Ұрланбекова Е.Қ. п.ғ. к. ҚазМемҚызПУ



Дата01.04.2017
өлшемі51,08 Kb.
#13131
Нұрланбекова Е.Қ.

п.ғ.к. ҚазМемҚызПУ


Ағылшын тілі сабағында Ж.Жабаев шығармаларын қолданудың маңызы

Жастарды еңбектің қай саласында да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу қажет болып отыр. Сондықтан жоғары мектептегі оқу үдерісінде студенттердің шығармашылық потенциалын дамытуына жол ашуы жөн.

Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытуда пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) қолданылуда. Университетте ағылшын тілін оқыту практикалық мақсатпен бірге білімдік мақсатты да көздейді, яғни, шетел тілін оқыту барысында студенттердің филологиялық білімін арттыру және жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілін оқып жатқан елдің мемлекеттік құрылымы, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері, мәдени мұралары, көркемөнері, ұлттық құндылықтарымен танысады. Сөйтіп шетел тілі пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. Студенттердің білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Осы мақсатпен әдебиеті пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оның кейбір жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарламалар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор. Қазіргі кезде студенттердің тіл үйренуге деген ынталары мен қызығушылықтары әр түрлі. Ал оқытушының міндеті пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды (CLIL) қолдану арқылы студенттің тіл игеруге деген бейімділігі мен ынтасын байқау және оның еңбекке ұмытылуын, өзіне, өз қабілетіне сенімін, сабақтағы белсенділігін, одан әрі жұмыс істеуге құлшынуы мен құштарлығына мүмкіндік жасау. Оның нені білетінін, не істей алатынын анықтап, атап беріп отырса, студент одан әрі жетіле түсуге ұмытылып, жаңа іскерліктер мен дағдыларды игеруге тырысатын болады. Шетел тілінде үйренген іскерлігін студент көркем шығармамен жұмыс істегенде қолдана алуға тиіс. Сонда ғана оқытушы қажетті шығарманы (мәтінді, өлеңді, қысқа әңгімелерді) таңдап алып, оны сабақта қолдана алады. Студенттердің тілді меңгеруде көркем шығарманы оқуға деген ерікті ынталары мен тұрақты көзқарастары анықталса, оған сәйкес қазақ ақын–жазушыларының шығармаларынан таңдап алынған мәтіндер, өлеңдер, әңгімелер, студенттердің танымдық белсенділігін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар сабақтың сапасын арттырып, студенттердің өздігінен жұмыс істеуге ықпалын тигізеді

Сабақта қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын кең көлемде пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар олардың сөздік қорының молаюына, сөздердің мағынасын түсінуіне, сөйлеу дағдыларын арттыруға, тілді үйренуге деген қызығушылығын қалыптастыруға және табиғи тілдік ортаның қалыптасуына, үйренген сөздері мен сөз құрылымдарын тәжірибе жүзінде іске асыруға жағдай жасайды.

Қазіргі кезде коммуникативтік әдіс шетел тілін оқытуда негізгі әдістемелік принцип болып табылады. Осы принципке сәйкес студенттердің күнделікті өмірінде кездесетіндей әр түрлі жағдайларды оқыту үрдісінде қолдану қажет. Өйткені бұл студенттің өз ойын шетел тілінде жеткізуге көмегін тигізеді. Студенттің біліміне, күнделікті өміріне, іс-тәжірибесіне бейімделген жағдай туғызып және тілдік материалды осы жағдайға сәйкес қалыптастырып меңгерту керек.

Мысалы біз өткізген пәнаралық байланыстағы сабақтар «Жыр алыбы, Жамбыл» , Жамбыл Жабаевтың шығармалары «Менің өмірім» «Отаным», «Туған елім», «Бақыт ордасында», «Ленинградтық өренім».






Жамбыл Жабаев жөнінде студенттердің білімін тереңдету мақсатында университеттің кітапханасынан ол жөнінде мағлұматтар, деректер жинақтау, Жамбылдың шығармашылығынан тереңірек меңгерту, өлеңдерінің мағынасын аша отырып түсіндіру, мәнерлеп оқу, өлеңді талдауға, аударуға бейімдеу; Отанды сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру; дамытушылық - оқушылардың өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге төселдіру, шығармашылық жұмыс арқылы тілдік қорын молайту, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Талқыланатын материалды студенттер терең зерттеп, осы тақырып бойынша хабарлама жасауға дайындалады. Бұл тақырыпты таңдау себебіміз студенттерге ақынның мектептен таныс болғанымен, олардың өмірбаяны туралы 5-6 сөйлемді ағылшын тілінде құрып, әңгімелеп беруге қиналады. Бұл сабақты өткізбес бұрын студенттерге алдын-ала сабақтың тақырыбын хабарлап, жоспарын таратып бердік. Өзбетінше оқып, білім алу - таным дүниесін өзбетінше толықтырады, біліктіліктерін дамытады. Өзіндік жұмысты студент саналы түрде орындау үшін қабілетіне сай берілген тапсырманы ынталанып, ақыл-ойын толық жұмсап шешуге тырысуы керек. Сонда ғана семинар сабақ нәтижелі болады.

Бұл семинар сабағын осылай өткізудің тиімді жағы мынада: біріншіден, студенттердің ізденіп оқу мүмкіндігіне жол ашылады, екіншіден, сабақтың мұқият өтуіне жағдай жасалады, үшіншіден, оқытушы да, студент те уақытын үнемдей алады. Семинар сабағы студенттердің пікірлеу қабілетін дамытуда үлкен қызмет атқарады, пікір айтуға студенттердің барлығы белсенді түрде қатысады. Олар өздерінің жинаған деректерін сабақ талқысына салып, жоспар бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

Есте болатын маңызды мәселе - сабақ өмірбаяндық мәліметтердің, жалаң цифр, жадағай деректердің жиынтығы болып, студенттерді жалықтырарлық көңілсіз болмауы. Ақынның өмірбаянын, шығармаларын оқып үйренуге арналған әр сабақ әсерлі, қызықты және білімділік, тәрбиелік сипатта болуға тиіс. Сонымен бірге ол бұдан былайғы жерде ақын шығармашылығын байыпты оқып білуге студентті психологиялық, эстетикалық жағынан дайындайтын баспалдақ болуын көздеу қажет. Ол үшін сабақта көрнекі құралдарды (портреттер, иллюстрациялар, плакаттар мен әр түрлі таблицалар, ақынның еңбектері т.б.) техникалық құралдарды, автобиогафиялық мәліметтер мен естеліктерді тақырып мақсатына лайықтап пайдаланған жөн.

Осындай комплексті қолданған шараларға студенттердің ұтымды, жанды сөздері араласып келгенде ғана, сабақ ақынның адамгершілік, азаматтық, қоғамдық тұлғасын да, өнер жолындағы үйренуі, өсуі, суреткер ретінде қалыптасуында әсерлі, әрі жан-жақты танытады. Нәтижесінде студент санасына олардың шығармашылық портреті өз дәрежесінде берік ұялайды.

Студенттермен жүргізген сабақтың мұндай түрі олардың танымдық белсенділігін арттырып, нәтижесінде олардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі, шығармашылық ойлау.


Кейінгі кезде студенттің тілін дамыту үшін қажетті әдіс-тәсілдер көп айтылып жүр. Соның бірі – студент ізденісін арттыру, көркем мәтіннен қажетті сөздерді, шешендік оралымдарды тауып, теріп жазу; мағынасына қарап топтау, оқу-cұрыптау; жоспар, жоба жұмыстарын жасау; қортындыларды тұжырымдау; өзінің жеке зерттеуін басқа студенттердің зерттеулерімен салыстыру; оқығанын сын көзбен бағалау; мазмұнды, яғни әрі қарай нақ ненің айтылатынын алдын ала болжап білу және өзінің гипотезасын ұсыну. Мұндай әдістерді сабақта қолдану студентті іздендіреді, шығармашылықпен жұмыс істеуге талпындырады, оқытушы бұл ретте бағыт беріп отырады. Әрбір тапсырма, әрбір қойылған сұрақ студентке түсінікті берілуі керек. Ол студенттің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге жол ашады.
Резюме
Изучение произведений Жамбыл Жабаева на уроках английского языка дает возможность осуществлять междисциплинарные связи. Использование интергрированного обучения приносит большую пользу при изучении студентами иностранного языка.
Summery
Using works of Zhambyl Zhabaev makes it possible to carry out interdisciplinary links. CLIL is a good developmental tool for increasing student’s knowledge at the lesson.

.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет