Құрметті ата-ана! /6-сынып/ 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Сіздің ұлыңыз /қызыңыз/Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте тәлім-тәрбие алуда. Сонымен қатар, сіздің ұлыңыз /қызыңыз/ білім алатын мектепте психологиялық қызмет жұмыс жасайды.
Психологиялық қызметтің мақсаты білім алушылардың психологиялық денсаулығын, хал-ахуалын, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасын реттеуге және сыныпқа, жалпы мектеп өміріне бейімделуіне ықпал жасайды.
Сол себепті, әр оқу жылының басында және оқу жылының өн бойында сіздің ұлыңыздан /қызыңыздан/ диагностикалық мақсатта кешенді тесттер немесе сауалнамалар алынады. Диагностикалық тесттер мен сауалнамалардың сіздің ұлыңыздың /қызыңыздың/ денсаулығына немесе жеке басына кері әсері жоқ. Оқушылармен психологиялық қызмет орталығының жұмыс жоспарын негізге ала отырып, тренингтер, топтық түзету-дамыту сабақтары, оқу процесіне кедергі келтіретін мәселелер болған жағдайда сынып жетекші сұранысы негізінде жеке түзету жұмыстары жүргізіледі.
Ұлыңыздың /қызыңыздың / заңды өкілі және жауапты тұлға ретінде, Сіздің келісіміңізді сұраймыз.
Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты анықтау: Д.Мореноның «Социометрия» әдістемесі
«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі
Проективті тест «Менің отбасым»
«НСВ -10» әдістемесі
«Менің ең жақсы күнім», «Менің ең жаман күнім» эссе
Топпен жүргізілетін түзету-дамыту сабақтары
Сұраныс бойынша жеке түзету-дамыту жұмыстары/қажет болған жағдайда/