды жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарай айыратын кедергілерді жоюға бағытталған оқыту ерекшелігіне бұру қажет. Ол үшін инклюзивті оқыту ұғымының түпкі мәні мен шынайы табиғаты жаппай әрі барынша терең, жан-жақты түсіндірілуі тиіс.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқу тиімділігіне қол жеткізу «әлсіз» оқушыларға, яғни білім мекемесіне сыртқы, мектептен тыс әлемнен өзімен бірге жағымды алғышарттар (әлеуметтік жағдай, қабылет) әкелмеуі себепті, жоғары нәтиже көрсете алмайтын балаларға білім беру ұйымының қалай және қаншалықты ықпал етуін анықтауға басымдық берілуімен анықталады. Бұл көптеген «түйінді факторлар» арқылы ажыратылады. Оның таңдаулы белгілері: жағымды оқу мәдениеті; жақсы үміт (жоғары ұмтылыс); оқушылардың оқу нәтижесін қадағалау; жеке жетістіктерді үнемі қолдау; оқу мен үйретуді үнемі жақсартуға қызығушылық; оқушылардың ынталылығы және белсенді қатынасы; өзгерістерді қолдау және оны әкімшілік тарапынан бақылау; түрлі әдістемелерді мақсатты түрде іріктеу және қолдану; отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық. Инклюзивті оқыту жағдайында білім беру ұйымының негізгі әрі аса маңызды міндеттері мұғалімдердің сабақ беруі, оқушылардың оқуы және әлеуметтік-психологиялық қолдау болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық жұмыстарының бағыты ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік-тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы сабақтарда оқушылардың көлік, пошта, қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер, қандай мекеме екенін білдіретін сыртқы жарнамалар немесе жақын жердегі асхана, қонақ үй, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаятта шығатын жол болатынын түсіндіру әрине жалпы пәндерге оқыту барысында алатын біліммен байланысты. Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады. Егер пәндік сабақтарда «Тағамдар», «Дүкенде» тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақытарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ оқушылар белгілі бір объектіні сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне еліктей отырып, өздеріде жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Мысалы, дүкен жұмысын бақылаудағы экскурсиялар балалар сауда залдарында жүріп түрлі бөлімдерді белгілер арқылы анықтауға болатынын, әр тағамның жарамдылық, сақтау ерекшеліктеріне қарай бөлінетінін біліп қана қоймай, олардың өздері саудаларын төлеуге, сатушыдан керектерін сұрауға, сатып алған затын сөмкесіне орап салуға, сөмке сақтауға арналған шкафтарды, телешкілерді қолдана алуға, ең аяғында дүкендегі қалыптасқан қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға үйренетіндей және өздері әрекет жасайтындай етіп жоспарлану керек. Мұндай экскурсия үлкен, егжей-тегжейлі ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс-шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т.б. тапсырмалар жүйесін дайындаса, бұл мүмкіндіктері шектелген балаларды өз ісіне, жұмысына, берілген тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушыларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап, жүктей бастайды. Мысалы, төменгі кластарда ұйымдастырылатын ойындардың өзінде жеке баланың әрекеті барлық ұжымның әрекетімен тікелей байланысты екенін түсіндіру. Яғни, «Кітапханада»ойыны барысында бір оқушы кітапханашыдан керек кітабын сұрамаса, кітапханашы ол балаға керек кітабын тауып баре алмайтыны, ойын желісі осы жерден үзіліп қалуы мүмкін. Немесе қимылды ойындар барысындағы ойын ережесін қатаң сақтау керектігін түсіндіру. Ал ойын ережесі сақталмаған жағдайда ойын барысы осы жерден үзілетіні туралы түсіндірілумен қатар, ережені сақтамаудың себебі мен салдарын түсіндірудің де маңызы ерекше.
Практика мүмкіндіктері шектелген балалар жүйелі жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстар нәтижесінде тігін машинасында, компьютерде, қылқаламмен көптеген әдемі туындылар жасай алатынын, белгілі бір еңбек даярлығын, кейін түрлі өндірісте ұжыммен бірлесе отырып, мүмкіндігіне сай айналыса алатын еңбек түрін анықтай алатынын көрсетіп отыр.
Қорыта айтқанда бала-ата-ана-педагог, отбасы және білім мекемесі арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет