Рефрактерлік кезең (физиологияда, неврологияда) – жүйке жасушасы немесе бұлшықет талшықтарының әрекет потенциалының туындауынан кейін мүлдем қозу болмаған жағдайы, қандай тітіркендіргіш әсер етсе де қозудың туындамауы. Бұлшықет ұлпасының рефрактерлік кезеңі жүйке ұлпасының рефрактерлік кезеңіне қарағанда ұзағырақ болады. Жүйкенің рефрактерлік кезеңінің ұзақтығы – 14мс, ал көлденең жолақтығы бұлшықетте 35 мс шамасында.
Бұлшықет талшықтарының жиырлғыштығын тітіркенудің шектік күшіне жауап ретінде өз ұзындығын және күш салу дәрежесін өзгерту деп түсіну керек. Изотоникалық жиырырылу кезінде бұлшықет талшығының ұзындығы өзгереді.
Жекелеген бұлшықеттердің жиырылуы, оның фазалары.
Қаңқа бұлшықетінің жиырылу сипаты тітіркену жиілігіне тәуелді болады.
Бұлшықеттің жиырылуы Жекелеген жиырылу Сіресіп жиырылу –күштірек және ұзаққа созылады.
Бұлшықеттің жиырылуы тітіркендіргіш әсер ете салып басталмайды, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін басталды, оны қозудың латентті немесе жасырын кезеңі деп атайды. Сондықтан латентті кезең – тітіркендіргіш әсер еткеннен бұлшықет реакциясы басталған мезетке дейінгі уақыт. Бақаның балтыр бұлшықетінің жекелеген жиырылуының латентті кезеңі 0,01с болады.
Сіреспе бұлшықеттердің жекелеген жиырылуының жиынтығы нәтижесінде туындайды. Сіреспе пайда болуы үшін бұлшықетке жекелеген жиырылу аяқталмай тұрып, тағы да қайта тітіркендіргіш әсер етуі қажет.
Сіреспе Жетілген сіреспе- 1 с-та 40-50-ге дейінгі жиіліктегі жүйке импульстері әсерінен болатын қаңқа бұлшықетінің қалыпты жұмыс жағдайы.
Егер тітіркендіргіш импульстер арасы жақын болса және олардың әрқайсысыбұлшықет жаңадан босаңси бастағанда, бірақ әлі толық босаңсу жүріп үлгермеген мезетте әсер етсе,тісшелі жиырылутипі туындайды,ол толық емес,жетілмеген сіреспе деп аталады.
Егер тітіркендіргіш импульстер арасы өте жақын,яғни алдыңғы тітіркенуден кейін бұлшықет босаңсуы басталмай жатып келесі тітіркендіргіш әсер еткенде,яғни оның жиырылуы жоғары дәрежеде болғанда ұзақ үздіксіз жиырылу пайда болады,оны тегіс жетілген сіреспе деп атайды.
Бұлшықеттің жиырылуы кезіндегі химиялық айналымдар
Бұлшықеттің жиырылу негізі химиялық энергияның механикалық энергияға айналуында жатыр.Бұлшықеттерде жүзеге асатын химиялық процестер оттектің қатысуынсыз және қатысуымен де жүруі мүмкін.
Жиырылу кезінде барлық химиялық энергия механикалық энергияға айналмайды,оның 40%-і жылуға айналады.
Бірыңғай салалы бұлшықеттердің физиологиялық ерекшеліктері: • Тұрақты шекаралары жоқ жасушалар,синцитий түзеді. •Қозғыштығы төмен •Тітіркендіргіш күші өскен сайын ҚП амплитудасы өседі. •ҚП баяу түзіледі,уақыты жағынан созылмалы. •Лабильділігі төмен. •Дара тітіркендіргішке-ұзақ,бірнеше тітіркендіргішке-бір жауап.Интегративті құрылым. •Бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары салыстырмалы түрде қысқа-50 ден 200 мкм-ге дейін. •Бірыңғай салалы бұлшықетте рефрактерлік кезең қаңқа бұлшықетіне қарағанда ұзағырақ болады.