Құс жолы галатикасы шығу тарихы
Құс жолы галактикасын жерде айсыз қараңғы түнде жұлдызды аспанды бақылақағанда енді қылаң жолақ- Құсжолы жақсы көрінеді. Бұл Құсжолы деген ат ежелгі грек аңызнамасынан алынған. Ол аңыздың бірінде бас құдай Зевс ашу үстінде жұбайы Гера емізіп жатқан нәрестені жұлып алғанда, оның омырауынан аққан сүт аспанға шашыраған екен дейді. Құсжолының ақ жолағы төгілген сүтті еске түсіреді.
1609 жылдың аяғында Г.Галилей Құсжолын телескоппен бақылай жүріп, оның быжынаған өте көмескі жұлдыздардан тұратынын анықтады. Оның жұлдыздық құрылымы тіпті кәдімгі призмалы дүрбі арқылы да жақсы көрінеді.
Құс жолы жұлдыз сақинасы болып,аспан экваторына 63 градусқа жуық бұрышпен көлбей, аспан жарты шарларын орап жатыр. Көптеген астраномдардың бәрінен де бұрын В.Гершель,оның ұлы Дж.Гершель мен В.Я.Струвенің еңбектерінде анықталғандай екі жарты шардың барлық жұлдыздарының галактика деп аталатын үлкен жұлдызды жүйе құрайды. Оның жұлдыздарының басым көпшілігі Құсжолына шоғырланған.Біздің Күніміз де оның төңірегінде айналатын денелер мен бірге галактика құрамына енеді.
Құс жолы галактикасы құрылысы
Бүкіл Құс жолының ортасынан өтетін үлкен дөңгелекті галактика экваторы,ал оның жазықтығын түзушіні галактикалық жазықтық деп атайды. Галактика экваторынан 90 градусқа тең қашықтықтағы аспан нүктелері галактикалық полюстер деген атқа ие болды. Солтүстік галактикалық полюс Арыстан мен Сиыршы шоқжұлдыздарының аралығындағы көмескі жұлдыздардан тұратын Вероника Шашы шоқжұлдызында, ал Оңтүстік галактикалық полюс Кит шоқжұлдызына оңтүстіктен келіп қосылатын, көмескі жұлдыздардан тұратын Мүсінші шоқжұлдызында.
Құс жолының өзінде де жұлдыздар біркелкі орналаспаған. Дүрбімен қараған кезде-ақ Жетекші және Персей шоқжұлдыздары тұтастарында Құсжолы аса жарық емес және оның көмескі жұлдыздар едәуір көбейіп, олар байқалатындай қойыла түседі. Мерген шоқжұлдызы тұсында Құсжолы мейлінше жарық және жұлдыздардың тығыздығы сондай, көпшілігі дараланып,көрінбей,ғаламат жұлдыз бұлтын түзеді. Сарышаян шоқжұлдызы шекарасында орналасқан оның ірісі осылай: Мергендегі үлкен жұлдыз бұлты.
Мерген шоқжұлдызында Галактиканың жұлдыздарға аса бай орталық аймағы бар.Ал Жетекші және Персей шоқжұлдыздары бағытында — оның шеткі аймағы,демек, Күн жұлдыздық жүйенің ішкі жағында, оның орталығынан алыс орналасқан.
Галактиканың құрылымы мен оның аумағын зерттеу үшін дәл есеп керек. Алғаш рет оны В.Гершель орындады. Ол жұлдызды аспанның әр жеріндегі телескопқа көрінетін 1083 бөлімшесіндегі 14^m (миллион) -ге дейінгі жұлдыздардың санын есептеді. Осының негізінде ол 1785 жылы галактика құрылымының алғашқы сызбанұсқасын жасады. Одан кейінгі кезде, телескоптардың жетілдірілуіне байланысты, мұндай есептеулерді көптеген астраномдар,солардың ішінде В.Я.Струве жасады. Біздің жүзжылдықта жұлдызды аспанның фототүсірілімдері бойынша ең жарық жұлдыздан бастап 21^m-ге дейін жұлдыздарға есептеулер жүргізілген.
Ондай жұлдыздар екі миллиардқа жуық болып шықты. Бірақ бұл галактикаға енетін жұлдыздардың тек шағын бөлігі. Галактиканың нобайы мен аумағын өздерінің күшті жарқырауы нәтижесінде ғаламат қашықтықтан көрінетін бізден неғұрлым алыс асқын алып жұлдыздардың орналасуына қарап анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |