Реферат Тақырып: Аминогликозид препараты: Амикацин Орындаған: Бақытбекқызы А. Қабылдаған:Қалжан А. Б. Саудалық атауы



бет1/5
Дата10.12.2022
өлшемі54,46 Kb.
#162208
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
аминогликозид




"Интердент" Жоғары медициналық колледжі








Реферат

Тақырып:
Аминогликозид препараты: Амикацин



Орындаған:Бақытбекқызы А.
Қабылдаған:Қалжан А.Б.
Саудалық атауы
Амикацин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Амикацин
Дәрілік түрі
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг
Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат –500 мг амикацин сульфаты (амикацинге шаққанда)
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияларға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы аминогликозидтік препараттар. Басқа да аминогликозидтер. Амикацин.
АТХ коды J01GB06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бұлшықет ішіне (б/і) енгізгеннен кейін тез және толық сіңеді. 7,5 мг/кг дозада б/і енгізген кезде ең жоғары концентрациясы (Cmax) – 21 мкг/мл. Ең жоғары концентрацияға жету уақыты (TCmax) – б/і енгізгеннен кейін 1,5 сағатқа жуық. Плазма ақуыздарымен байланысы – 4-11.
Жасушадан тыс сұйықтықта (абцесс ішіндегі зат, плевральді жалқық, асциттік, перикардиальді, синовиальді, лимфалық және перитонеальді сұйықтық) жақсы таралады; несепте жоғары концентрацияларда кездеседі; өтте, емшек сүтінде, көздің сулы ылғалында, бронхиальді секретте, қақырықта және жұлын-ми сұйықтығында (ЖМС) төмен концентрацияларда кездеседі. Организмнің барлық тіндеріне жақсы өтеді, онда жасуша ішіне жиналады; қанмен жақсы жабдықталған ағзаларда: өкпе, бауыр, миокард, көкбауыр, және әсіресе бүйректе, оның қыртыс қабатында, жоғары концентрациялар, ал бұлшық еттерде, май тіндерінде және сүйектерде өте төмен концентрациялар байқалады.
Орташа емдік дозаларда (нормада) ересектерге тағайындаған кезде амикацин гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы өтпейді, ми қабықтары қабынған кезде өткізгіштік біршама жоғарылайды. Ересектерге қарағанда жаңа туған сәбилерде ЖМС-те өте жоғары концентрацияға жетеді; плацента арқылы өтеді – ұрық қанынан және амниондық сұйықтықтан табылады. Ересектерде таралу көлемі – 0,26 л/кг, балаларда – 0,2-0,4 л/кг, жаңа туған нәрестелерде – жасы 1 аптадан төмен және дене салмағы 1,5 кг-ден төмен болатын нәрестелерде – 0,68 л/кг дейін, жасы 1 аптадан төмен және дене салмағы 1,5 кг-ден жоғары болатын нәрестелерде – 0,58 л/кг дейін, муковисцидозы бар науқастарда – 0,3-0,39 л/кг. Көктамырішілік немесе бұлшықетішілік енгізгенде орташа емдік концентрациясы 10-12 сағат бойы сақталады.
Метаболизденбейді. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) ересектерде – 2 - 4 сағат, жаңа туған нәрестелерде – 5 - 8 сағат, үлкендеу жастағы балаларда – 2,5 - 4 сағат. Соңғы Т1/2 шамасы – 100 сағаттан астам (жасушаішілік қордан босанып шығуы).
Көбіне өзгермеген күйінде шумақтық сүзілу жолымен (65-94) бүйрек арқылы шығарылады. Бүйректік клиренсі – 79 -100 мл/мин.
Бүйрек функциясы бұзылған ересектерде T1/2 бұзылу дәрежесіне байланысты - 100 сағатқа дейін ауытқиды, муковисцидозбен науқастарда – 1-2 сағат, күйіктері және гипертермиясы бар науқастарда клиренсінің жоғары болуы салдарынан T1/2 орташа көрсеткіштермен салыстырғанда қысқа болуы мүмкін. Гемодиализде шығарылады (4 - 6 сағатта 50%), перитонеальді диализдің тиімділігі аздау (48 - 72 сағатта 25%).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет