Реферат Тақырыбы: Сөз мағынасының даму жолдары Орындаған: бопмӘ тобының студенті Ережеева Гульдана Амангельдықызы



бет1/6
Дата28.10.2022
өлшемі80,27 Kb.
#155529
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сөз мағынасының даму жолдары
ҚМЖ 2-сынып қазақ тілі 1-тоқсан

Е.А.Бөкетов атындағы қарағанды университеті

реферат
Тақырыбы: Сөз мағынасының даму жолдары



Орындаған: БОПмӘ тобының студенті Ережеева Гульдана Амангельдықызы
Тексерген: «Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері» пәнінің оқытушысы
Жуынтаева Зәмзәгүл Нағашыбайқызы

Жоспар:
1.Сөз және мағына


1.1 Сөз мағынасының түрлері
1.2 Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары
2.Сөз мағынасының дамуы
2.1 Сөз мағынасының дамуы және тарылуы
2.2 Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
2.3 Көпмағыналылық (полисемия) және контекст
2.4 Сөз мағынасының өзгеру себептері

Тақырып өзектілігі.
Сөз мағынасы – белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі.Сөздің мағыналығы оның пайда болуымен бірге өмір тәжірибесімен тығыз байланысты жағдайда ғана білінеді. Ойдың мазмұны тілдік формада берілетін болғандықтан, ұғым сөз арқылы беріледі де, сөзге тіркеулі, бекітулі болады. Айтушы мен тыңдаушының қатынасы тіл қалпында беріледі.Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез келген әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл-күй одағайы, т.б. немесе мағынасы бір-біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.Ал бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы антоним сөздер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.Кез клген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа-басқа мағыналарды білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде қателік жіберуден сақтандырады.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.Қайсібір тілді алсақ та олардың сөздік қорында сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасалу мүмкіндігі шексіз екендігін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет