Гиназия сыныптары бар №16
жалпы білім беру орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Қоштай Айгерім Мақсотқызы
Тақырыбы: Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
а) Жарықтың екі жақтылық қасиеттерін талдау, қайталау;
б) Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын, өз қабілетіне деген сенімін арттыру;
в) Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: фотоппарат, плакатқа салынған суреттер мен сызбалар, рентген суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
оқушыларды түгендеу
құралдарын түгендету.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
1862 жылы Максвелл электромагниттік толқындардың бар болуы жөнінде болжам айтқан еді. Оның есептеуі бойынша олардың таралу жылдамдығы тең. Бұл факт жарықтың электромагниттік табиғаты жөнінде дәлел болады. Г.Герцтің тәжіребиелерінен кейін электромагниттік толқындардың жаңа жиіліктегі түрлері ашыла бастады. Электромагниттік толқындардың әртурлі диапазондары әртүрлі атауға ие болады, бірақ сулелердің табиғаты бір және олар бір-бірінен жиеліктерімен және толқын ұзындықтарымен ерекшеленеді. Бүгінгі сабағымызда тақырыптық маркетинг өткіземіз.
Маркетинг – ағылшын сөзі. «Маркет» - базар, яғни өзі өндіретін тауарын тарату, қолданылуы жөнінде жарнама беру. Енді кезекті фирманың менеджерлері мен мамандарына береміз.
Тақырыптық маркетинг
«Ақнұр» фотосалоны (фотоға түсіру, шығару процестерімен таныстырады).
«Оптика» сауда орталығы (жарықтың тоқындық қасиеттерімен таныстырады, жақыннан және алыстан көргіштік, көз туралы айтады).
«Құс фабрикасы» (инфрақызыл сәуле шығару туралы айтады).
«Суықтөбе» сауықтыру кешені. (ультракүлгін сәуле жайлы баяндайды).
«Рентген» диагностика орталығы.
«СТР» телеарнасы.
«Лазер» емдеу орталығы (лазерлер туралы мәлемет береді).
Менеджерлер мен мамандардың білімін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады:
Жарық кванттары немесе фотондар дегеніміз не?
Жауап: жарық бөлшектері.
Қандай құбылыс фотоэффект деп аталады?
Жауап: Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы.
Фотоэффект құбылысын кім, қай елдің ғалымы және қашан ашты?
Жауап: А.С.Столетов.1888 жылы 26 ақпанда.
Квант теориясының негізін салушы кім?
Жауап: неміс ғалымы Макс Планк
Планк тұрақтысының мәні неге тең?
Жауап: Һ=6,63 * 10-34Дж с.
Фотоэлементтер дегеніміз деген не?
Жауап: Құрлысы фотоэффект құбылысына негізделген құралдар.
Қандай құбылыстар люминессенция деп аталады?
Жауап: Суық жарқылдың сан алуан құбылыстары.
Фотохимиялық реакциялар деп қандай реакцияларды айтады?
Жауап: Жарық әсерінен болатын реакция.
Жарық порциясы энергияның формуласы қандай?
Жауап: E=hv.
Табиғи және жасанды жарық көздерін атаңдар?
Жауап: Табиғи жарық көздері – Күн, жасанды от, шырақтар, шамдар.
Жарықтың толқын ұзындығы неге тең?
Жауап: 4*10-7 – 8*10-7м.
Жарық жылдамдығы неге тең?
Жауап: С=3*108м\с.
Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Спектрді кім ашты?
Интерференция деген не?
Дифракция деген не?
Есеп./Р/№1110,159 бет
Үйге: №1110/Р/,3,4,5 есептерді шығару.
Бағалау.
Қортындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |