Тақырыбы: Салық органдарының құқықтары мен міндеттері
Орындаған:Ибрагимова С.
Тобы: TOUR 20-1
Салық құқығы дегеніміз не? Салық құқығы – салықтық міндеттемені салық төлеушінің өз бетінше есептеуі және құзырлы орган тарапынан салық төлемдерінің толық төленуін қадағалау,яғни салық комитеті ; төлем жасаудан жалтарған кезде күш қолданып төлем алу, салық заңын бұзған тұлғаларды бекітілген заңды жауапкершілікке тарту. Салық құқығының мазмұны – сәйкесінше салық салудың денгейі - салықтық-құқықтық нормалардың нұсқауларын
жүзеге асыруға тартылған тек мемлекеттік орган қызметкерлеріне байланысты емес, ол салықтық міндеттемені орындауға тартылған барлық азаматтарға да қатысты.
Салық міндеттемесі дегеніміз не? Салық міндеттемесі – салық заңына сәйкес төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі. Өз кезегінде салық төлеуші салық органында тіркеу есебіне тұруы қажет, салық салым нысандарын және салық салымына байланысты нысандарды анықтауы тиіс, салықтарды және басқада бюджетке міндетті төлемдерді есептеуі қажет, салық есебін жүргізуі қажет, және оны белгіленген уақытында ұсынуы тиіс және салықтарды және басқада бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі тиіс.
Салық қызметi органдарының құқықтары.
Салық қызметi органдары:
1) Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және
бекiтуге;
2) өз құзыретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы
мен тоқтатылуы жөнiнде түсіндiрудi жүзеге асыруға және түсiнiктеме беруге; 3) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық бақылауын жүзеге асыруға; 4) салық төлеушiнің ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарына,
есептерiне, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргiзуге;
5) салық төлеушiден уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу (ұстау мен аудару) жөнiнде құжаттар, оларды толтыру жөнiнде түсiндiрмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың дұрыс есептелгендiгiн және дер кезiнде төленгендiгiн (ұсталғандығын және аударылғандығын) растайтын құжаттар берудi талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салық тексеруiн жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушiден алып қоюға;
7) орналасқан жерiне қарамастан табыс табу үшiн пайдаланылатын кез келген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге, салық төлеушiнiң мүлiктерiне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргiзуге;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық төлеушiден электрондық құжаттар түрiндегi ақпарат алуға;
9) тексерiлетiн салық төлеушiге - заңды тұлға мен жеке кәсiпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен оның банк лоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;
осы тармақшада көрсетiлген, әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мұндай тұлғаларға қатысты салықтық тексеру жүзеге асырылғанына қарамастан сұралады;
10) Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық төлеушiнің салық мiндеттемесiн жанама әдiспен айқындауға;
10-1) салық тексерулеріне басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға құқылы.
12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы.
Салық қызметi органдарының мiндеттерi.
Салық қызметi органдары:
1) салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
3) салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне және уақтылы төленуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің есебiн, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген тәртiппен жүргiзуге;
5) белгiленген салық есептiлiгiнiң нысандарын толтыру тәртiбiн түсiндiруге;
6) салық тексеруiн қатаң нұсқамалар бойынша жүргiзуге;
7) Кодекс ережелерiне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
8) Кодексте көзделген мерзiмдер мен жағдайларда салық төлеушiге салық
мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарлама тапсыруға;
9) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша үш күн мерзiмнен кешiктiрмей салық мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi бюджетпен есеп
айырысуларының жай-күйi туралы оның жеке шотынан көшiрменi беруге; 10) салық төлеушiге берiлетiн, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалу фактiсiн растайтын квитанциялар көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз
етуге;
11) мемлекет меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақтылы тапсырылуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезiнде түсуiн бақылауды жүзеге асыруға;
12) салық мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлеп өндiрiп алуға;
13) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес салық төлеушiге әкiмшiлiк айыппұлдар салуға мiндеттi.
Салық тексеруi барысында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактiлерi, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактiлерi анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарының тергеуiне жататын материалдарды жiбередi. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата- анасы, жұбайы (зайыбы), аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары) немесе жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-қарындастары, ата-анасы мен балалары) болып табылатын және (немесе) қаржылық жағынан тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар салық төлеушiге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.