С. Мұратбеков «Қылау» әңгімесі мен О. Бөкей «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесі



Дата25.12.2016
өлшемі450,43 Kb.
#4742
түріСабақ


Мажинова Гүлүзім Боранбаевна.

Рыков атындағы орта мектептің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы,

Катонқарағай ауылы

С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесі мен

О.Бөкей «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесі.

(6-сынып)

Мақсаты:

А) Білімділік: С.Мұратбековтың «Қылау» және О.Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімелерінің ой-түйінін жан-жақты аша отырып, шығарма композициясын талдау,әңгімедегі тақырып ұқсастығына үңілу арқылы мазмұнын ашу.

Ә) Дамытушылық: Шығарманы талдау барысында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін арттыру, шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау, елестету қабілеттерін арттыру. Топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, өз ойларын жинақы жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды шығармадағы кейіпкерлерді бағалай білуге, кейіпкер бойындағы қарапайымдылыққа, адамгершілікке, жанашырлыққа жақсылық жасауға баулу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, сандықша, слайдтар.

Әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, талдау, көрнекілңк, сергіту ойындары.

Сабақ түрі: Білім бекіту

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Жоқ оқушыларды түгендеу.

б) Оқушы назарын сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері»
Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Міне, менің қолым,

Жылуыма жылу қос,

Көтерілді көңіл хош!

-Көңіл-күйіміз көтерілді ме? Ендеше, бір-бірімізге қолдау көрсетіп қояйық.

«Менің тілегім»

«Жақсы сөз жанды жылытады » дегендей, бүгінгі сабағымызға, бір-бірімізге, тобымызға деген жылы лебізімізді білдірейік. Сиқырлы сандықшаға тілектерін жазып салады.

Мен де сендерге өз тарапымнан аспандағы жұлдыздай әрқашан биіктен көріне беріңдер, көктегі күндей жарқырап, жүздеріңнен күлкі кетпесін, Алтай тауындай талаптарың таудай болсын дегім келеді.

Сыныпты автобустың және шананың суреттері арқылы топқа бөлемін.

Балалар, мен сендерді бүгін әр түрлі фигуралармен, гүлдермен, жұлдызшалармен емес, автобустың суреті мен шананың суреті арқылы топқа бөлдім. «Неге?» деп ойлайсыңдар? (Оқушы жауабы)

Ал, балалар мұнда назар салайық,

Жазушының әлеміне барайық.

Оралхандай ақиығы Шыңғыстың,

Еңбегінен ойдың нәрін алайық.

Мақсатымыз-шығарманы оқып, талдау,

Пікірлесіп, сырласып, ойды арнау

Әңгіме тақырыбын аша білсең,

Сендерге берер едім мен де қолдау.



І.Әңгімелердің оқиға желісін төмендегі сызба бойынша әңгімелейік.

«Қылау» әңгімесі

Оқиғаның басталуы: Сатайдың таңертеңгі тәтті ұйқысы

Оқиғаның байланысуы: Сатайдың жолға шығуы

Оқиғаның дамуы: Рәбиғаны алғаш кездестіруі

Шиеленісуі: Сатайдың қасқырға кез болуы

Шарықтау шегі: Сатайдың Рәбиғаны іздеуі

Шешімі: Балғын сезіммен Сатайдың үйіне келуі

«Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесі
Оқиғаның басталуы: Ауыл мен қала өмірі

Оқиғаның байланысуы: Нұрланның ұзақ жолға шығуы

Оқиғаның дамуы: Араймен танысуы

Шиеленісуі: Арайдың қасқырмен бетпе-бет кездесуі

Шарықтау шегі: Арайдың ажалы

Шешімі: Орындалмаған арман

ІІ. Балалар, экраннан ненің суретін байқап отырсыңдар?

Дұрыс, ұшақтың суреті. Кімнің шетелге, басқа елдерге ұшып барғысы келеді? Ендеше,бір сәт көз алдымызға елестетейікші. Ұшақпен қайда ұшатынымызды. Менің қолымдағы ұшақтардың қанатындағы сұрақтарға жауап берсеңдер армандарың орындалады.

1.Әңгіме неліктен «Қылау» деп аталған?

2.Әңгімедегі қай кейіпкер сізге ұнады? Несімен ұнады?

3.Нұрланның іс-әрекетін қалай бағалайсың?

4.Сатай мен әкесі арасындағы қарым-қатынасына сенің көзқарасың?

5.1936-2007 берілген сандар нені меңзейді? Сөйлет.

6.Шыңғыстай, Алматы, Дели берілген сөздерді сөйлет.



ІІІ. Көркем әдебиет-сөзбен салынған сурет. Көркем шығарманы оқи отыра кейіпкер іс-әрекетіне баға бере келіп, бойларыңда әр түрлі сезімдер пайда болады. Екі әңгімені оқу барысында өздеріңде байқалған психологиялық сезімдеріңді топтастырып жазып жіберейік.
Сүйсіну Аяушылық


Үрейлену Өкініш

Риза болу Қорқыныш




Сергіту сәті

ІV. «6 ойлау шляпасы» стратегиясы

Оқушылар өз таңдаулары бойынша шляпа таңдап, өз ойларын білдіреді.



V. Семантикалық карта

Кейіпкерлер

Сатай

Рәбиға

Нұрлан

Арай

Әкесі

- Әй, Сатай, тұр, балам, барып шананы алып қайт.
















Шіркін, адам өлмейтін болса, әйтпесе, күндердің күнінде өлесің де қаласың.
















Қайтарда келіңіз, аға, күтемін.
















- Менің атымды атап біреу сонша айғайлады, сен емессің бе?
















- Өмір деген ғажап – ау, кеше ғана мынау жалпақ жаhанда Арай есімді қыз барын білмеп едім.
















Маған десең жолбарыс, арыстаның түгел өріп жүрсінші!
















VІ.«Автор орындығы»

Автордың орнында сен болсаң, қалай аяқтар едің?



VІІ. Фразелогизмдерді айту арқылы әңгімелейді, қай оқиға желісі екенін табады.

1. Тұр-тұрдан хабар келсе,ұйқыдан маза кетер.

2. Төбе шашы тік тұрды-қорықты.

3. Сөз байласу-уәделесу.

4. Бармағын тістеді- өкінді.

5. Қабырғасы қайысу-қатты қиналу.

6. Ойы оңға, санасы санға бөліну- не істерін білмеу.

7. Он екіде бір гүлі ашылмаған- қыршын жас



VІІІ. « Кейіпкермен сырласу»

С және Н әріптеріне байланысты мақал-мәтел айтып жіберіңдерші.

Сатайға хат

Нұрланға хат

Қорытындылау: «Бес саусақ» стратегиясын толтырады.

Сандықшаны ашамыз.



Үйге: І деңгей: Әңгімедегі тұрақты сөз тіркестерін теріп жазып келу.

ІІ деңгей:Концептуалдық кесте толтыру



ІІІ деңгей: Әңгімеге байланысты сурет салу

Бағалау парақтарын жинап аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет