Құрметті студенттер!
Жеке үй тапсырмасын (ЖҮТ) орындау алдында Органикалық егіншілік тақырыбының теориялық материалы сұрақтарымен танысуларын керек (Дәріс мәтінінен, силлабуста берілген әдебиеттер тізіміне кірген оқулықтардан, қосымшалардан, интернет және БАҚ материалдарынан).
Әр студент тапсырманы дербес орындап, нәтижелерін бір файлға сақтауы керек.
Тапсырманы өрнектеу: барлық жақтан шегірілім – 2,0, 14 шрифт Times New Roman, жол аралығы – бірге тең, абзац 1,5 см, мәтінді парақтың еніне тура орналастыру керек. Мысалдарды курсивпен белгілеңіз. Ең маңызды нүктелер қою түспен белгілеңіз.
Өтініш, материалды ұсынуда академиялық стилін ұстаныңыз, мәтінге иллюстрациялар қоймаңыз, смайликтерді қолданбаңыз, түсті шрифтпен түсті фонмен ештеңені белгілемеңіз. Жұмыс қазақ тілінде жазылуы керек.
Жұмыс баяндама түрінде өрнектеліп, көлемі кемінде 1,5 және 3 беттен аспауы керек.
Тақырып нөмірі студенттің топ тізіміндегі сыра нөмірі бойынша таңдалады.
ЖҮТ тақырыптары:
1 Органикалық егіншілікте ауыспалы егістер.
2 Органикалық егіншілікте ауыспалы егістердің экологиялық және экономикалық орны.
3 Органикалық егіншілікте аралық дақылдарының маңызы. Топырақ жапқыш дақылдары.
4 Бинарлық және қоспалы егістер.
5 Органикалық және дәстүрлі егіншілікте зиянды ағзаларды басқару стратегиясы, оның тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі.
6 Органикалық егіншілікте арамшөптермен күресу.
7 Органикалық егіншілікте зиянкестермен күресу.
8 Органикалық егіншілікте аурулармен күресу.
9 Органикалық егіншіліктегі селекция мен тұқым шаруашылығы: экологиялық және этикалық мәселелер.
10 Органикалық егіншілікте қолданылатын өсімдік сорттарының ерекшеліктері. Органикалық егіншілікте тұқым шаруашылығы.
11 ГМО – in vitro. Экологиялық және этикалық мәселелер.
12 Өтпелі кезең және оның ұзақтығы.
13 Кешенді және параллельді өндіріс.
14 Дәстүрлі ауыл шаруашылығының органикалыққа ауысуы. Құжаттық қамтамасыз ету.
Жоғарыда келтірілген барлық параметрлерді ескере отырып, өзіңіз жазған мәтінді мұқият оқып, түзетіңіз. Стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық және басқа қателер (бар болса) дұрыстаңыз. Жоғарыда көрсетілген жұмыстың мазмұны мен көлеміне қойылатын техникалық сұраныстар мен талаптарға назар аударыңыз.
Тапсырманы мұғалімге тексеріске тіркеңіз. Қажетті файлды жібергеніңізге көз жеткізіңіз. Егер сіз қате файл жіберген болсаңыз, «Редактирование» опциясын қолданыңыз, қажетті файлды жүктеп, маған қайтадан жіберіңіз
Еске саламын, тапсырма белгіленген мерзімнен кешіктірілмей жіберілуі керек. Тапсырма курс парағында MOODLE-ге жіберіледі (оны электронды пошта, WatsApp немесе басқа жолмен жіберудің қажеті жоқ). Тапсырманы белгіленген соңғы мерзімнен кешіктірмей жіберіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |